Аянға мінездеме беру

Тақырып

Сайын Мұратбеков — «Жусан иісі»

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Мәтіннің идеялық мазмұнын ашу, оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін дамыту.

Дамытушылық

Мағыналық талдау жасау машығын қалыптастыру, қисынды ойлау білігін жетілдіру.

Тәрбиелік

Төзімділікке, жігерлілікке тәрбиелеу.

Сабақ сипаттамасы

Сабақ түрі
Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, топтық жұмыс
Көрнекіліктер
Әлия мен Мәншүктің фотосуреттері, автордың суреті, автор туралы деректер, жусан суреті, интерактивті тақта.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру және қызығушылықты ояту

Оқушылар хормен айтады:

Сөйлетер сөзді шеберлеп,
Өзіңнің ана тіліңмін.
Байыптап жақсы оқысаң,
Негізгі менде білімнің.

2) Үй тапсырмасын тексеру (топтық жұмыс)

  • 1 Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың өміріне қысқаша шолу жасау.
  • 2 Әлияның ұстаздарының пікірлеріне сүйеніп, оған мінездеме беру.
  • 3 «Оқушы Әлия» мен «батыр Әлияның» арасындағы байланыс туралы пікір айту.

3) Жаңа сабақ: мағынаны тану

Автор туралы мәлімет

  • С. Мұратбеков — жазушы, аудармашы.
  • Туған жері: Талдықорған облысы, Қапал ауылы.
  • Өмір сүрген жылдары: 1936–2007.
  • Алғашқы әңгімелері: «Біздің ауылдың кештері», «Менің қарындасым», «Жабайы алма».
  • М. Горький атындағы Әдебиет институтында және ҚазҰУ-да білім алған.

Жусан туралы түсінік

  • Көпжылдық өсімдік, шала бұта.
  • Шөлді далада және таулы өңірлерде өседі.
  • Түрі: 81.
  • Жапырағы қауырсын тәрізді, гүлі сары.
  • Биіктігі: 10–60 см.
  • Мал азығы ретінде, сондай-ақ өнеркәсіп пен медицинада қолданылады.

4) Оқулықпен жұмыс

Мәтінді оқу және бөлімдерге бөлу

  1. Қу соғыстың зардабы
  2. Қаралы қағаз
  3. Әкені сағыну
  4. Қоштасу

Бөлімдер бойынша оқыту

Оқушылар мәтінді бөлімдерге бөліп, кезекпен оқиды. Әр бөлімнен кейін қысқаша талқылау жүргізіледі.

5) Шығарманы талдау: «Таза тақта» ойыны

  1. 1.Оқиға қай кезеңде болды?
  2. 2.Ұлы Отан соғысы балалардың өміріне қалай әсер етті?
  3. 3.Аян «қаралы қағазды» алған кезде не істеді?
  4. 4.Неліктен ол сыр бермей, жылымады?
  5. 5.Аян кеткеннен кейін балалардың көңіл күйі қандай болды?

6) Сөздікпен жұмыс

Аңызақ жел

Тым жылы әрі құрғақ жел.

Ышқыр қалта

Шалбардың бел тұсындағы ішкі қалта.

7) Ой толғау (топтық тапсырмалар)

I топ

Аянға мінездеме беру.

II топ

Егер автор болсаң, шығарманы қалай аяқтар едің?

III топ

Әңгімеден шағын көрініс көрсету.

8) «Даналық ағашы»

Оқушылар «1000 жылдық даналық ағашына» Аянға арнап хат жазып, іледі.

9) Сабақты қорытындылау

Негізгі ойлар жинақталып, шығарманың идеялық мәні мен тәрбиелік құндылығы талқыланады.

10) Бағалау

Оқушылардың топтық жұмысқа қатысуы, мәтінді түсінуі, талдауы және пікір айту белсенділігі негізінде бағаланады.