АУЫЗША САНАУ

Сабақтың тақырыбы

7 саны және цифры. Апта. Апта күндері.

Сабақтың мақсаты

  • 7 санын қосу және азайту тәсілдері бойынша оқушылардың білімін бекіту.
  • Ойлау мен есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру.
  • Ойшылдыққа, шапшаңдыққа және тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі мен әдістері

Сабақтың түрі
Ойын сабақ.
Әдістері
Сұрақ-жауап, түсіндіру, ой шақыру.

Көрнекіліктер

Суреттер Карточкалар Цифрлар Геометриялық фигуралар Фишка Веер Бояу

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Үлкенге де сіз,
Кішіге де біз.
Әдеппен бас иіп,
Сәлем бердік біз.

Жаңа сабаққа кіріспе (ойын желісі)

Балалар, бүгін ерекше сабақ. Тақтаға қарап-ақ байқаған шығарсыңдар. Таңертең мектепке келе жатқанымда алдымнан бір бала жүгіріп шықты. Ол — Буратино екен.

— Буратино, қайда жүгіріп бара жатырсың?
— Достарымды құтқаруға бара жатырмын. Оларды Қарабас-Барабас тұтқынға алыпты!
— Буратино, сен жалғыз өзің Қарабас-Барабасты жеңе алмайсың. Саған менің оқушыларым көмектеседі. Солай емес пе, балалар?

Ендеше сапарға шығар алдында «үйімізге соғып, қуаттанып алайық»: ол үшін тапсырмаларды орындаймыз.

1) Топпен жұмыс

Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топ тапсырмаларды бірге орындайды және бір-бірінің жұмысын тексереді.

2) Ауызша санау

  • Дарынды оқушылар: 11–20 дейін санау (қоян суреті беріледі).
  • Қолдауды қажет ететін оқушылар: 0–10 аралығында санау, 1-ді аттап санау (саңырауқұлақ суреті беріледі).
  • Барлығы: 10-нан 1-ге дейін кері санау.

3) Цифрлармен жұмыс

Мұғалім ауызша сан атайды, оқушылар сол санның цифрын көрсетеді:

2 5 4 0 6 1

Келесі тапсырма: мұғалім фигураны атайды, оқушылар оны қағаз бетіне түсіреді:

Түзу
Кесінді
Сәуле
Қисық сызық
Нүкте
Төртбұрыш

Кедергі: Алиса түлкі мен Базилио мысығы

Алдымыздан Алиса түлкі мен Базилио мысығы шығады. «Тапсырманы орындамасаңдар, ары қарай өткізбейміз» дейді.

Карточкамен жұмыс

Оқушылар есептерді шығарып, бір-бірін тексереді.

4 + 2 =
6 + 1 =
4 − 3 =
1 + 4 =
5 − 3 =
7 − 2 =
0 + 4 =

Сергіту сәті: апта күндері

Дүйсенбіде доп ойнадық алаңда,
Сейсенбіде серуен құрдық далада,
Сәрсенбіде сурет салдық сәндетіп,
Бейсенбіде би биледік әндетіп,
Жұма күні жидек тердік ағаштан,
Сенбі күні кино көрдік театрдан,
Жексенбіде үйде болдық демалдық.

Негізгі бөлім: Қарабас-Барабаспен кездесу

Достарымызға жеттік. Бірақ Қарабас-Барабас оларды «бір-бірден ғана босатамын» дейді.

Жаңа тақырып: 7 саны

Қара, мына қызықты:
Шалғыны кім ұмытты?
Жеті болам бір тартсаң,
Бел ортамнан сызықты.

Каллиграфиялық кезең

Тақтада 7 санының жазылуын көрсету. Кейін оқушылар саусақты бояуға батырып, қағазға 7 цифрын жазады.

«7» саны өмірде қайда кездеседі?

  • Кемпірқосақтың түсі — жетеу.
  • Аптада жеті күн бар.
  • «Жеті ата» ұғымы.
  • «Жеті желпек» (дәстүрлі ұғым ретінде).

Апта күндері (ретімен)

Әр оқушыға күн атауы беріледі, тақтаға дұрыс ретімен орналастырады:

1
Дүйсенбі
2
Сейсенбі
3
Сәрсенбі
4
Бейсенбі
5
Жұма
6
Сенбі
7
Жексенбі

Нәтиже: бір досымыз босады — Мальвина.

Тапсырма: сандардың көршілерін ата

Ауызша жұмыс: берілген сандардың алдындағы және кейінгі сандарын атау.

… 1 …

… 6 …

… 5 …

… 4 …

Нәтиже: тағы бір досымыз босады — Артемон.

Тапсырма: 7 санын құрастыру (топпен)

Қосу мен азайтуды қолданып, 7 санына қатысты теңдеулерді толықтыру.

6 + … = 7
5 + … = 7
4 + … = 7
… + 6 = 7
… + 5 = 7
… + 4 = 7
7 − … = …
7 − … = …
7 − … = …
7 − … = …
7 − … = …
7 − … = …

Нәтиже: тағы бір досымыз босады — Пьеро.

Сабақ соңындағы жұмбақтар

Қорытындыны бекіту үшін оқушылар жұмбақ есептерді шығарады:

  1. Қағаз бен қалам ал:
    Екі ешкінің мүйізі нешеу?

  2. 10 асықтың 3-еуін досың сұрап алды.
    Айтшы, сонда нешеуі өз қолыңда қалады?

  3. Алшаға кеп, күнара
    Қонушы еді бір ара.
    Бүгін тоғыз туысын
    Ертіп келді бұл ара.

  4. Көлде ұшты жеті қаз,
    Қайтып қонды екі қаз.
    Қонбады оның нешеуі?
    Кәне, кім тез шешеді?

Қорытынды

Сабақ соңында орындалған тапсырмалар қорытындыланады, белсенді қатысқан оқушылар мадақталады.