Студенттерге оқушылардың қоятын сұрақтары болса рұқсат
Студенттермен кездесу кеші
Студенттік өмір – игі өмірдің бастауы
Бұл кештің мақсаты – мектеп бітірушілерді болашақ мамандықты саналы таңдауға бейімдеу, дұрыс бағыт-бағдар беру, студенттік өмірдің қызығы мен қиындығын таныстыру және туған елге деген сағыныш сезімін жеткізу.
Түрі
Осы мектептің бұрынғы түлектері – қазіргі студенттермен кездесу кеші.
Жоспар
- 1 Концерттік бағдарлама
- 2 Студенттер мен оқушылар арасындағы ойын
- 3 Оқушылардың студенттерге қоятын сұрақтары
Кештің ашылуы
Кеш жарық, құрметті ұстаздар, студент жастар және мектеп оқушылары!
Қайда менің студенттік күндерім,
Жалындаған жастық шағым, күн керім.
Дауылдатып, думандатып жүретін,
Бақытты сәт, шалқып шығар күндерім.
Қайда сол бір асыл жанды достарым?
Аңқылдаған, жарқылдаған от-жалын.
Сұңқар жігіт, аққу қыздар, қайдасың?
Еске аламыз жүрегімде от жанып…
Ақын ағамыз жырлаған студенттік өмірдің қазанында жүрген жастарымыз бен оқушылар арасындағы кешті ашық деп жариялаймын.
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Студенттерді шақырамыз ортаға!
Бұл жастар – ел бірлігін ойлайтын, Отанын қорғайтын, өркениетке үлес қосатын, аға-апаларымыздың ісін жалғастыратын болашақ азаматтар. Ертеңгі күннің тізгінін қолға ұстап, жолға шыққан студент жастар, қадамдарыңа нұр жаусын!
Бүгінгі кештің басты мақсаты – студенттік өмірдің қызықты сәттері туралы сұрақтарға жауап алып, тәжірибе бөлісу.
Уақыт туралы ой
Уақыт – зымыран. «Кеше ғана бала едің, келдің ғой талай жасқа», – деп ұлы Абай айтқандай, кеше ғана мектеп партасында отырған шәкірттеріміз бүгін үлкен білім ордаларының студенті атанып отыр. Олар – көк байрағын желбіреткен, Әнұранын асқақтатқан егемен еліміздің ертеңі.
Концерттік бағдарлама
Жүргізушілердің кіріспе сөзі
«Халқымыздың ән өнері жарқылдасын», – дей отырып, сіздерге арналған шағын концертімізді бастаймыз.
Өнерпаздар жарысып, сан-салалы өнерін ортаға салады. Кешіміздің ашылу құрметіне әуелеген әсем ән жолданады.
Орындаушы
10 «Б» сынып оқушысы Талмағанбетов Бақытбергеннің орындауында «Қыздар-ай» әнін тамашалаңыздар.
Ескерту: Қажет болса, бұл бөлімге әннің сөзін немесе бағдарламадағы өзге нөмірлерді кейіннен қосуға болады.
Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты.
Мың бұралып бишілер би билейді,
Халайық, қол соғып, қуанышпен!
Мерекеміз бүгінгі құтты болсын!
Әрқашан мерекелік көңіл болсын!
Кеудеміз күмбірлеген жырға толып,
Қане, достар, күлкімен орта толсын!
Ойын бөлімі: «Терминді түсіндір»
Ереже
Ортаға 2 студент және 2 оқушы шақырылады. Қатысушылар 2 топқа бөлінеді. Әр топқа терминдер беріледі: оларды өз түсінігімен, мүмкіндігінше әзілмен түсіндіруі керек.
Студенттерге арналған терминдер
- Лекция, сессия
- Стипендия, жатақхана
- Аудитория, декан
Оқушыларға арналған терминдер
- 1 қыркүйек, 25 мамыр, каникул
- Директор, сынып жетекшісі, парталас
- Бақылау, емтихан, тест
Жағдаяттық сұрақтар
Әр адамның өмірінде қызықты да шытырман оқиғалар болады. Әсіресе оқушылық және студенттік кезеңде шешімі қиын жағдайларға тап келуің мүмкін. Осындай сәтте тығырықтан қалай шығар едің?
Оқушыларға берілетін жағдаят
ТапсырмаСабақ өтіп жатыр. Сынып іші тып-тыныш. Мұғалім тақырыпты түсіндіріп тұр. Тек бір оқушы ғана сабақты бөлшектеп, өзгелерге кедергі келтіріп отыр. «Тыныш отыр» деген ескертуге құлақ аспайды. Бірақ ол да осы сабақты түсініп шығуы керек, сыныптан шығарып жіберуге болмайды.
Егер мұғалім болсаң, не істер едің?
Студенттерге берілетін жағдаят
ТапсырмаСессия уақыты. Емтихан жүріп жатыр. Оқытушы өте қатал. Ең жақын досың ыммен өз билетінің жауабын білмейтінін көрсетті. Сен бұл сұрақты жақсы білесің.
Осы жағдайда досыңа қалай көмектесер едің?
Ашық сұхбат: сұрақ-жауап
Оқушылардың студенттерге қоятын сұрақтары
- Куратор мен сынып жетекшісінің айырмашылығы бар ма? Бар болса, қандай?
- Мектептегі кезең ұнай ма, әлде студенттік өмір ұнай ма? Неліктен?
Кәсіптік бағдардың маңызы
Қазіргі кезде басты міндеттердің бірі – жастардың саналы түрде кәсіп таңдап, бір мамандық аясында тұрақты еңбек етуіне жағдай жасау. Сондықтан кәсіптік бағдар беру жұмысын жүйелеу – бүгінгі күн талабы.
Кәсіптік бағдар – бүкілхалықтық, мемлекеттік маңызы бар және күрделі кешенді мәселе. Осы орайда ортамызда отырған ұстаздардың студенттерге қоятын сұрағы болса, тыңдауға дайынбыз.
Тілек
Студенттердің оқушыларға айтар ақ тілегі болса, тыңдайық.
Қорытынды
Рахмет! Бұл кешке келгендеріңе, достар!
Қатарыңның алды болып, көшті баста.
Биіктерден әрдайым көріне бер.
Иесі болашақтың – сендер, жастар!
Өмірлерің студенттік мәнді болсын,
Қызыққа, әнге толсын, сәнді болсын.
Қайда барсаң жолдарың ашық болып,
Біліміңе бар әлем тәнті болсын!
Осылайша бүгінгі студенттермен кездесу кешіміз аяқталды. Уақыт бөліп келгендеріңізге көп рақмет. Кешіміз әрі қарай би кешімен жалғасады. Қош сау болыңыздар!