Ұнады рахмет
Атырау облысы • Жылыой ауданы • Жаңа Қаратон кенті
№22 жалпы орта білім беретін мектеп ММ тәрбиешісі: Нурманова Күнзира Аққуановна
Желілі-рөлді ойын: «Шаштараз»
Бұл материалда балалардың қарым-қатынасын, өздігінен ойнау дағдыларын және мәдениетті мінез-құлқын дамытатын «Шаштараз» тақырыбындағы желілі-рөлді ойынның қысқа сценарийі ұсынылады.
Мақсаты
- Балалардың ойынға қызығушылығын арттыру.
- Өз бетінше ойнай білу қабілетін дамыту.
- Ойын үстінде өзін-өзі ұстай білу мәдениетіне баулу.
- Бір-біріне көмектесуге және жағымды қарым-қатынас орнатуға үйрету.
- Ойын жағдаятын құрастыру және қолдау.
Қажетті құралдар
- Айнасы бар үстел.
- Шаш үлгілері бар журналдар.
- Қайшы, әртүрлі тарақтар.
- Шаш қиюға арналған машинка, шаш кептіргіш.
- Шаш қыстырғыштар (түйреуіштер).
- Касса, чек, ақша, тиын.
- Бейджик, иіссу, сабынсу құтылары.
Рөлдер
Қатысушылар
- Екі шаштараз
- Үш клиент
- Бір кассир
Тәрбиешінің рөлі
Тәрбиеші шаштараздың меңгерушісі ретінде ойынның барысын ұйымдастырып, балаларға бағыт-бағдар береді.
Ойынның басталуы
Тәрбиеші
Балалар, қараңдаршы, бүгін бізге көп қонақ келіп отыр. Қане, бәріміз амандасайық.
Балалар
Сәлеметсіздер ме?
Тәрбиеші
Енді барлығың маған қараңдар. Қане, қол ұстасып «жылулық шеңберін» құрайық.
Бәрі бірге
Біз балдырған тең басқан,
Дос құшағын кеңге ашқан.
Тілегіміз — тыныштық,
Ашық болсын көк аспан.
Мықты болсын іргеміз,
Бәріміз де біргеміз.
Сұрақ-жауап арқылы тақырыпқа шығу
Тәрбиеші
Балалар, біз топта қандай ойын түрлерін ойнаймыз?
Балалар
Қимылдық, дидактикалық, ұлттық, желілі-рөлдік және басқа ойындар.
Тәрбиеші
Дұрыс. Ал бүгін қандай ойын түрін ойнаймыз?
Балалар
Желілі-рөлдік ойын.
Тәрбиеші
Желілі-рөлдік ойындардың қандай түрлерін білесіңдер?
Балалар
Дүкенші, асхана, дәрігер, шаштараз және басқа түрлері.
Тәрбиеші
Ал қазір қандай ойын ойнағыларың келеді?
Балалар
«Шаштараз» ойынын ойнаймыз.
Тәрбиеші
Бұл ойынға кімдер қажет?
Балалар
Шаштараз, шаш қидыртуға келетін аға-апалар (клиенттер) және кассир.
Сценарий: «Шаштараз» салоны
1-клиент: шаш қысқарту (Әсем)
Қызмет құны: 500 тг
Шаштараз
Сәлеметсіз бе? Сізге қандай көмек көрсете аламыз?
Клиент
Сәлеметсіз бе? Шашымды аздап қысқартқым келеді.
Шаштараз
Келіңіз, мына жерге отырыңыз.
Клиент
Шашым көп түседі. Соған қандай күтім жасауға болады?
Шаштараз
Мен сізге сабынсудың осы түрімен жууды ұсынамын. Бұл — Avon компаниясының пайдалы сусабыны.
Клиент
Рақмет! Пайдаланып көрейін.
Шаштараз
Дайын болды. Қалай, ұнады ма?
Клиент
Ұнады, рақмет!
Шаштараз
Мынаны алыңыз да, кассада есептесіңіз. Сау болыңыз, тағы да келіп тұрыңыз.
Клиент
Сау болыңыз!
Касса
Кассир: Сәлеметсіз бе? Сіз 500 теңге төлейсіз.
Клиент: Міне, алыңыз.
Кассир: Рақмет, сау болыңыз!
Клиент: Сау болыңыз!
2-клиент: шаш жұқарту (Тілек)
Қызмет құны: 300 тг
Клиент
Сәлеметсіз бе? Сіздер ерлердің шашын да қиясыздар ма?
Кассир
Әрине. Сол жаққа қарай өтіңіз.
Шаштараз
Сәлеметсіз бе? Сізге қандай көмек көрсете аламыз?
Клиент
Сәлеметсіз бе? Шашымды аздап жұқартқым келеді.
Шаштараз
Келіңіз, отырыңыз. Машинканың қай өлшемімен жұқартамыз?
Клиент
Мен әдетте №4 өлшемін қолданамын.
Шаштараз
Жақсы. Дайын болды, ұнады ма?
Клиент
Әрине, ұнады. Рақмет!
Шаштараз
Мынаны алыңыз да, кассада есептесіңіз. Сау болыңыз, тағы да келіп тұрыңыз.
Клиент
Сау болыңыз!
Касса
Клиент: Мынаны алыңыз.
Кассир: Сіз 300 теңге төлейсіз.
Клиент: Міне, алыңыз.
Кассир: Артық ақшаңыз. Сау болыңыз!
Клиент: Сау болыңыз!
3-клиент: шаш сәндеу (Амина)
Қызмет құны: 800 тг
Шаштараз
Сәлеметсіз бе? Сізге қандай көмек көрсете аламыз?
Клиент
Сәлеметсіз бе? Шашымды сәндетуге келдім. Осы көйлегіме қандай шаш үлгісі жарасады деп ойлайсыз?
Шаштараз
Жүріңіз, мұнда шаш үлгілері бар журналдар бар. Қарап көріңіз.
Клиент
Мен мына үлгідегідей сәндегім келеді.
Шаштараз
Жарайды, отырыңыз.
Клиент
Бүгін менің туған күнім. Соған дайындалып жатырмын.
Шаштараз
Олай болса, туған күніңіз құтты болсын!
Клиент
Рақмет! Бүгін ерекше әдемі болғым келеді.
Шаштараз
Әрине, шашыңызды өте әдемі етіп сәндеп беремін.
Шаштараз
Дайын болды. Қалай, ұнады ма?
Клиент
Рақмет! Маған өте қатты ұнады.
Шаштараз
Мынаны алыңыз да, кассада есептесіңіз. Сау болыңыз, тағы да келіп тұрыңыз.
Клиент
Сау болыңыз!
Касса
Кассир: Сәлеметсіз бе? Сіз 800 теңге төлейсіз.
Клиент: Міне, алыңыз.
Кассир: Артық ақшаңыз. Сау болыңыз!
Клиент: Сау болыңыз!
Қорытынды
Тәрбиеші
Балалар, ойынымыз аяқталды. Қалай, ойын сендерге ұнады ма?
Балалар
Ұнады.
Тәрбиеші
Онда кейінірек тағы да ойнаймыз. Ал қазір қонақтармен қоштасайық.
Балалар
Сау болыңыздар!