Киім күту постерін дайындау
Қазақ тілі (6-сынып)
Сабақ тақырыбы: «Мектепке немен барасың?» (БЖ), №5
Сабақ түрі: бақылау сабағы
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Мектеп туралы алған білімді толықтыру.
- Оқу техникасын жетілдіру, аударма жұмыстарына көңіл бөлу.
- Жүйелі сөйлеуге және тақырыпты ретімен баяндауға үйрету.
Дамытушылық
- Жазба тапсырмалар арқылы ойлау қабілетін дамыту.
- Тіл белсенділігін және жазу мәдениетін қалыптастыру.
- Ой-өріс пен есте сақтау қабілетін дамыту.
- Сөздік қорын байытып, тіл байлығын арттыру.
Тәрбиелік
- Тазалыққа және ұқыптылыққа баулу.
Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Әңгімелесу
- Тіл дамыту
Көрнекілік және байланыс
Көрнекілігі: кітап, суреттер, грамматикалық кесте.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебін анықтау.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сабаққа бейімдеу.
II. Өткен сабақты қайталау және пысықтау
Бұрынғы тақырып бойынша сұрақтар қою, негізгі ұғымдарды еске түсіру, қысқа тапсырмалар арқылы білімді бекіту.
III. Жаңа түсінікті қалыптастыру
1) Мәтінмен жұмыс
Киімдерге қатысты тыйымдар туралы мәтінмен танысу.
2) Талқылау
«Киімді күту» тақырыбы бойынша оқушылар өз білетіндерін ортаға салады.
3) Жазылым (3-тапсырма)
Тапсырманы жазбаша орындау.
Мысал
Тақия моншақпен, асыл тастармен безендіріледі. Тақияны бір түсті матадан дөңгелек төбелі етіп тігеді.
4) Оқылым және сұрақ құрастыру (2-тапсырма)
«Тымақ» мәтінін оқу, мазмұны бойынша жазбаша сұрақтар дайындау.
Үлгі сұрақтар
- Ол қандай бас киім?
- Оны айырбастай ма?
- Қазақта тымаққа байланысты қандай дәстүр бар?
IV. Жаңа сабақты бекіту
«Киім күту» тақырыбы бойынша постер дайындау.
V. Сабақты қорыту
Негізгі білімді қорытындылау үшін сұрақтарға жауап беру:
-
Қасиетті бас киім саналатыны не?
-
Аяқ киімге қатысты қандай тыйым бар?
-
Тонды қалай күтуге болады?
-
Бас киімді қалай күту керек?
VI. Үй тапсырмасы
Мәтінді әңгімелеу: 111-бет, 4-тапсырма.
VII. Бағалау
Оқушылардың жұмысын критерий бойынша бағалау, нәтижені қысқаша талдау.
Қосымша ескерту
Қажет болған жағдайда басқа тақырыптағы сабақ жоспарларымен танысу.