Балаларға адамдар заттарды жасағанда осы материалдардың қасиеттерін қалай қолданатынын көрсету

Оқу іс-әрекетінің сипаттамасы

Білім беру саласы
Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы
Металл мен ағаштың қасиеттерімен танысу

Мақсаты

  • Балаларды ағаш пен металдың қасиеттерімен таныстыру: металл — суық, ағаш — жылы материал; металл ағашқа қарағанда берік және ауыр.
  • Адамдар заттарды жасағанда осы материалдардың қасиеттерін қалай қолданатынын көрсету.
  • Заттарды зерттеу арқылы балаларды себеп–салдарлық байланыс орнатуға үйрету.

Көрнекі құралдар

  • Темір және ағаштан жасалған заттар
  • Су
  • Майшам

Билингвалды компонент

ағаш

дерево

темір

металл

Тәрбиешінің іс-әрекеті

«Ғажайып қапшық» тапсырмасы

Тәрбиеші: Балалар, мына қапшықтың ішінде әртүрлі заттар бар. Соларды бір-бірден алып көріңдер. Олар неден жасалған?

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Енді ағаштан жасалған заты бар балалар бір топқа, темірден жасалған заты бар балалар бір топқа жиналыңдар.

Тәрбиеші: Темір мен ағаш бір-біріне ұқсай ма?

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Енді заттарды үстелге қойып, орындарымызға отырайық.

Ертегі арқылы түсіндіру

Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге ағаш пен темір туралы ерекше ертегі айтып бергім келеді.

Ертеде екі дос өмір сүріпті: бірі — ағаш, екіншісі — темір. Екеуі өте тату болып, адамдарға көмектесіп жүріпті. Бір күні олар дауласып қалыпты: «Қайсымыз адамдарға көбірек керекпіз?» — деп таласыпты. Даудың шешімін табу үшін екеуі жолға шығыпты.

Алдарынан бір кедергі кездесіпті — өзен.