Міржақып Дулатов кім

Сабақтың мақсаты (Әдебиеттік оқу, 4-сынып)

Бұл сабақта оқушылар Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығына қысқаша тоқталып, оқулықтағы «Шешенің балаларын сүюі» өлеңін жан-жақты талдау арқылы тақырыбы мен идеясын ашады.

Білімділік

Ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, өлеңді талдау арқылы тақырыпты ашу.

Дамытушылық

Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, шығармашылыққа баулу, ойды еркін әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.

Тәрбиелік

Ананы сүюге, қадірлеуге, қастерлей білуге тәрбиелеу; перзенттік парыз ұғымын нығайту.

Сабақтың форматы мен ресурстары

Сабақ түрі
Жаңа тақырыпты меңгерту
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, талдау, СТО стратегиялары
Көрнекіліктер
Тірек-сызба, М. Дулатов портреті, слайд-суреттер
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі, музыка, Қазақстан тарихы

Топтық жұмыс мақсаты: оқушылар ынтымақтастықта жұмыс істеп, ой бөліседі; өлеңді талдап, салыстырады; пікірін дәлелдеп жауап береді.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу, түгендеу.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Психологиялық дайындық

Сәттілік біздер тілейік,
Мен саған, сен маған.
Күндей күліп жүрейік,
Күннің нұрын төгейік,
Мен саған, сен маған.

III. Үй тапсырмасын тексеру

Тапсырма: Асқар Дулатовтың «Аяулы Жақаң» мәтінін оқып, мазмұнын айту (3–4 оқушы).

«Кубизм» әдісі бойынша сұрақтар

  1. Естелікті кім жазған? (Асқар — Міржақыптың ағасы.)
  2. Мәтінге сүйеніп, Міржақыпты сипаттаңдар:
    • Денесі тығыршықтай жұмыр.
    • Бойы аласалау.
    • Киімі таза, жинақы.
    • Қимылы шапшаң.
    • Үздік оқуы, өжеттігі, ізденімпаздылығы байқалады.
  3. Алғашқы кітабының «Оян, қазақ!» деп аталуының себебі неде?

    Ақын бұл жинағында елін өнер-білімге шақырып, қазақтың басқа жұртпен терезесін тең етуді, іргелі ел болуын армандады.

  4. М. Дулатов нені армандаған?
  5. Газет беттеріндегі жазбаларын ұнатқан екі тұлға кімдер?

    Ахмет Байтұрсынов және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханов. Міржақыптың үлкен арманы — осы екі аға тұлғамен жүздесу.

IV. Қызығушылықты ояту

Үш әріптен тұратын,
Есімі оның тұрақты.
Оңға оқы, солға оқы —
Өзгермейді еш одан.
«Күнім», «жаным» дейтұғын,
Айтыңдаршы, ол кім?

Жауабы: Ана

V. Топтастыру стратегиясы: «Ана деген кім?»

Оқушылар «Ана» сөзіне қатысты ассоциациялар тізбегін құрастырады:

Қамқоршы Дос Ұстаз Жарық өмір сыйлаушы Жанашыр Ақылшы Мейірімді жан Пана Аяулы жан

VI. Мағынаны ажырату: жаңа тақырып

Бүгінгі сабақ ана тақырыбына арналған. Біз М. Дулатовтың «Шешенің балаларын сүюі» өлеңімен танысамыз.

Автор туралы қысқаша мәлімет

  • Қостанай өңірінен шыққан тұлға.
  • Жазушы, драматург, қазақ ақыны.
  • Ағартушы-педагог, Алаш қозғалысының қайраткері.
  • ХХ ғасыр басындағы қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көрнекті өкілі.
  • Қазақ халқының бостандығы үшін күрескен ақын.
  • «Оян, қазақ!» жинағында халықты білімге, оқуға, теңдік үшін күресуге шақырады.
  • Балаларға арнап табиғат пен адамгершілік тәрбиесі туралы шағын әңгімелер мен өлеңдер жазған.

