Көбейтіндінің мәнін тап

Орал қаласы

М.Б. Ықсанов атындағы № 36 орта жалпы білім беретін мектеп мұғалімі: Ильясова Гүлбаршын Шарафудиновна

Сабақтың тақырыбы

3-ке көбейту және бөлу кестесін пысықтау

Сабақтың мақсаттары

Білімдік

3-ке көбейту және бөлу кестесін пысықтау; есеп шығару барысында алған білімдерін қолдана білуге үйрету.

Тәрбиелік

Әдептілікке, ұйымшылдыққа және саналылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық

Балалардың ойлау, қабылдау, зейін және есептеу қабілеттерін дамыту.

Сабақ туралы мәлімет

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Сабақтың әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Көрнекілік
  • Түсіндіру
  • Талдау және жинақтау

Көрнекіліктер

  • Дидактикалық ойындар
  • Логикалық тапсырмалар

Сабақтың барысы

  1. I

    Ұйымдастыру бөлімі

    Оқушыларды сабаққа жұмылдыру, көңіл күйін тұрақтандыру.

  2. II

    Үй тапсырмасын тексеру

    Алдыңғы тақырып бойынша білімді нақтылау және қателермен жұмыс.

  3. III

    Математикалық диктант

    Тапсырмаларды мұқият оқып, қысқа әрі нақты жауап беріңіз.

    Көбейту және бөлу

    • Бірінші көбейткіш — 3, екінші көбейткіш — 6. Көбейтіндінің мәнін тап.
    • Бөлінгіш — 16, бөлінді — 2. Бөлгішті тап.
    • Екінші көбейткіш — 3, көбейтінді — 30. Бірінші көбейткішті тап.
    • 30 бен 3-тің бөліндісін тап.
    • Бірінші көбейткіш — 8, екінші көбейткіш — 4. Көбейтіндінің мәнін тап.
    • Бөлінгіш — 90, бөлгіш — 30. Бөліндінің мәнін тап.
    • Бөлінгіш — 30, бөлгіш — 15. Бөліндінің мәнін тап.
    • Бөлінгіш — a, бөлгіш — 10. Бөлінді 4-ке тең. a-ны тап.

    Өлшем бірліктері және сандар

    • 20 см 2 мм-ді миллиметрмен өрнектеп жаз.
    • 1000 санының ішінде 10 саны неше рет бар?
    • 20-ға дейінгі жұп сандарды жаз.
    • Тақ сандарды жаз.

    Еске салу

    Жұп сандар — 2-ге бөлінетін сандар, ал тақ сандар — 2-ге бөлінбейтін сандар.

    Бұл диктант оқушылардың есептеу жылдамдығын, зейінін және 3-ке көбейту мен бөлу дағдыларын бекітуге бағытталған.