Қанның тамырлармен қозғалуы

Сабақтың тақырыбы

Қанның артериялық қысымы. Қанның тамырлармен қозғалуы.

Сабақтың мақсаты

Қанның тамырлар бойымен қозғалу механизмін түсіндіру, сондай-ақ «қан қысымы» және «тамырдың соғуы» ұғымдарын қалыптастыру.

Білімділігі

  • «Қан қысымы», «тамырдың соғуы» туралы жаңа анатомиялық-физиологиялық түсініктер беру.
  • «Қан айналым» тақырыбы бойынша білімді қайталау, бекіту және тексеру.
  • Жаңа жағдайларда әрекет ету тәсілдерін меңгерту.

Дамытушылығы

  • Ерікті және тұрақты зейін қоюды дамыту.
  • Талдау, синтез, салыстыру, қорытындылау, нақтылау және жіктеу қабілеттерін жетілдіру.
  • Жүйке жүйесінің ширақтылығын арттыру.

Тәрбиелілігі

  • Өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру.
  • Жинақылық пен назар аударуға үйрету.
  • Санитарлық-гигиеналық дағдыларды тәрбиелеу және денені жетілдіру қажеттілігін сезіндіру.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

  • Оқушылармен амандасу.
  • Оқу құралдарының дайындығын тексеру.
  • Тәртіп пен тазалықты қадағалау.

II. Үй тапсырмасы

§36. Қанайналым. Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері. 87-сурет.

1) «Миға шабуыл»

Қанайналым Тұйық Үлкен Кіші Қолқа Капилляр Вена 23 сек 4 сек

2) Анықтамалар

Жүрек циклі

Жүректің жиырылу және босаңсу кезеңдерінің қайталанатын тізбегі.

Жүрек автоматизмі

Жүректің сыртқы әсерсіз өздігінен қозу қабілеті.

Эпикард

Жүрек қабырғасының сыртқы қабаты.

Миокард

Жүрек бұлшықет қабаты.

Эндокард

Жүректің ішкі қабаты.

3) Сәйкестігін тап

Тұжырым Нұсқалар
Ең ұсақ, жіңішке қан тамырлары. а) артериялар · ә) веналар · б) капиллярлар · в) қолқа · г) лимфа тамырлары
Жүректен қанды алып шығады. а) артериялар · ә) веналар · б) капиллярлар · в) қолқа · г) лимфа тамырлары
Қабырғасы жасушалардың бір қабатынан тұрады. а) артериялар · ә) веналар · б) капиллярлар · в) қолқа · г) лимфа тамырлары
Қабырғасы жұқа және жұмсақ. а) артериялар · ә) веналар · б) капиллярлар · в) қолқа · г) лимфа тамырлары
Қабырғалары тығыз, серпімді тамырлар. а) артериялар · ә) веналар · б) капиллярлар · в) қолқа · г) лимфа тамырлары
Қабырғасы ең қалың қан тамыры. а) артериялар · ә) веналар · б) капиллярлар · в) қолқа · г) лимфа тамырлары

Қосымша сәйкестендіру тұжырымдары: қан мен ұлпалар арасындағы алмасу жүретін орын, сарығыш сұйықтықты (лимфаны) жүрекке қарай тасиды, сол жақ қарыншадан қанды алып шығады, қолдың сырт жағынан көрініп тұрады, жасушааралық сұйықтықты қабылдайды, қақпақшалары бар, қанды жүрекке қарай апарады, артерия қаны ағады.

III. Жаңа сабақ

Оқушыларға жаңа тақырып бойынша алдын ала бағыт-бағдар беріліп, тапсырмалар ұсынылады.

Жоспар

  1. Қанның артериялық қысымы
  2. Қан қысымын өлшеу
  3. Қанның тамырлармен қозғалуы
  4. Нейрогуморальды реттелуі

IV. Зертханалық жұмыс №9

Мөлшерлі жүктемеге дейін және кейін тамыр соғуын есептеу.

Керекті құрал-жабдықтар

Секундтық тілшесі бар сағат немесе секундомер.

Жұмыс мақсаты

  1. Тамыр соғуын есептеуге үйрену.
  2. Тамыр соғуы арқылы жүрек жиырылуының жиілігін анықтауды меңгеру.
  3. Әртүрлі жағдайдағы жүрек жұмысының ерекшеліктері туралы қорытынды жасау.

Жұмыс реті

  1. Оқулықтағы 39-параграфты оқып, сұрақтарға жауап беріңдер: тамыр соғуы дегеніміз не, оны қай жерден анықтауға болады, және неге дәл сол жерден сезілетінін түсіндіріңдер.
  2. Кәрі жілік сүйегінің білезік тұсынан тамыр соғуын санау тәсілін меңгеріңдер.
  3. 1 минут ішінде тамыр соғуын өлшеңдер:
    • а) отырып;
    • ә) қозғалыссыз тұрып;
    • б) 10 рет отырып-тұрғаннан кейін.
Жағдай 1 минуттағы тамыр соғуы (саны)
Тыныштық күйде отырып _____
Қозғалыссыз тұрып _____
10 рет отырып-тұрғаннан кейін _____

Нәтиже бойынша бұлшықет жүктемесі артқан сайын тамыр соғуының қалай өзгеретінін салыстырып, қорытынды жасаңдар.

Білімді тексеру: дұрыс жауабын таңдаңыз

1) Артериялық қысым қай кезде ең жоғары болады?

  • а) жүрекше жиырылғанда
  • ә) қарынша жиырылғанда
  • б) қарынша босаңсығанда
  • в) жалпы босаңсығанда

2) Қан қысымы қай тамырда жоғары?

  • а) артерияда
  • ә) венада
  • б) капиллярда
  • в) артериолада

3) Қан ағысының жылдамдығы қай жерде жоғары?

  • а) өкпе артериясында
  • ә) қолқада
  • б) капиллярда
  • в) венада

4) Тамыр соғуы дегеніміз не?

  • а) жүрекшелердің ырғақты жиырылуы
  • ә) артерия қабырғасының ырғақты тербелісі
  • б) қанның венамен қозғалуы
  • в) артериялық қысым

5) Капиллярдағы қан қозғалысының жылдамдығы

  • а) 0,5 м/с
  • ә) 0,25 м/с
  • б) 0,50 м/с
  • в) 0,5 мм/с

V. Үйге тапсырма

§37. Қанның артериялық қысымы. Қанның тамырлармен қозғалуы.

VI. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындау сапасы және зертханалық жұмыс нәтижелері бойынша бағаланады.