VII. Мәтінмен жұмыс

  • Өлеңді мұғалім мәнерлеп оқиды.
  • Оқу кезінде күй әуені қосылып, интерактивті тақтадан суреттер көрсетіледі.
  • Талқылау: өлең кім туралы? Бала үшін өмірдегі ең ардақты жан — ана туралы.

VIII. Сөздік жұмысы

«Көз жасын көлдету» — қатты жылау.

IX. Топтық талдау: өлең мазмұнын ашу

Әр топ өлеңнің бір шумағын оқып, мазмұнын түсіндіреді және талдайды.

Өлеңде ана махаббатының тереңдігі суреттеледі: бала жақсы болса — қуанады, еріншек болса — уайымдайды; баласы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, оның жетістігіне мақтанады. Ақын ананың мейірімі мен ыстық ықыласын жыр етеді.

X. Әдебиет теориясы: «Арнау»

Арнау — бір адамға, көпшілікке немесе табиғат құбылысына тікелей қайырыла сөйлеу. Арнау кейде лепті, кейде сұраулы сөйлем түрінде келеді.

Бұл сабақта: сұрау арнау.

XI. Проблемалық сұрақтар (пікіралмасу)

  1. Ақын өлеңді кімге арнаған?
  2. Баласының қуанышына қуанып, қайғысына күйетін кім?
  3. Ана қай кезде «көз жасын көлдетеді»?
  4. Қоғамға қарттар үйі қажет пе?
  5. Қарттар үйі болмауы үшін не істеу керек?

XII. Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады.

XIII. Топтық жұмыс тапсырмалары

1-топ

Ана туралы мақал-мәтелдер айтады.

2-топ

«Менің анам мені еркелетеді» тақырыбында қысқа мәтін құрастырады.

XIV. Ой қозғау (ұжымдық шығармашылық тапсырма)

Берілген үлгі бойынша бос орындарды толтырыңдар:

______________ данасың, анашым.
______________ панасың біздерге.
______________ баласын аялап,
______________ анашым өсірген.

XV. Ой толғаныс: «Бес жолды өлең»

  • Зат есім: Ана
  • Сын есім: мейірімді, сұлу, айдай
  • Етістік: өсіреді, мәпелейді, еркелетеді
  • Сөйлем: Ананы сыйлау керек.

XVI. Бекіту (қорытынды түйіндер)

Авторы
М. Дулатов
Тақырыбы
Ананың баласына деген махаббаты
Идеясы
Ананың бар арманы, өмірінің мәні — баласының амандығы.
Түрі
Сұрау арнау

Тәрбиелік мәні: балаға ана қадірін ұғындыру; ананы сүюге, қамқор болуға, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.

XVII. Шығармашылық бөлім

«Аялы алақан»

Оқушылар аналарының сол қолын қағазға айналдыра сызып, қиып әкеледі. Алақан таңбасына анаға арналған ең жылы тілектерін жазады.

«Ана» сөзінің кілті

А — дамның
Н — ағыз
А — сылы

XVIII. Қорытындылау

Ана туралы толғанбаған жан кемде-кем. Данышпан да, ғалым да, хан да, қара да ана алақанынан түлеп ұшады. «Пейіш ананың табанының астында» деген сөз тегін айтылмаған. Демек, дүниеде ана алдындағы парызды толық өтеу мүмкін емес. Сондықтан анамызды құрметтеуді азаматтық міндет деп ұғынып, сабақ соңында «Анашым» әнін орындаймыз.

XIX. Кері байланыс

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерімен бөліседі.

XX. Үй тапсырмасы

  1. М. Дулатовтың «Шешенің балаларын сүюі» өлеңін жаттау.
  2. «Менің аяулы анам» тақырыбына шағын шығарма жазу.

XXI. Бағалау

Топ басшылары бағалау парағы бойынша топ мүшелерін өзара бағалайды.