Сәкен Сейфуллин Сыр сандық өлеңі

Сабақтың тақырыбы

Сәкен Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңі.

Мақсаты

  • Ақын Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығына қысқаша тоқталып, оның лирикалық әлемін, соның ішінде «Сыр сандық» өлеңінің мәнін және ішкі нәзік сезім иірімдерін ұғындыру.

  • Оқушыларды өлеңнің ішкі сазын сезінуге, ақынның сырын дәлелмен талдауға, өз ойын еркін әрі жүйелі жеткізуге үйрету.

Сабақтың түрі

Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Құралдар

Сәкен шығармашылығына арналған слайдтар, қима қағаздар.

Әдіс-тәсілдер

Мәнерлеп оқу Жатқа оқу Ішінара ізденіс Топпен жұмыс

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Сыныптың назарын сабаққа бағыттау, мақсат-міндеттерді қысқаша айқындау.

2) Білімді жан-жақты тексеру

Алдыңғы тақырып бойынша сұрақтар арқылы ой қозғау:

  • Жамбыл Жабаев кім?

  • Қандай шығармаларын білесіңдер?

  • Алғадай кім еді?

  • Ақын өлеңіндегі әкенің сезімі қалай көрініс тапқан?

Қорытынды: Жамбыл — қазақтың жыр алыбы. Оның мұрасы — өшпейтін, асыл қазына.

3) Жаңа сабақ: «Сыр сандық» өлеңінің мәнін ашу

I. Қызығушылықты ояту

Ой қозғау:

  • Сандық дегеніміз не?

  • Ақын неліктен «Сыр сандық» деп атаған?

Ендеше, Сәкеннің өлеңімен сырласып көрейік.

Сәкен туралы қысқаша

Сәкен Сейфуллин — көпқырлы тұлға:

ақын прозашы драматург зерттеуші

Оның сөзі — ғибрат, ісі — үлгі. Лирикасының өзекті арналарын махаббат, табиғат және саяси тақырыптар құрайды.

II. Мағынаны тану

«Сыр сандық» өлеңі оқылады. Одан кейін өлең мазмұны мен идеясы топтық жұмыс арқылы талданады.

I топ

Ақын өлеңді неліктен «сыр сандық» деп атаған?

II топ

Ақынның сырын ұғу үшін сезім қоймасын қалай ашу керек? Нені, қалай іздеу қажет?

III топ

Ақын ішкі сезімін неге теңейді? Бұл теңеудің әсері қандай?

Өлең өзегі: жалған достық пен адал достық

Жалған достық

Өлеңдегі ой арқылы жалған достықтың белгісі, адам көңіліндегі сенімге сызат түсіретін қылықтар талданады.

Адал достық

Адал достық — шынайылық, жауапкершілік, жанашырлық. Оқушылар достықты қалай түсінетінін дәлелмен айтады.

Қосымша байланыс

Достық туралы аңыз-әңгімелер мен шешендік сөздер еске түсіріледі: «Екі дос» әңгімесі, Әйтімбет шешеннің «достықтың екі түрі болады» деген тұжырымы.

Сабақты қорытындылау

Қазақтың «Дос көпті жау алмайды», «Жолдасы жақсы жолды болар, жолдасы жаман қолды болар» деген нақылдары достықтың мәнін терең танытады. Сәкен жырынан да осы ойды айқын аңғарамыз.

Үй тапсырмасы

  • «Қамаудан», «Тұлпарым» өлеңдерін оқу.

  • Өлеңдерден үзінді жаттау.