Жай таба алмай жүрек, Жасыған соң сүйек

Абай Құнанбаев

Қор болды жаным,
Сенсізде менің күнім,
Бек бітті халім,
Тағдырдан келген зұлым.
Тағдыр етсе алла,
Не көрмейді пәнде?

Сайрай бер, тілім,
Сарғайған соң бұл дерттен.
Бүгілді белім,
Жар тайған соң әр серттен.
Қамырықты көңіл,
Қайтсе болар жеңіл?

Сағындым сені,
Көрмедім деп көп заман.
Адам деп мені,
Салмадың сен хат маған.
Жай таба алмай жүрек,
Жасыған соң сүйек.

Бұл қылған зарым
Барса жардың маңына,
Ол - қылған дәрім
Ғашығымның жанына.
Оңалдырып ойды,
Түзетпей ме бойды?



Ұқсас жұмыстар

Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығын талдау
Ақан сері өмірі
Мағжан қазақ әдебиетінде
Мағжан Жұмабайұлы шығармаларындағы тарихи тұлғалар бейнесі
Нұржан Қуантайұлының Қараөзек романындағы заман бейнесі
М. Жұмабаев
М. Жұмабайұлы шығармаларындағы тарихи тұлғалар бейнесі
ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ СТИЛИСТИКАЛЫҚ ҚОЛДАНЫСТАРЫ
Символизмнің әдеби стиль ретіндегі маңызы
Жамбыл Жабаев өмірбаяны
ҚОҢЫРБАЙҰЛЫ АҒЫБАЙ жайлы жайлы жайлы жайлы
БАЙМЫРЗАҰЛЫ БАЛУАН ШОЛАҚ жайлы жайлы жайлы
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ туралы жайлы
Ұлы Жібек жолы жайлы жайлы
Жұмыспен қамтылған халық санын жай арифметикалық орташа шама әдісімен талдау
Жүрек –қан тамыр жүйесін лабораториялық және инструменталдық әдістермен зерттеу.
қонақ жайлылық индустриясы
Педагогика тарихында оқушыларға эстетикалық тәрбие беру жайлы ой-пікірлер
Баймырзаұлы Балуан Шолақ жайлы жайлы
Қоңырбайұлы, Ағыбай жайлы жайлы жайлы