Ұршық сөзін кеспе әрпімен жазу
Сабақ тақырыбы: «Ұ» дыбысы мен әрпі
Мақсаты
- Балаларды «ұ» дыбысы және «Ұ» әрпімен таныстыру.
- Сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
- Сөз арқылы ойын толық жеткізуге және шығармашылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы
Балалардың ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын жүйелі түрде әңгімелеуге дағдыландыру.
Тәрбиелігі
Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, білімге деген қызығушылығын арттыру.
Әдіс-тәсілдер
Көрнекіліктер
- Ұршық суреті
- Кеспе әріптер
- Текшелер
- Әліппе дәптері
- «Ұ» әрпінің баспа түрі
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі — психологиялық дайындық
Сабақты бастамас бұрын бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық. Әр бала өз атының алғашқы дыбысынан басталатын ізгі тілегін білдіреді. Мұғалім допты лақтырады, допты қағып алған бала өз тілегін айтады:
- Менің атым Ернар. Еліміз тыныш болсын!
- Менің атым Бекзат. Бақытты болайық!
- Менің атым Шаттық. Шаттанып жүрейік!
- Менің атым Расул. Ризамын бәріңе!
II. Өткен сабақты пысықтау
«Ж» дыбысы — дауыссыз дыбыс. Мысалдар: жұмыртқа, жаз, жайлау.
Жұмбақ
Айналада ақ отау,
Аузы-мұрны жоқ отау.
Жауабы: жұмыртқа
III. Жаңа сабақ — дидактикалық ойын «Сиқырлы сандықша»
Жұмбақ
Кіруге адам батпайды,
Затыңды аман сақтайды.
Жауабы: сандық
Сандық ашылды. Ішінен әженің ұршығы шықты.
Сұрақтар
- Ұршықты көргендерің бар ма?
- Ұршық не үшін қолданылады?
Бұрын апа-әжелеріміз қойдың жүнін иіріп, жіп жасап, сол жіптен шұлық, қолғап, бас киім тоқитын. Жүнді иіретін құрал — ұршық.
«Ұршық» сөзінің бірінші дыбысы қандай? Ол — «ұ» дыбысы. Бүгінгі сабақта «Ұ» дыбысы мен әрпін үйренеміз.
Таныстыру және белгілеу
- «Ұ» әрпінің баспа түрін көрсету.
- «Ұ» әрпін ауада жазып көру.
- Дыбысты анық айту және тыңдау.
«Ұ» дыбысының айтылуын бақылап, сөз ішінен табамыз. «Ұршық» сөзін кеспе әріптермен құрастырып жазамыз, дыбыстық таңбаларымен белгілейміз.
«Ұ» дыбысынан келетін сөздер
Сергіту сәті
Қимылды ойын: «Ұшты-ұшты».
Дәптермен жұмыс
Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық? Барлығымыз бірге «Ұ» деп айтайық.
Ұшақ ұшып барады,
Ұшып келіп, ұшақ жерге қонады.
Өлең жолдарын жаттау. Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мадақтау.
Қорытынды сұрақтар
- «Ұ» дыбысын сөздің басынан, ортасынан, соңынан таба аламыз ба?
- «Ұ» дыбысы бар сөздерден буын құрап оқи аламыз ба?
- Дыбыс пен әріптің айырмашылығын айта аламыз ба?
Күтілетін нәтиже
Нені біледі?
- Балалар «Ұ/ұ» дыбысы және әрпімен толық танысады.
- Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратады.
Нені игереді?
- «Ұ» дыбысының артикуляциясын дұрыс айту.
- «Ұ» дыбысы бар сөздерді оқуға машықтану.
Нені меңгереді?
- Дыбыстарды таңбамен сәйкестендіру.
- Әріптерді қосып оқу, буынға бөлу.
- Сұрақтарға толық жауап беру.