Бүгін сабақта қол тігістерін үйрендік
Сабақ туралы мәлімет
Орны
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы
№ 20 жалпы орта білім беретін мектеп
Пән / Сынып
Технология, 5-сынып
Мұғалім
Айталиева Венера Өмірханқызы
Сабақтың тақырыбы
Қол тігісі жұмыстарының орындалу технологиясы (бүгіп көктеу қадау)
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Қол тігістері туралы мәлімет беру, тігістерді ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық
Оқушылардың ой-өрісін, ойлауын, есте сақтауын және өз бетінше жұмыс істеу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Эстетикалық талғамды қалыптастыру, адамгершілік қарым-қатынасты нығайту, бір-біріне көмектесуге және еңбекті құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың форматы
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Оқыту әдістері
Түсіндіру, бейнелеу
Көрнекіліктер
Тігістердің түрлері
Пәнаралық байланыс
Сызу, математика
Сабақтың барысы
-
I
Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, оқушыларды түгендеу, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету: «Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгін біз үшін ерекше күн. Мен сендерге сенемін — сендер жақсы нәтиже көрсетесіңдер!»
-
II
Өткен сабақты қайталау
Қайталау сұрақтары
- Өткен тақырыпта қандай тігісті үйрендік?
- Қандай тігіс түрлерін білесіңдер?
- Тігістердің түрлерін атап беріңдер.
-
III
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Қол жұмысына қажетті құрал-жабдықтар
- Ине
- Жоғары сапалы болаттан жасалады: бір ұшы үшкір, екінші ұшында көзі болады. Ине тегіс, өткір және сынбайтын болуы керек. Ұзындығы әртүрлі өлшемде кездеседі.
- Қайшы
- Киім бөлшектерін пішуге және жіптің ұшын қиюға арналған. Қайшы дыбыссыз ашылып-жабылып, жүзі өткір болуы қажет.
- Оймақ
- Пластмасса немесе металдан жасалады. Оң қолдың ортаңғы саусағына киіледі.
- Сантиметрлік таспа
- Ұзындығы 150 см. Матадан тігілетін бұйым бөлшектерінің өлшемін алуға арналған.
- Лекало
- Қатты қағаздан қиылып жасалған үлгі бөлшектер. Лекалоны матаға қойып, бақылау нүктелерін белгілейді.
- Түйрегіш
- Бөлшектерді түйреу, көктеу кезінде және сызықты бір бөлшектен екіншісіне көшіру үшін қолданылады. Ұзындығы шамамен 3–4 см.
Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру
Жұмыс үстеліне қисайып немесе қатты еңкейіп отыру омыртқаның қисаюына, жақыннан көргіштікке және тез шаршауға әкелуі мүмкін. Сондықтан дұрыс отыру және жұмыс орнын ұқыпты ұйымдастыру өте маңызды.
Қол тігісінің түрлері
- Көктеу
- Бүгіп көктеу
- Жапсырып көктеу
Бүгінгі сабақта бүгіп көктеу тігісімен танысамыз. Бұл — бұйым бөлшектерін пішкеннен кейін уақытша біріктіруге арналған тігіс.
Жаңа сабақтың өтілу жоспары
- Қол жұмысына қажетті құрал-жабдықтармен танысу.
- Қауіпсіздік ережелерін «Ойлан тап» ойыны арқылы анықтау.
- Қол тігісіне қатысты терминдерді түсіндіру.
- Қол тігістерінің түрлерін қарастыру: көктеу, тізбек тігістер, шет тігістер.
-
IV
Кіріспе инструктаж
Бұйымның орындалу реті
Қиық шетін шамамен 1 см бүгіп, арақашықтығы 0,5 см болатын түзу инешаншымдармен көктеңдер.
Ескертпелер
- Жұмыс тәсілін көрсету.
- Қауіпсіздік ережелерін қайталау.
- Жиі кездесетін қателерді алдын ала ескерту.
-
V
Сарамандық жұмыс
Тақырып: Бүгіп көктеу
Ағымдағы инструктаж
- Жұмыс орнын және құрал-жабдықтарды тексеру.
- Жұмыс тәсілінің дұрыс орындалуын бақылау.
- Қателіктерді анықтау және түзету.
- Сергіту сәтін өткізу.
Сергіту сәті
Жел еседі бетіне,
Кіп-кішкентай ағаштар
Үп-үлкен боп өседі. -
VI
Бекіту
- Оқушылар жұмысының сапасын анықтау.
- Тақырып бойынша сұрақтар қою.
- Сабақты қорытындылау.
Қорытынды сұрақтар
- Бүгін не үйрендік?
- Қандай тігістермен таныстыңдар?
Бүгінгі сабақта қол тігістерімен танысып, бүгіп көктеу тігісін орындап үйрендік.
-
VII
Жұмыс орнын жинақтау
Құралдарды реттеп жинау, жұмыс орнын тазалау және келесі сабаққа дайындау.