Өмірді өркендетер ана ғана
Атырау қаласы • Атырау Бизнес және құқық колледжі
Математика пәні мұғалімі: Мукашева Ажар
Тақырыбы
«Бақыт гүлін терген күн»
Мақсаты
- Ұлы Жеңісті дәріптеу, Отанды, елді, жерді сүюге және оны қорғай білуге тәрбиелеу.
- Ұлы Отан соғысы жылдарында еңбек еткен аналардың асыл бейнесін ашу, кейінгі ұрпаққа үлгі ету.
- Оқушылардың анаға деген құрмет сезімін нығайту.
Көрнекілігі
- Зал іші шарлармен безендірілді.
- Кештің атауы жазылған безендіру орналастырылды.
- Ардагер аналардың суреттерінен слайдтар дайындалды.
Қатысушылар
- Ардагер аналар
- Колледж мұғалімдері
- Студенттер
Кештің ашылуы
І жүргізуші
Құрметті ұстаздар мен колледж қонақтары! Ұлы Жеңістің 65 жылдығына байланысты ұйымдастырылған «Бақыт гүлін терген күн» атты әдеби-сазды кездесу кешімізді ашық деп жариялаймыз.
ІІ жүргізуші
Ұлы күшке сенген күн, Фашистерді жеңген күн, Ағаларға ерген күн — Бақыт гүлін терген күн.
(Қадыр Мырзалиев)
«Бақыт гүлін терген күн» атты Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған кешіміздің алғашқы сөз кезегін тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Светлана Кәйкенқызына береміз.
Кеш қонақтары
Бүгінгі кешіміздің қонақтарымен танысыңыздар: Есмағанбетова Сәуия және ардагер аналар қауымы.
Әндер мен арнаулар
Музыкалық нөмір
«Синий платочек» әнін орындайтын колледжіміздің орыс тілі пәні мұғалімі Есенаманова Баян.
Аналарға арнау
Ана — елге ардақты адам. Кішісі де, үлкені де ардақтаған. Өзінің аяулысы — Отанды да халқымыз «Ана» деп бекер айтпаған.
«Анаға хат» әні — І курс студенті Нұғмарова Мария.
Соғыс жылдарындағы тыл еңбегі
Ой-толғау
Соғыс деген — аққан сор, ақсүйектің де, құлдың да. Соғыс деген — төккен ары ұлдың да, қыздың да. Соғыс деген — сотқарлардың қолындағы найза. Соғыс — зұлымдықтың айнасы.
Бүгінде ортамызда отырған аналарымыз бен әкелеріміз қолдарынан келгенше майданға көмектесу қорларын құра бастады. Мұндағы мақсат — Жеңіске тезірек жету.
Қаржылай қолдау: ұжымдық шешім
Маусым айында облыстағы Мемлекеттік банк бөлімшесінің, облыстық қаржы бөлімі қызметкерлері, Жамбыл атындағы балық аулау ұжымшарының балықшылары, «Қазақстан мұнай» бірлестігі кәсіпорындары кеңесі және «Қазақстан мұнай құрылыс» бірлестігі автотранспорт кеңсесінің қызметкерлері ұжымдық жиналыстарында соғыс аяқталғанға дейін майданға көмек ретінде ай сайын бір күндік еңбекақыларын аударып отыруға шешім қабылдады.
1941 жыл
Автотранспорт кеңсесінде
18 869 сом
1941 жыл
Балық құтты комбинатында
16 720 сом
1941 жыл
Байланыс кәсіпорындарында
32,5 мың сом
Әйелдер еңбегінің айрықша үлесі
Тылдағы еңбек адамдарының көпшілігі әйелдер болғаны белгілі. Кеңес Одағының бір топ отаншыл қыздарының майданға көмек көрсету туралы үндеуін талқылағаннан кейін Алғабас ұжымшарының еңбеккер әйелдері қорғаныс қорына 52 күміс сақина, 4 сом күміс ақша және жалпы салмағы 6,6 кг болатын түрлі күміс әшекейлер тапсырды.
