Жүрек жылуы

Тәрбие сағаты Қуаныш Жүрек жылуы Мейірімділік

I. Кіріспе: Таным шаттығы

Мұғалім сөзі

Жан-жағына нұр шашып,

Арайлап жарқын таң атса,

Жер бетінде жайқалып,

Көгеріп өссе көк майса —

Жүрегім жыли бастайды,

Кездескенде достарым

Құшағын маған кең ашса,

Жүрегім жыли бастайды.

Халық: «Мейірбандық — жүректен, қайырымдылық — біліктен» дейді. Адам өзін және өзгелерді жақсы көре білсе, өмірін қуаныш пен шаттыққа, махаббат пен бақытқа бөлейді.

II. Ойлы бала озар

Балалар, бүгін мейірімділік жолы бізді жүрек жылуын сезіндіретін әлемге бастап әкелді. Қазір күн көкжиектен көтеріліп, бізге шуағын шашқалы тұр.

Сұрақ

Күннің нұры жүрегімізге ұяласын десек, жылы жүректі адам қандай болады?

Балалардың пікірі тыңдалады.

Рахмет, балалар. Біз күн шуағын сезіне бастадық. Ендеше, күн шапағына назар аударайық: жүрек жылуы оянады.

III. Қуаныш — жан шуағы

Өлең

Кел, балалар, күлейік,

Көңілденіп жүрейік.

Күлімде күн, күлімде,

Күлсін барлық бала шат!

Берекелі бүгіндей,

Бейбіт болсын болашақ!

Жүрек жылуының сөзі

— Сәлеметсіздер ме, балалар!

Жарық пен жылуды, бақыт пен мейірімді — мен ғана бермеймін, бірақ мен жүректегі жылуды еске саламын.

Сендердей мейірімді достарымды көргеніме қуаныштымын. Сендермен бірге болғаныма тек мен ғана емес — қараңдаршы, шуақты күннің өзі де күлімдеп тұрғандай.

IV. Аялай біл — сен деп соққан жүректі

Жаттығу

Қане, бәріміз қолымызды жүрегіміздің тұсына қойып, оның қалай соғып тұрғанын сезінейік.

Біздің жүрегімізде кішкентай ғана әлем бар сияқты. Ол әрқайсымызға: «Мен осындамын, мен сенімен біргемін» — деп үн қатады және әрқашан бізбен бірге болады. Бұл — жүрегіміздің жылуы; ол бізге жақсы сөздерді айтуға жетелейді.

Балалардың жауабы

  • — Ол одан бетер қатты соғып кетті!
  • — Иә, бізді естігенін білдіріп жатыр.

Мұғалімнің түйіні

Ендеше, өмірдегі барлық жылу — адам жүрегінен, ал табиғаттағы барлық жылу — күннен. Біз күнді мейірбан, жан шуағын төгетін құдіретті анаға теңейміз.

Жүрек жылуының өтініші

— Балалар, қараңдаршы, күнімізді бұлт көлегейлеп тұр. Оның жүрегіндегі көлеңкелі сезімді сейілтейік. Бетіндегі түнерген бұлттарды ашуға көмектесесіңдер ме?

Балалар: — Әрине, көмектесеміз.

Қорытынды ой

Қуаныш — жанның жылуы. Оны көбейту үшін жүрекке мейірім ұялатып, жақсы сөз айтып, бір-бірімізді қолдай білейік.