Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру
Наурыз келді, жайдары
Бұл ертеңгіліктің негізгі мақсаты — балаларға Наурыз мерекесінің мәнін түсіндіру, халқымыздың салт-дәстүрімен таныстыру, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге және әдет-ғұрыпты сақтауға тәрбиелеу. Сонымен бірге балалардың қиялын, қызығушылығын және тіл байлығын дамыту көзделеді.
Ертеңгіліктің барысы
Зал іші мерекеге сай безендіріледі. Балалардың көңіл күйін көтеріп, Наурыздың шуақты атмосферасын сезіндіру үшін ұлттық нақыштағы әшекейлер, көктем белгілері, гүлдер мен ою-өрнектер қолданылады.
Жүргізушінің құттықтауы
Армысыздар, ардақты әлеумет! Жер ананың тоң кеудесі жібіп, Самарқанның көк тасы еріген қасиетті Наурыз айы туған шақта, амалдықпен қайта қауышқан күніміз құтты болсын! Наурыз елімізге құт-береке әкелсін!
Олай болса, бүгінгі Наурыз мерекесінің шымылдығын әнмен ашайық.
Ата мен әженің келуі
Ата
Бәйбіше-ау, мына маңнан балалардың жарқын-жарқын дауыстары естіледі. Той болып жатқанға ұқсайды ғой.
Әже
Солай сияқты. Біз де барып тамашалайық.
Жүргізуші
Қош келдіңіздер, ата, әже! Бүгін бүлдіршіндер Наурыз тойын қарсы алуға жиналды. Мерекемізге сіздер де қош келдіңіздер. Балалардың өнерін тамашалап, Наурыздың мән-мағынасын түсіндіріп, ақ баталарыңызды беріңіздер.
Балалардың тақпақтары
Перизат
ТақпақАта-бабам тойлаған, Наурызым, армысың?
Қызығына тоймаған, дархан дала, қарлы шың.
Қауыша алмай қанша жыл, қалдық сенен адасып,
Сағынды қыз, аңсады ұл — төрле, есік бәрі ашық.
Мерекені байырғы алды халқым қабылдап,
Ақ дастархан жайылды, ошақта от жалындап.
Шыңғыс
ТақпақПришел весенний праздник!
Кто не слышал — слушайте,
Кто не видел — смотрите!
Праздник Наурыз начинается!
Көрініс: «Алтын сақа»
Бұл бөлімде балалар «Алтын сақа» ертегісі бойынша шағын сахналық қойылым ұсынады. Көрініс арқылы достық, тапқырлық және бірлік құндылықтары айқын көрсетіледі.
Дауыс
Ешкінің маңыраған дауысы естіледі.
Шал
Шек-шек, ей, кебенек келгір! Мына ешкілер әбден мазамды алды. «Қой бақтым — қоңырау тақтым, ешкі бақтым — еңіреп бақтым» деген осы екен ғой. Уһ, әбден шаршадым, дем алайыншы…
Мыстан кемпір
Әп, бәлем, қолыма түстің бе?
Шал
Ойбай, ойбай, жіберші! Қылғынып барамын!
Мыстан кемпір
Сен маған не бересің?
Шал
Бір отар қой беремін.
Мыстан кемпір
Жоқ, маған қой керек емес. Балаңды бер, әйтпесе жібермеймін.
Шал
Жарайды… Жалғыз Әмірхан деген ұлым бар еді, соны ал.
Шал
Баламның жақсы көретін алтын сақасы бар. Оны саған беріп кетейін. Бала алтын сақасын іздеп келгенде, өзің ұстап аларсың. Міне, алтын сақа.
Ойын: «Асық ату»
Әмірхан балаларды асық ойнауға шақырады. Ойын қыза түскен сәтте, ол алтын сақасын таба алмай қиналады.
Әмірхан
Балалар, алтын сақамды таба алмай жатырмын. Әкемнен сұрап келейін.
Шал
Балам-ау, ешкілерді жайып жүрген жерде түсіп қалған болар. Анау тау-тасқа барып, іздеп кел. Мүмкін табылар.
Әмірхан
Апа, анау сақамды алып беріңізші?
Мыстан кемпір
Ой, балам, мен отырсам — тұра алмаймын, тұрсам — отыра алмаймын. Өзің ала ғой.
Әмірхан еңкейіп сақаны ала бергенде, Мыстан кемпір оны қағып алып ұстап қалады.
Қыздар
Әмірхан! Әмірхан! Қайдасың?
Мыстан кемпір
Әмірхан керек болса, менің көңілімді көтеріп, би билеп беріңдер.
Мыстан кемпір
Ой, рахмет! Көңілім көтеріліп қалды.
Ойын: «Күш сынаспақ»
Мыстан кемпір ұлдардың күшін сынайды. Балалар ұйымшылдық танытқанмен, ол Әмірханды бірден босатпайды.
Қыз
Апа, мынау — ұялы телефон. Мұнымен барлық жермен сөйлесе аласыз, суретке түсіресіз, ән тыңдайсыз, ойын ойнайсыз.
Мыстан кемпір
Кәне, әкел, көрейін.
Мыстан телефонға алаңдап бұрылып кеткен сәтте, қыздар Әмірханды босатып алып шығып кетеді.
Мыстан кемпір
Әй, тоқтаңдар! Алло, Таусоғар, Желаяқ, қайдасыңдар? Аналарды ұстаңдар!
Қорытынды ой
Міне, балалар, бәріміз бірігіп досымызды құтқарып қалдық. Әрқашан бір-біріңе қамқор болсаңдар, кез келген қиындықты да жеңуге болады.
Салт-дәстүрмен танысу
Наурыз — тек көктемнің келуі емес, ұлттық болмыс пен дәстүрдің жаңғыратын шағы. Осы орайда ата мен әже балаларға қазақтың өмірлік ғұрыптары туралы әңгімелейді.
Ата
Қазақ халқы үлкенін сыйлаған, салт-дәстүрін қадірлеген халық. Бала өмірге келген күннен бастап, оның өмірі той-думанға толы болады: бесік той, қырқынан шығару, тұсау кесу, сүндетке отырғызу.
Әже
«Көп естігеннен бір көрген артық» демей ме? Балаларға немереміздің қырқынан шығару және қарын шашын алу дәстүрін көрсетсек қалай болады?
Дәстүр: «Қырқынан шығару»
Бала дүниеге келген соң қырық күн толғанда, оның қарын шашы алынып, қырық қасық суға шомылдырылады. Қарын шашын алу — ауылдың үлкендеріне жол-жоралғы ретінде ұсынылады. Ал баланы шомылдыру құрметі көбіне көпбалалы, абыройлы аналарға жүктеледі.
Рәсімнің негізгі қадамдары
- Алдымен тырнақтары мен қарын шашы алынады.
- Содан соң бала қырық қасық суға шомылдырылады.
- Суға күміс білезік, сақина, теңге секілді бұйымдар салынады.
Мағынасы мен ырымдары
- Баланы шомылдырған суға күміс салу — тазалық пен берекенің нышаны.
- «Ит көйлек» көптен бала күткен әйелге «саған да жұғысты болсын» деп ұсынылады.
- Ит көйлекке тәтті салып, ауыл балаларына қудырту — қуаныш пен молшылықтың белгісі.
Осылайша ән айтылып, ақ тілек айтылып, мерекенің сәні мен шаттығы жалғасын табады.
Автор туралы мәлімет
Атырау қаласы, МКҚК №29 «Нұрсая» бөбекжай-балабақшасы. Саз жетекшісі: Жайлашева Динара Жаңабайқызы.