Александр Македонскийдің сақ еліне жорығы

Ежелгі Қазақстан тарихы • 6-сынып

Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресін және сақ қолбасшыларының ерлігін еске түсіріп, пысықтау.
  • Дамытушылық: оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
  • Тәрбиелік: отансүйгіштікке, батырлыққа, шыдамдылыққа баулу; өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.

Ұйымдастыру және формат

Сабақ түрі:
аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер:
топтық жұмыс, шығармашылық жұмыс, СТО әдістері
Пәнаралық байланыс:
қазақ әдебиеті, музыка, география

Көрнекіліктер

  • 1 Ежелгі Қазақстан картасы
  • 2 суреттер, парақшалар
  • 3 доп, «бағдаршам» бағалау карталары

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • а Оқушылармен сәлемдесу.
  • ә Түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.

Сыныпты 3 топқа бөлу

1-топ

Тиграхауда

Шошақ бөрікті сақтар

2-топ

Хаумаварга

Хаома сусынымен байланысты

3-топ

Парадарайа

Теңіздің арғы жағындағы сақтар

II. Үй тапсырмасын сұрау (доппен сұрақ-жауап)

Мұғалім үш топқа допты лақтырып, үй тапсырмасына сәйкес сұрақтар қояды. Оқушылар жауап беріп, допты кері лақтырады. Ойын сұрақтар аяқталғанша жалғасады.

Сұрақтар

  1. 1. Сақтар туралы мәлімет беретін ежелгі мәтіндердің неше тобы белгілі? (2)
  2. 2. Сақтар қай кезде Қазақстан мен Орта Азия жерін мекендеген? (б.з.б. I мыңжылдық)
  3. 3. «Сақ» сөзі парсы жазбаларында қандай мағынаны білдіреді? (құдіретті еркектер)
  4. 4. Иран жазбаларында сақтарды қалай атаған? (жүйрік атты турлар)
  5. 5. Грек авторлары сақтарды қалай атаған? (азиялық скифтер)
  6. 6. Сақтарды өз жазбаларында массагеттер деп атаған грек тарихшысы кім? (Геродот)
  7. 7. Шошақ бөрікті сақтар қалай аталады? (тиграхауда)
  8. 8. Теңіздің арғы жағындағы сақтар қалай аталады? (парадарайа)
  9. 9. «Сақ хаумаварга» атауы неліктен берілген? (хаома сусынына байланысты)
  10. 10. Сақ тайпасын кім басқарды? (көсем)
  11. 11. Сақ қоғамы неше топтан тұрды? (3)
  12. 12. Абыздардың танымал белгісін атаңыз. (тостаған мен бас киім)

III. Жаңа сабақ

1) Қызығушылықты ояту

Оқушыларға «Тәуелсіздік» сөзі жазылған топтастыру парағы беріледі. Тәуелсіздік — қандай киелі ұғым! Осы жолда ата-бабаларымыз өмірін құрбан етті. Олар кімдер? Біз оларды қаншалықты білеміз?

1-топ

Мағынаны тану

Кир әскерінің басып кіруі

Томиристің ерлігі туралы әңгімелеу.

2-топ

Мағынаны тану

I Дарийдің жорығы

Шырақтың ерлігі туралы әңгімелеу.

3-топ

Мағынаны тану

Александр Македонскийдің жорығы

Спитаменнің ерлігі туралы әңгімелеу.

Бағалау тәсілі: «Бағдаршам»

Қызыл

Тақырыпты түсінбедік.

Сары

Толық түсіне алмадық.

Жасыл

Жақсы түсіндік.

1-тапсырма: «Түртіп алу» стратегиясы

Тақырып бойынша кездескен негізгі сөздер мен есімдерді белгілеу.

1-топ

  • Томирис
  • Кир
  • Помпей Трог
  • Спаргапис
  • Геродот

2-топ

  • I Дарий
  • Бехистун
  • Скунха
  • Полиэн
  • Шырақ
  • Персия
  • Марафон

3-топ

  • Александр Македонский
  • Орта Азия
  • Сырдария
  • Спитамен
  • Арриан
  • Гарнизон
  • Маракана

2-тапсырма: Тарихи тұлғаларға мінездеме

Әр топ өзіне берілген тұлғалардың қасиеттерін сипаттайды.

1-топ: Кир және Томирис

Кир

қанішер, айлакер, жауыз, қатыгез

Томирис

батыл, ержүрек, кекшіл

2-топ: I Дарий және Шырақ

I Дарий

қатыгез, атаққұмар, мақтаншақ, сенгіш

Шырақ

батыл, қайырымды, ержүрек

3-топ: Александр Македонский және Спитамен

Александр Македонский

мақтаншақ, қызғаншақ, тойымсыз

Спитамен

батыл, айлакер, ержүрек

IV. Сабақты бекіту: «Жылдар мен оқиғалар» ойыны

Тақтада жылдар мен оқиғалар жазылған парақшалар ілінеді. Оқушылар оларды өзара сәйкестендіреді. Тез әрі дұрыс орындаған топ қосымша ұпай алады.

Б.з.б. 530 жыл

Кирдің сақ жеріне жорығы

Б.з.б. 519 жыл

I Дарийдің сақтарға жорығы

Б.з.б. IV ғасырдың 30-жылдары

Александр Македонскийдің жорығы

V. Сабақты қорытындылау: Ой толғаныс

1-топ

Мақал-мәтелдер

  • Отан үшін отқа түс — күймейсің.
  • Бірлік бар жерде — тірлік бар.
  • Отан — оттан да ыстық.

2-топ

Тәуелсіздік туралы шығармашылық жұмыс

Өлең үлгісі

16 желтоқсан — тәуелсіздік алған күн,
Ерекше болып ел жадында қалған күн.
Жасай берсін ұлы күн, үміті боп елімнің,
Желбіресін көк туы — жерімнің нағыз көркі!

3-топ

Ән орындау

Тәуелсіздік пен Отан туралы ән айту. Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін орындау.

VI. Бағалау

Оқушылар топтық жұмысқа қатысуына және тапсырмаларды орындауына қарай 5 балдық жүйемен бағаланады.

VII. Үй тапсырмасы

  • § 31 оқу.
  • А. Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасын оқу.

Автор туралы мәлімет

Мектеп

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Алма Оразбаева атындағы орта жалпы білім беретін мектеп.

Мұғалім

Тарих және география пәнінің мұғалімі — Тулекенова Марал Ануарбекқызы.