Пейзаж жанрына сүрет салу барысында оқушылардың сүреттерін бақылау

Сабақ мақсаты

Білімдік

  • Табиғаттың әр мезгіліндегі мың құбылған бояу реңдерін байқап, көре білуге баулу.
  • Дала табиғатын бейнелеуге үйрету.
  • Портрет жанры туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық

  • Перспектива ұғымын меңгерту.
  • Акварель және түрлі-түсті қарындашпен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру.

Тәрбиелік

  • Оқушыларды туған жердің табиғатын аялауға, елін және жерін сүюге тәрбиелеу.
  • Қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілік қалыптастыру.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.
  • Үй тапсырмасын тексеру.
  • Өткен тақырыптарды қайталау.

2) Ой қозғау: сұрақ-жауап

Оқушылардың алдыңғы білімін еске түсіруге арналған қысқа сұрақтар:

  1. Бейнелеу өнерінің түрлерін атаңдар.
  2. Мүсін неше топқа бөлінеді?
  3. Сәулет өнері дегеніміз не?
  4. Құрылыстар салу өнері қалай аталады?
  5. Өлі табиғатты бейнелейтін жанр қалай аталады?
  6. Кеуделік мүсін дегеніміз не?
  7. Ақ-қара штрихпен салынған сурет қалай аталады?
  8. Суға тез еритін бояу түрі қандай?
  9. Жануарларды бейнелейтін шығарма қай жанрға жатады?

3) Жаңа материалды меңгеру

Бейнелеу өнері жанрларымен қысқаша танысу:

  • Натюрморт
  • Пейзаж
  • Портрет
  • Тарихи
  • Анималистік
  • Маринистік (теңіз көрінісі)

Пейзаж жанры

Пейзаж — табиғат көрінісін бейнелейтін жанр. Адамды қоршаған әлем суретшіге шабыт беріп, көңіл күй мен мезгіл сипатын түстер арқылы жеткізуге мүмкіндік береді.

Портрет жанры

Портрет — адамның келбетін ғана емес, оның мінезін, көңіл күйін, ішкі жан-дүниесін көрсетуді мақсат ететін жанр. Бет әлпетін, пропорцияны және жарық-көлеңкені дәл беру маңызды.

Көрнекілікпен жұмыс

Фотослайд пен бейнетаспаны қарап, пейзаж бен портреттің ерекшеліктерін салыстыру.

4) Сергіту сәті

Түрлі-түсті келбетті,
Қандай әсем жер беті!
Алуан бояу баулары,
Аппақ басты таулары.
Жасыл жайлау орманы...
Қандай әсем жер беті!

5) Практикалық жұмыс

  • Пейзаж жанрында сурет салу.
  • Оқушылар жұмысы барысында бағыт-бағдар беру және бақылау.
  • Бояумен жұмыс істеу ережелерін еске түсіру (тазалық, түсті араластыру, қылқаламды күту).

6) Қорытындылау және бағалау

Көрме

Оқушылардың салған суреттері бойынша шағын көрме ұйымдастыру.

Талдау

Жетістіктері мен кемшіліктерін атап, келесі жұмысқа нақты ұсыныс беру.

7) Сабақты бекіту: сұрақтар

  1. Пейзаж жанры дегеніміз не?
  2. Пейзаж жанры бойынша кімдердің шығармаларын білесіңдер?

8) Үй тапсырмасы

Досыңның портретін салу.

Оқу нәтижесі

  • Пейзаж бен портрет жанрларының ерекшеліктерін ажыратады.
  • Перспектива мен түстік реңктерді қолдана отырып жұмыс жасайды.
  • Туған өлкенің табиғатын қадірлеу және қорғау құндылығын түсінеді.