Қазақ халқының салт - дәстүрлері мен әдет ғұрпын жоғалтпай, құрметтей білуге тәрбиелеу

Семинар Бастауыш сынып Ұлттық ойындар

Кіріспе

І жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар! Мектебімізде өтіп жатқан «Мектептердегі ұлттық психологияны дамытудың тиімді жолдары» атты семинар аясында бастауыш сынып бірлестігі 2-сынып оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылған ұлттық ойындардан көріністерді тамашалауға шақырамыз.

Бұл шараның негізгі өзегі — ұлттық құндылықты таныту, дәстүрді дәріптеу және ойын арқылы тәрбиені тереңдету.

Музыкалық үзіліс

Әнұран орындалады. Музыкалық үзіліс кезінде балалар сахна сыртына шығады.

Туған жер, тіл және дәстүр туралы толғаныс

ІІ жүргізушінің сөзі

Туған жері — түп қазығы айбыны,

Туған тілі — сатылмайтын байлығы.

Туған дәстүр, салт-санасы — тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі.

Ойынның тәрбиелік мәні

І жүргізуші

Қазақтың халық педагогикасында ойынның орны ерекше. Халық болашақ ұрпақты шыныққан, ойлы, сергек етіп тәрбиелеу үшін ойынның сан алуан түрін қалыптастырған. Оларды шартты түрде бірнеше топқа бөлуге болады:

  • спорттық ойындар;
  • ой жүйесін дамытатын, миды шынықтыратын ойындар;
  • еңбекке және өнерге баулитын ойындар.

ІІ жүргізуші

Спорттық ұлттық ойындардың түрлері өте көп. Соның ішінде:

көкпар аударыспақ алтыбақан тоғызқұмалақ ақсерек–көксерек қашпа доп қақпа доп

Музыкалық үзіліс.

Ұлттық ойындар сайысы: «Бәйге»

І жүргізуші: Енді сіздердің алдарыңызда ұлттық ойындар сайысын бастаймыз. Алғашқы көрсетілетін ойын түрі — «Бәйге». 2 «Б» сынып оқушысы Жұбанов Серіхан ойынның шартын таныстырады.

Басталуы

Ойын басталады, музыка ойнап тұрады.

Үндеу сөздер

«Ал, қане, алға бас! Алға! Алға! Аттың басын жібер! Тарт! Қалыспа! Қамшыны бас!»

Негізгі ой

Бұл сайыс шапшаңдықты, төзімділікті және намысты оятады.

ІІ жүргізушінің жыры

Бәйге — сайыс қыздырар делебеңді,

Кеудесіне ойнаған көрерменнің.

Алыстан шаң ойнатқан ат көрінді,

Жетер екен қай тұлпар мәреге енді.

Марапат сәті

Оқушылар: «Жарайсыңдар! Уа, бәрекелді!» — деп алғашқы келген үш аттың бәйгесін табыстайды.

3-орын

Кілем

2-орын

Машина

1-орын

Үйдің кілті

«Жеңістерің құтты болсын! Жарайсыңдар! Бапкерлер де аттарды жақсы баптаған екен.»