Шыншылдық рухани тазалықтың белгісі
Шыншылдық: рухани тазалықтың тірегі
Шыншылдық — адам баласы үшін аса қымбат, қадірлі қасиеттердің бірі. Ол өтірік айтпау, жалған сөйлемеу, шындықты жасырмай, адал бола білу дегенді білдіреді. Бұл қасиет бала кезден қалыптасады және адамның мінезі мен өмірлік ұстанымына айналады.
Тақырып
Шыншылдық
Мақсат
Балаларға шыншылдық туралы түсінік беру, әдепті және кішіпейіл болуға тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы
Жүрегі таза, иманды адам
Билингвалды сыңары
Жүрегі таза — чистой души человек
Неліктен шыншылдық маңызды?
Шыншылдық — рухани тазалықтың белгісі. Шыншыл адам ешнәрсені жасырып қалуға тырыспайды, өзгені алдамайды, сөзі мен ісін сәйкестендіреді. Мұндай қасиет жүрегі таза, иманды адамдарға тән.
Негізгі ой
- Шыншыл болу — өтірік айтпау және жалған сөйлемеу.
- Шыншылдық бар жерде — тазалық бар, иман бар.
- Иман бар жерде — береке бар; шыншыл болу — абыройлы болу.
- Шыншылдық оңай көрінгенімен, оның бағасы жоғары; адам өзін үнемі шыншылдыққа тәрбиелеуі керек.
Өтіріктің салдары: тәмсілден алынған сабақ
Өтірікке үйренген адам уақыт өте келе өзгенің сөзіне де сене бермейді. Өтірік айтуды қалжың ретінде де, дау үстінде біреуді жеңу үшін де қолдануға болмайды. Өйткені өтірік адамның сенімін жұқалтады.
Тәмсіл: «Қойға қасқыр шапты!»
Екі рет «Қойға қасқыр шапты!» деп жұртты алдап дүрліктірген қойшы бала үшінші рет шынымен қауіп төнгенде айқайласа да, ешкім көмекке келмейді. Себебі адамдардың сенімі жоғалған.
Мағынасы: өтірікшінің шын сөзі де зая.
Тәрбие үдерісіне арналған шағын әрекет
Балалар шеңберге тұрып, қол ұстасып, бір-бірінің жылылығын сезінеді. Содан соң бір-біріне жылы сөздер айтып, ізгі ниет арқылы шыншылдық пен әдептілікке қадам жасайды.