Наурыз меркесі

Наурыз мерекесінің мақсаты

Наурыз мерекесінің басты мақсаты — қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптей отырып, балалардың шығармашылығын дамыту және патриоттық тәрбие беру. Бұл мереке — жаңару мен бірліктің, мейірім мен татулықтың нышаны.

Хабаршы Мансұрдың сүйіншісі

Мансұр: Сүйінші! Сүйінші! Сүйінші! Көктем келді! «Болашақ» балабақшасының Наурыз тойы басталды! Естімегендер естіңдер! Тойдан қалып қоймаңдар!

Жүргізушінің құттықтауы

Жүргізуші: Келіңіздер, Наурыз тойға бәріңіз бүгін, аямас бүлдіршіндер ән мен жырын. Тойлайық халық тойы — Наурызымды, шуағын жерге төккен бақыт күнін.

Келіңіздер, Наурыз күнін қарсы алайық, билейік, жыр жырлайық, ән салайық. Қаһарлы қыстан өтіп Наурыз келді, арқаңды кеңге салшы, уа, халайық!

Құрметті қонақтар! Алыстан артып келсең айран ұсынып, қонақ десе құрт-майын сақтаған абзал әжелер, күлкісі әсем аналар мен жеңгелер, жарқын жүрісі мен қылығымен сүйсінткен аяулы апа-сіңлілер, ұстаздар мен балалар! Төл мерекеміз Наурыз мейрамы құтты болсын!

Жүргізуші (орыс тілінде)

Ведущий: Здравствуйте, дорогие гости! Здравствуйте, дети! Поздравляем вас с наступающим праздником Наурыз. Желаем здоровья, счастья и процветания. Мы начинаем наш праздник.

Ән: «Наурыз — біздің жаңа жыл»

Ведущий: Дорогие гости, ребята! Сегодня мы собрались в этом зале в честь праздника Наурыз — древнего и любимого всеми праздника, праздника обновления жизни на земле.

Тақпақтар: Наурыз туралы жүректен шыққан сөз

Мерекелік кештің көркін ашатын — балалардың өлеңі. Әр жолынан көктемнің лебі, жақсылықтың үні сезіледі.

Мансұр

Уа, ағайын халайық! Мұнда назар салайық. Мерекесі халықтың — Наурыз тойын бастайық!

Илья

Наурыз — это праздник веселья,
Наурыз — это праздник весны.
Наурыз — это праздник цветения,
Наурыз — это праздник любви.

Айсулу

Наурызды халқымыз жыл басы санайды.
Көнермей салтымыз көп елге тарайды.

Артём

С Наурызом поздравляем мы сегодня всех людей.
Счастья, радости желаем и весенних тёплых дней.

Алия

Наурыз тойым құтты болсын, қалайық!
Қане, достар! Шырқап әнге салайық!

Вероника

Пришел Наурыз — весна пришла,
И сразу наша земля расцвела.
Все рады празднику вокруг,
И каждый здесь — и брат, и друг.
Согретые солнцем и теплом,
О Наурызе песню мы поем.

Ән: «Наурыз — біздің жыл»

Ведущий: Мы здесь сегодня собрались, чтоб встретить праздник — Наурыз! Улыбки, шутки, звонкий смех пусть радуют сегодня всех!

Возьмемся за руки, друзья, ведь мы — единая семья: татарин, русский и казах, литовец, немец и поляк. За нашим праздничным столом мы вместе песни запоем!

Всем угощенья хватит здесь — входите, не стесняйтесь! Придёт к вам лишь благая весть — от счастья улыбайтесь!

Әженің ақ батасы және Наурыздың мәні

Көрініс: Әже келеді

Әже: Сәлеметсіздер ме, балалар! Наурыз мерекесі құтты болсын! Осы мейрам әр шаңыраққа бақыт, табыс, шаттық әкелсін. Әр күндерің жақсы болсын, ақ мол болсын, төрт түлігің ақты болсын, қайда барсаң жол болсын.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, әже! Қандай жақсы болды — сіздің мерекемізге келгеніңіз. Әже, Наурыз мерекесі туралы айтып беріңізші.

Наурыз — Жаңа жыл

Әже: Наурыз — біздің Жаңа жыл мерекеміз. Бұл күні түн мен күн теңеледі. Адамдар бір-бірін құттықтайды, ренжіскендер кешірім сұрап, татуласады, бір-біріне қонаққа барады. Дастархан жайылып, береке артады.

Наурызда Наурыз көже пісіріледі, бауырсақ, тәттілер мен жемістер қойылады. Мерекеде түрлі ойын-сауық, салт-дәстүр көріністері ұйымдастырылады.

Дәстүр: Тұсау кесу

Тұсау кесу — бала тәй-тәй басып, жүре бастағанда жасалатын қуанышты дәстүр. Ел ішінде «тұсауы кесілмеген бала көп сүрінеді» деген наным бар. Бұл рәсім қыз балаға да, ұл балаға да жасалады.

Мағынасы мен ырымдары

  • Тұсау көбіне шөппен, ала жіппен немесе малдың тоқ ішегімен кесіледі.
  • Ниет — баланың жолы ашық болып, жүрісі нық, қадамы берік болсын деген тілек.

Маңызды ескерту: қалай кескен дұрыс?

Қазір кей жерде тұсауды қайшымен кесіп жатады. Алайда қазақ ұғымында «қайшылану» — жақсылықтың белгісі емес. Сондықтан «баланың өмір жолы қиылып қалмасын» деген ниетпен тұсауды қайшымен емес, пышақпен кескен.

Бала жүре бастаған кезде шағын той жасалып, үлкендер ақ тілегін айтып, тұсау кесу рәсімі орындалады.

Қорытынды

Наурыз — табиғаттың жаңаруы ғана емес, жүректердің де жаңғыруы. Бұл күн — татулыққа шақырып, дәстүрді ұлықтап, балаларға ізгілік пен елжандылықты дарытатын мереке.