Амангелді батырым
Мақсат пен міндеттер
Сабақтың мақсаты — Амангелді Имановтың өмірі мен ерлігі туралы мазмұнды мәлімет беру, оқушылардың азаматтық көзқарасын қалыптастырып, көркем мәтінді талдау дағдыларын дамыту.
Білімдік
А. Имановтың өмірі мен ерлігі туралы мағлұмат алады.
Тәрбиелік
Елін сүю, батылдық пен батырлық ұғымдарын сезіну және құрметтеу.
Дамытушылық
Көркем сөздерді нақты анықтап, мәтін мазмұнын жүйелі жеткізу.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Үй тапсырмасын тексеру.
- «Махамбет пен Жақия» әңгімесі бойынша түсінігін анықтау.
Талқылау бағыттары
- Жақияның алғашқы соғысы
- Махамбеттің ақылы
- Батырдың ерлігі
I. Қызығушылықты ояту
«Ой қозғау» әдісі арқылы сөзжұмбақ шешіп, өткен тақырыптармен байланыс орнатылады.
Сөзжұмбақ сұрақтары
- Қаракерей
- Исатайдың серігі
- Жақияның әкесі
- Исатайдың тұлпары
- Қанжығалы
Тарихи-танымдық сұрақтар
- Ағыбай батыр заманындағы хан
- Қабанбай, Бөгенбай батыр заманындағы хан
- Қорғансыз, есеңгіреген халықтың түскен күйі
- Исатай, Махамбет батырлар заманындағы хан
II. Мағынаны тану
Нұрпейіс Байғанин туралы
Нұрпейіс Байғанин (1860–1945) — халық ақыны, жырау, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ақтөбе облысының Темір ауданында (қазіргі Байғанин ауданы) туған. 17 жасынан бастап танылып, белгілі ақындармен айтысқа түсіп, жиі жеңіске жеткен. Кейін есімі Оңтүстік Орал, Сырдария бойы мен Түркменстан өңіріне дейін кең тараған.
Ақынның жырлау мәнерінде «Құбығұл», «Төрехан», «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Алпамыс», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» сияқты нұсқалар кең орын алады.
Бүгінгі сабақта Н. Байғаниннің «Амангелді батырым» өлеңімен танысамыз.
Амангелді Иманов туралы
Амангелді Үдербайұлы Иманов (1873–1919) — қазақ халқының батыры. Торғай уезі Қайдауыл болысының 3-аулында кедей шаруа отбасында дүниеге келген. 7 жасында әкесінен, бес жылдан кейін анасынан айырылып, жастайынан жетім қалады. Ауқатты адамдарға жалданып жүріп, еңбекші халықтың ауыр тұрмысын, қайғы-қасіретін көреді.
- 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі.
- Иман батыр Дулатұлының немересі.
1938 жыл: «Ленфильм» киностудиясында қазақтың тұңғыш көркем фильмі — «Амангелді» түсірілді.
Оқулықпен жұмыс
- «Амангелді батырым» өлеңін оқу және мазмұнын түсіндіру.
- Мәнерлеп оқу.
- Іштей оқу.
Сергіту сәті
Батыр туса — ел ырысы,
Жаңбыр жауса — жер ырысы.
Әдебиет үйірмесі (топтық жұмыс)
Іздеуші топ
Сөздердің мағынасын ашу: «қалың ел», «езілген ел».
Бейнелеуші топ
Ақын батырдың ерлігін қалай суреттейді? Мәтіннен дәлел келтіру.
Сөз тапқыш
Батырлық пен ерлік туралы мақал-мәтелдер айту.
«Сауаттылықты ашатын хаттар»
Оқушылар жазба жұмысы арқылы кейіпкерді түсінуін тереңдетеді. Әр топ өз жұмысын «автор орындығына» отырып оқиды.
- Кейіпкерге хат жазу.
- Кейіпкер атынан хат жазу.
- Кейіпкерді сипаттап жазу.
III. Ой толғау
Блум таксономиясы мен сұрақтар стратегиясы арқылы білімді бекіту, талдау және пайымдау жүргізіледі.
Жіңішке сұрақтар
- Амангелді кім? — Халық батыры.
- Ол қай жылы дүниеге келген? — 1873 жылы.
- Қандай көтерілістің ұйымдастырушысы? — Ұлт-азаттық көтерілістің.
- Көтеріліс қашан болды? — 1916 жылы.
- Амангелдінің әкесі кім? — Үдербай.
Жалпақ сұрақтар
- Өлеңде автор халықтың жағдайын қалай сипаттайды?
- Амангелді батырды ақын қалай суреттейді?
- Дұшпандар қалай бейнеленген?
- Амангелді батырдың жауға шапқанын қысқаша әңгімеле.
- А. Имановтың өмірі туралы тағы не білесің?
Үй тапсырмасы және бағалау
Үйге тапсырма
- «Амангелді батырым» өлеңін жаттау.
- Сурет бойынша әңгіме құрау.
Бағалау
Оқушылардың белсенділігі, мәтінді түсінуі, топтық жұмысқа қатысуы және жауаптарының нақтылығы бойынша бағаланады.