Жаулап алудың зардаптары

Тарих XIII–XIV ғ. Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы

Бұл сабақта оқушылар Монғол империясының қалыптасу тарихымен танысып, Шыңғысханның қазақ жеріне жасаған жорықтарының ауыр салдарын талдайды. Сонымен қатар басқыншыларға қарсы күрес, ұлыстардың құрылуы және тарихи деректермен жұмыс істеу дағдылары дамытылады.

Сабақтың мақсаты

  • Монғол империясының тарихын меңгерту.
  • Шыңғысхан шапқыншылығының себеп-салдарын және зардаптарын көрсету.
  • Ұлыстардың құрылуын түсіндіру, тарихи қорытынды жасауға үйрету.
  • Отанды қорғау, батылдық, ерлік және ұлтжандылық құндылықтарын тәрбиелеу.

Сабақ форматы

Технология
СТО (сын тұрғысынан ойлау)
Сабақ типі
Аралас
Әдістер
Топтық жұмыс, пікір алмасу, ассоциация, кластер, постер қорғау

Негізгі ұғымдар

«Монғолдың құпия шежіресі» Шыңғысхан Барунгар Жоңғар Құл Кешіктен Яса Құрылтай Жасақ Отырар опаты Ұлыс

Сабақтың барысы

Сабақ құрылымы оқушылардың қызығушылығын оятып, дерекпен жұмыс істетуге, талдауға және қорытынды жасауға бағытталған.

I

Ұйымдастыру

  • Тарихи тұлғалардың суреттері арқылы 3 топқа бөлу.
  • Бір-біріне тарихи тұлғалармен байланыстырып тілек айту.
  • Топ басшыларын анықтау, бағалау парағын тарату.

Сыныптық ұран

Бір-бірімізге тірекпіз,
Бірге соққан жүрекпіз.
Білімді жақсы аламыз,
Бәрімізге сәттілік тілейміз.

II

Үй тапсырмасын тексеру

«Тұлғалар туралы не білесіңдер?» сұрағы бойынша топтық жұмыс жүргізіледі.

1-топ

  • Әбу Насыр әл-Фараби (870–950 жж.)
  • Әбу Райхан әл-Бируни (973–1050 жж.)

2-топ

  • Махмуд Қашғари (1030–1090 жж.)
  • Жүсіп Баласағұни (1021–1075 жж.)

Сәйкестендіру тесті

  1. 1.Махмуд Қашғари — «Түркі тілдерінің сөздігі»
  2. 2.Ахмет Йасауи — «Даналық кітабы»
  3. 3.Жүсіп Баласағұни — «Құтадғу білік»
  4. 4.Ахмет Иүгнеки — «Ақиқат сыйы»

Үй тапсырмасынан кейін сабақ жаңа тақырыпқа логикалық түрде көшеді.

III

Қызығушылықты ояту

  • Тақырыпқа кіріспе ретінде бейнематериал көрсетіледі.
  • Жұмбақ пен кілт сөздер арқылы тарихи тұлғаны анықтап, сабақ тақырыбын ашу.

Болжам тренингі (кілт сипаттама)

Адамзат тарихындағы ең ұлы жеңімпаздардың бірі. Өз дәуірінің саясаткері әрі әскери ұйымдастырушысы. Бүкіл әлемді дүр сілкіндірген атақты Монғол империясының негізін қалаушы.

Оқушылардың болжамдары жинақталып, сабақтың тақырыбы бекітіледі: Монғолдардың қазақ жерін жаулап алуы. Сабақ барысында оқушылар Монғол империясының басқыншылық саясатының зардаптарын түсініп, алған білімін талдау және дәлелдеу жұмыстарына қолданады.

IV

Жаңа сабақ жоспары

  1. 1.Монғол империясының құрылуы
  2. 2.Монғол империясының қоғамдық құрылысы
  3. 3.Монғолдардың Қазақстанды жаулап алуы
  4. 4.Жаулап алудың зардаптары
  5. 5.Ұлыстардың құрылуы
V

Жаңа тақырыпты меңгерту

Тақырып электронды оқулық және алдын ала дайындалған презентация арқылы түсіндіріледі. Оқушылар негізгі даталар мен ұғымдарды дәптерге тіркеп отырады.

Монғол империясының құрылуы

Монғол империясының негізін қалаушы Темүжін 1155 жылы Монғолиядағы Кендітау өңірінде, Онон өзенінің бойындағы Болдоң деген жерде дүниеге келген. Темүжін 9 жасқа толғанда, әкесі Есугей батырды татарлар қастандықпен өлтіреді. 1206 жылы өткен құрылтайда Темүжін хан болып сайланып, Монғол империясының негізі қаланады.

Мағынаны ажырату: топтық тапсырмалар

1-топ

96–97-бет: Монғол империясының қоғамдық құрылысы.

Нәтиже: кластер құру, постер қорғау.

2-топ

97–98-бет: Монғолдардың Қазақстанды жаулап алуы.

Нәтиже: ассоциация жасау, көрініс көрсету.

3-топ

Жаулап алудың зардаптары.

Нәтиже: топтастыру, қорытындылау.

Отырар тақырыбын сахналау

Музыка сүйемелдеуімен М. Шахановтың «Отырар» өлеңі қолданылады. Отырар қаласының макеті арқылы қаланың өртенуі бейнеленіп, тарихи оқиғаның трагедиялық сипаты талқыланады.

Ұлыстардың құрылуы

Шыңғысхан жаулап алған жерлерін төрт ұлына бөліп береді. Қазақстан аумағы оның үш ұлының қол астына қарады. Бөліп берілген иеліктер ұлыс деп аталды.

1-топ

Жошы ұлысы: мәтінді оқу, картадан көрсету.

2-топ

Шағатай ұлысы: мәтінді оқу, картадан көрсету.

3-топ

Үгедей ұлысы: мәтінді оқу, картадан көрсету.

Ой толғаныс

  • Эссе: «Шыңғысхан — қатыгез жаулаушы» немесе «Азияны Шыңғысхан өзгертті».
  • Постер: «Шыңғысхан тұлғасын неге ұқсатуға болады?»
VI

Қорытынды, рефлексия және бағалау

Рефлексия сұрақтары

  • Бүгінгі сабақтан болашаққа қандай ой түйдіңдер?
  • Не ұнады?
  • Не қиын болды немесе ұнамады?

Оқушылар жауаптарын стикерге жазып, кері байланыс ретінде тапсырады.

Бағалау

Әр оқушы өзін-өзі бағалайды. Нәтижелер «Білім шыңы» плакатына белгі ретінде жапсырылады.

Үй тапсырмасы

Жошы ұрпақтары туралы қосымша мәлімет жинастыру.