Ардагер аналарға сөз
Сөз кезегі ардагер аналарға беріледі: Есмағанбетова Сәуия, Урбисинова Жамиля, Тұрланова Ақша, Сыралиева Марфа.
65 жыл: бейбіт көктемнің шежіресі
Иә, аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне — 65 жыл. Соғыс өрті өшіп, қайғы-мұң сейіліп, бейбітшілік орнап, «бақыт гүлін тергенімізге» — 65 жыл.
65 жыл — бейбіт көктем таң атқалы, 65 жыл — шуақты күн таратты әнін. Содан бері талай беттер ашылды, Жеңіс күннің парақтары жазылды. Талай құс қайта оралды, Талай бақ әлеміне қайта оранды. Соғыста тек өлгендер оралмайды, Тек ұрпақ олар туралы ән айтады.
Ән
«Әкешім – Анашым» — І курс студенті Кеңесов Қуаныш.
Ана туралы толғаныс
Өмірде ана — бұлақ, ана — пана, Өмірді өркендетер ана ғана. Өсірген талай көсем, талай шешен, Талай ер, талай ақын, талай дана. Ана — елге ардақты адам, Кіші де, үлкен де ардақтаған. Өзінің аяулысы — Отанды да, Халқымыз «Ана» деп бекер айтпаған.
Жексенбіліктер және майдан қорына аударым
1941 жылдың 17 тамызында өткен бүкілодақтық комсомол-жастар жексенбілігіне Мақат ауданындағы кәсіпшіліктерден 5 430 адам қатысып, 52 426 сом тапты. Щевченко ауданы ұжымшарларының мүшелері 12 017 сом тауып, Отан қорғау қорына аударды. Атырау қаласында жиналған металл сынықтарынан 8 414 сом түсті.
7 қыркүйек • 2-жексенбілік
Қатысқан адам саны
26 421
Табыс
88 381 сом
23 қараша • 3-жексенбілік
Қатысқан адам саны
22 145
Аударылған сома
76 000 сом
Түйін
Сол кезеңде еңбек жолын соғыс уақытындағы жұмыстан бастаған жас қыздарымыз бүгін ақ шашты ана болып ортамызда отыр.
Тағы да ардагер аналарға сөз
Сөз кезегі: Серікбаева Слухия, Құлжанова Қаншайым, Қалдыбаева Қансұлу, Қабиева Мүсен.
Күй, терме және елдік рух
Күй
«Адай» күйі — І курс студенті Кеңесов Қуаныш.
Қайырма
Ұлы күшке сенген күн, Фашистерді жеңген күн, Ағаларға ерген күн — Бақыт гүлін терген күн.
Жеңіс туралы ой
Жеңіс — бес әріптен тұрса да, мән-мағынасы зор сөз. Біз бұл сөзді қуанышпен, мақтанышпен айтамыз. Ұлы Жеңіске — 65 жыл. Жеңіс күні — жыл сайын оралатын ардақты сәт. Бұл күнді жас та, кәрі де қуанышпен қарсы алады.
Терме
Орындайтын — І курс студенті Әсетова Ханбибі.
Көк туға тағзым
Желбіре, көгілдір ту, көк аспанда, Не жетсін жөні келіп жарасқанға. Сен менің құдіретім, кием — дағы, Айбарың айтсын сөзді адасқанға. Азаттық аңсарымен кемел қадам, Алашымның атымен топқа кірді, Көк туы қазағымның әлем шарлап.
Ән
Н. Назарбаевтың сөзіне жазылған, Б. Тілеухановтың «Елім менің» әні — І курс студенті Талапов Қуандық.
Қорытынды
Осымен кешіміз аяқталды. Келген қонақтарымызға және ардагер аналарымызға шынайы алғысымызды білдіреміз.