Байғұсты балағаттап, сөкті жаман
Ахмет Байтұрсынов
Шал қайтты малайымен пішен шауып,
Бәлені сезе ме адам тұрған бағып.
Орманмен кешкітұрым келе жатты,
Баратын елге тура бір жол тауып.
Тап берді қарсы алдынан аю шығып,
Болмады айла етерге о ғып, бұғып.
Үстіне Шалдың аю қонып қалды,
Сорлыны ә дегенше жерге жығып.
Жұмарлап, басып - жаншып аю шалды,
Жемекке енді бастап ыңғайланды.
Бауырым, Пәленшежан, айыршы - ай , - деп,
Малайға Шал жалынып, қолқа салды.
Малайы темір айыр, балтаны алып,
Аюды жықты, басын, ішін жарып.
Қан - қан боп үсті - басы, өлейін деп,
Қорқырап аю жатты ыңыранып.
Шал тұрып енді орнынан есен - аман,
Жақындап жұмыскерге келді таман:
Әумесер, ақылың жоқ, ит - доңыз! - деп,
Байғұсты балағаттап, сөкті жаман.
Ұрсасың неге, Шалым, маған, - деді, -
Сөккендей не істедім саған? - деді. -
Жазғаным, менің сені аю - жаудан
Айырып алғаным ба аман?! - деді.
Шал айтты: Көрмеймісің не еткеніңді,
Желігіп жындануға жеткенінді,
Бардай - ақ әкең құны, сонша шаншып,
Терісін іске алғысыз еткеніңді?!
* * *
Сөз жаздым үгіт үшін бозбалаға,
Осындай елде уақиға аз ғана ма?
Қайырың наданға еткен - шашқан мүлкің,
Болады рәсуа құр далаға.
Құдайым, жолдас қылма жамандарға,
Көзі тар, көңілі соқыр надандарға!
Жақсылық етсең де бір, етпесең де,
Жақпайсың кей ақымақ адамдарға.
Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері, өмірбаяны
Дауыссыз дыбыс әріптерінің емілесі
Фразеологизмдердің өзіндік белгілері
Фразеологизм түрлері
Фразеологизмдер ұғымы, фразеологиялық бірліктер түсінігі фразеологизмдердің топтастырылуы
Тұрмағамбет Ізтілеуұлы
Спандияр Көбеев туралы
Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасы
Қазіргі қазақ тілі лексикологиясының негізгі пәнінен дәрістер
Етістікті фразеологизмдердің грамматикалық ерекшеліктері
Туыстан жақын жоқ, ұмытуға оны қақың жоқ
Тілегі жаманмен
Сен жәудән жәмәнсің
Баласы жаманның дәрмені кетер
Қыздың жаман болуы отбасыдағы тәрбиеден
Жолы тағы жаман
Жаман сөзінің антонимі
Мұнысы - тоймас қара жер жаман түсімді жалмап қойсын дегені
Көрініс Жаман бала мен жақсы бала 238 - жаттығу
Жаман дос - Асыңа дос
Әбдібек Жаманбаев