Сабақтың ортасы

Сабақтың мақсаты

  • Оқушылардың сөздік қорын арттыру және ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
  • Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау.
  • Ұқсас тақырыптағы мәтіндерден нақты үзінділерді салыстырып, жанрлық ерекшеліктеріне талдау жүргізу.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс

Информатика, әдебиет.

Көрнекіліктер мен құралдар

Суреттер, қима қағаздар, қос диаграмма, «Ақылдың алты қалпағы», «Қар кесегі» стратегиясы, интерактивті тақта.

Әдістер

Ой қозғау, сұрақ-жауап, салыстыру, бағалау, проблемалық оқыту.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру және психологиялық дайындық

Оқушылар бір-біріне қарап, бүгінгі күнге сәттілік тілейді.

Сынып түстер арқылы топтарға бөлінеді. Әр топ өз топ басшысын тағайындайды.

2) Қызығушылықты ояту (алдыңғы оқу)

«Шетелдік өнім» және «Қазақстанда жасалған өнім» тақырыбында (бесік туралы) бейнематериал көрсетіледі. Бейнематериалды көре отырып, оқушылар алдын ала берілген сұрақтарға жауап ойластырады.

Талқылауға арналған сұрақтар

  1. Бұл өнімдер қай жерде жасалған деп ойлайсыз?
  2. Бұл жаңалықтардың адам дамуына әсері бар ма?
  3. Мұндай өнімді ойлап табуға көп жыл қажет бола ма?
  4. Өнертапқыш болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болуы керек?

Кофе таяқшалары арқылы әр топ өз сұрағын таңдап алады. Сабақтың тақырыбы ашылып, мақсат хабарланады.

3) Сабақтың басы: ой шақыру

Топтар бір-біріне төмендегідей сұрақтарды қояды:

  • Осындай өнімдер Қазақстанда да өндіріле ме?
  • Ұялы телефон, өзі тербелетін бесік, робот-такси ата-бабамызда болған ба?
  • Қазақстанда аса дарынды өнертапқыштар бар ма?

Мұғалімнің түйіні:

Бүгін біз осындай өнертапқыш адамдардың еңбектерінің жемісімен танысамыз.

4) Сабақтың ортасы: мәтінмен жұмыс

2-тапсырма

Екі ұқсас мәтінді оқып, сөздікке сүйене отырып түсініңіз. Әр топ мәтін бойынша екі сұрақтан дайындайды.

1-мәтін: Бала бағатын білезік

Гаджет

Аса тиімді гаджеттердің бірі — Sikker білезігі болуы әбден мүмкін. Оның ерекшелігі: білезіктің бірі баланың қолына, екіншісі анасы мен әкесінің қолына тағылады. Bluetooth арқылы баланың хал-ахуалы туралы мәлімет ата-анаға білезіктің экранына шығып жеткізіледі. Соның арқасында олар баласының жағдайын үнемі бақылап, қажет болса дер кезінде көмек көрсете алады.

  • Баланың жүрек соғысын бақылауға мүмкіндік береді.
  • Ата-ана баланың дауысын естіп қана қоймай, онымен сөйлесе алады.
  • Базалық станция арқылы күні бойы қуаттандырылып отырады.

2-мәтін: Өзі тербелетін бесік

Өнертабыс

Астаналық өнертапқыш Серікбол Шәймардан өздігінен тербелетін бесік ойлап тапты. Баланың дауысына қарай іске қосылатын құрылғы дене қызуын және жаялықтың дымқылдығын өлшеп тұрады. Ол бұл бесікті жасауға 6 жыл уақыт жұмсаған.

Smart бесіктің өлшемдері

Ұзындығы
100 см
Ені
40 см
Биіктігі
60 см

Бесікте баланың жағдайын хабарлайтын бірнеше құрылғы бар: бірі — дене қызуын бақыласа, екіншісі — жаялықтың ылғалдылығын анықтайды.

Дыбыстық ескерту мысалдары:

  • «Балаңыз тоңып қалды»
  • «Балаңыз ауырып қалды»

Бесік тербелгенде қондырғыға енгізілген «Бесік жырын» қосуға болады. Smart бесік ата-анаға тек көмекші емес, сонымен бірге тәрбие құралы да бола алады.

Қар кесегі стратегиясы

1-топ 2-топқа екі мәтінге сүйене отырып сұрақ қояды (әрі қарай сұрақтар «қар кесегі» қағидасымен толықтырылып, күрделенеді).

3-тапсырма

Әр оқушы өз деңгейіне қарай тапсырмалардың бірін таңдайды.

1) Жанрлық талдау (жеке жұмыс)

Тақырыбы
Стилі
Жанры
Негізгі идеясы

2) Қос диаграмма арқылы салыстыру (топтық/жұптық жұмыс)

Екі мәтіннен нақты үзінділерді алып, ортақ және айырмашылық белгілерін жазыңыз. Білезік пен бесіктің артықшылықтарын көрсетіңіз.

3) «Ақылдың алты қалпағы» (топтық жұмыс)

  • Ақ қалпақ: фактілер, объективті ақпарат.
  • Қызыл қалпақ: сезім, эмоция.
  • Қара қалпақ: сыни талдау, ықтимал тәуекел.
  • Сары қалпақ: артықшылық, оң көзқарас.
  • Жасыл қалпақ: идея, мүмкіндік.
  • Көк қалпақ: қорытынды, шешім.

Қорғау

Әр топ өз тапсырмасын таныстырып, қорғайды.

Кері байланыс: ПОПС әдісі

1) Позиция

Менің ойымша, ...

2) Негіздеу

Мен мұны былай дәлелдеймін: ...

3) Дәлел

Дәлел ретінде мынадай мысалдар келтіремін: ...

4) Қорытынды

Осыған сүйене отырып, мынадай қорытындыға келдім: ...

Бағалау

Топ басшылары әр оқушыны жеткен жетістіктерін атап өтіп, бағалайды.

Үй тапсырмасы (деңгейлік)

  1. Мәтіннен синоним сөздерді тауып, бірнеше сөйлем құрастырып келіңіз.
  2. Мәтін бойынша диалог құрастырыңыз.
  3. Мәтінді мазмұндап, 4 зат есімге морфологиялық талдау жасаңыз.