Облыстық қазақша күрес турнирі 1 - жүргізуші

Облыстық қазақша күрес турнирі

Құрметті қонақтар, оқушылар және көрермендер! Ш. Айманов атындағы қазақ гимназия-мектебіне қош келдіңіздер! Бүгін Шәкен аға мектебінде спортшылар күш сынасып, татулық пен рухты бірге ұлықтайды.

Қатысушы құрамалар

  • Алаңда: Павлодар қаласы
  • Алаңда: Қарағанды қаласы
  • Алаңда: Ш. Айманов мектебі

Салтанатты қарсы алу

Қол соғып, қошеметпен спортшыларымызды қарсы алайық!

Бір тумасы киелі жер Баянның,
Өнерге де құлаш ұрған дананың.
99 жасқа келді міне, халайық!
Шәкен — дархан дарыны бір даланың.

Керілгенде кинода бір кереге,
Сусындатқан қазағымды өнерге.
Шәкен — мәңгі сөнбейтұғын бір жұлдыз,
Өнердегі өмірі — бір өнеге.

Турнирдің арналуы

Ш. Аймановтың 99 жылдығына арналған облыстық қазақша күрес турниріне қош келдіңіздер!

Өмірбаян деректері

  • Шәкен Кенжетайұлы Айманов 1914 жылы 15 ақпанда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында, С. Торайғыров атындағы Айманбұлақ өңірінде дүниеге келген.
  • Семей қаласында «Қазкоммунада», кейін педагогикалық техникумда оқыған жылдары көркемөнерпаздар үйірмесіне белсене қатысып, театр сахнасында қайталанбас образдар сомдаған.

Театрдағы еңбегі

1947–1951 жылдары театрдың көркемдік бөлігін басқарумен қатар бас режиссер қызметін атқарды.

Шәкен аға — шын өнердің дүлділі,
Шәкен аға — киноның жұлдызы.
Шәкен аға — сахнаның сардары,
Шәкен аға — театрдың бұлбұлы.

Қазақ киносына қосқан үлесі

1953–1970 жылдары «Қазақфильм» киностудиясының көркемдік жетекшілігін атқарып, қазақ кино өнерінің қанат жайып, өркендеуіне ерекше мол үлес қосты.

Кино өнері әлі талай өрбиді,
Өнер — жалын, еш уақыт сөнбейді.
Шәкен түсірген кинотуындылардың барлығы
Көрерменнің көңілінде өлмейді.

Ашылу рәсімі

Осы мазмұндағы құттықтау сөзден кейін турнирдің ашық екені жарияланады. Салтанатты сәтте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады.

Құттықтау сөзі

Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беретін қазақ гимназия-мектебінің директорының бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары Мұсабаев Жабай Жәнәбілұлына құттықтау сөз беріледі.