Бірінші ребус
Сабақтың идеясы
Бұл сабақ жарыс-ойын форматында өтеді. Мақсат — балаларға ұлттық ойындарды ойната отырып, қазақ тілі сабағына қызығушылықтарын арттыру және тілдік белсенділікті күшейту.
Мақсаты
Ұлттық ойындар арқылы қазақ тіліне назар аударту, сабаққа қызығушылықты арттыру.
Міндеттері
- Логикалық ойлау қабілетін дамыту, тез ойлауға баулу.
- Ұжымшылдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі
Ребустар, ою-өрнектер, ұлттық ойын элементтері.
Сабақ түрі
Ойын-сабақ.
Сабақ барысы
«Бәйгеге түсіп жарыспай, жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып, тәрбие, тәлім табар ма?
Бұл бәйге — ойдың бәйгесі. Кім жүйрік ойға — сол алда!»
Осы ұранмен сабағымыз жарыс түрінде өтеді. Екі топ қатысады: «Көбелектер» және «Қызыл телпек». Жарыста ұлттық ойындар, ребустар және логикалық тапсырмалар орындалады.
1-тапсырма: Аяқталмаған мақал-мәтелдер
Берілген мақал-мәтелдердің жалғасын табыңыз.
-
Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.
-
Ата — ағаш, бала — жапырақ.
-
Туған жердей жер болмас. Туған елдей ел болмас.
2-тапсырма: «Хан талапай» ойыны
Жіліктен шыққан сүйек,
Ойнаймыз біз шертіп.
Бәрімізге таңсық —
Аты оның асық.
Асықтар шашылады. Нөмір түскен сайын бала сұраққа жауап береді.
1-сұрақ
Қазір жылдың қай мезгілі?
Қазір қыс мезгілі.
2-сұрақ
Балабақшада кімдер бар?
Балабақшада балалар бар.
3-сұрақ
Бүгін аптаның қай күні?
Бүгін сәрсенбі.
4-сұрақ
Біздің Отанымыз қандай?
Біздің Отанымыз — Қазақстан.
3-тапсырма: Ребус шешу
Балалар ребусты шешеді. Шыққан сөзге байланысты өлең оқылады.
Бірінші ребус
«Алма», «тышқан», «алмұрт» суреттері. Сөздердің бірінші әріптерінен сөз құралады: АТА.
Екінші ребус
«Әтеш», «жапырақ», «есік» суреттері. Сөздердің бірінші әріптерінен сөз құралады: ӘЖЕ.
Музыкалық үзіліс
Ән: «Менің Отаным».
4-тапсырма: «Теңге алу» ойыны
Шарты
- Шеңбер бойымен «теңге» суреттері қойылады.
- Ішкі жағында лексикалық тақырыптарға қатысты суреттер орналасады.
- Балалар ән ырғағымен жүріп, қимыл-қозғалыс жасайды.
- Музыка тоқтағанда балалар «теңге» суретін алып, ішіндегі суреттерді қазақ тілінде атайды.
5-тапсырма: Ою-өрнек құрастыру
Төрт бөлікке бөлінген оюдан тұтас ою құрастыру үшін команда тапсырманы орындауы керек.
1-топ
«Балабақша» тақырыбы бойынша сөйлем құрастыру
Балабақша үлкен, жарық, таза, әдемі.
Балабақша екі қабатты.
Мен балабақшада ойнаймын, тамақ ішемін, ұйықтаймын.
2-топ
«Ойыншықтар» тақырыбы бойынша сөйлем құрастыру
Менде ойыншық қоян бар.
Ойыншық қоян әдемі, үлкен, түсі ақ.
Қимыл-ойын кезегі: «Арқан тарту»
Сергіту сәті ретінде топтар арқан тартып, ұйымшылдық пен ептілікті көрсетеді.
6-тапсырма: «Тай жарысы» ойыны
Шарты
Әр топқа екі тапсырма беріледі:
- 1-топ: «Көкөністерді жина»
- 2-топ: «Жемістерді жина»
Қорытынды
- Балалардың білімін бағалау.
- Мадақтау.
- Қоштасу.
Кел, ойнайық!
Ойын арқылы үйрену — көңілді әрі нәтижелі.