Қалпына келтіру
Сабақ тақырыбы
Тақырыбы: Бумалар мен жарлықтарды даярлау және жою.
Мақсаты
- Білімділік: оқушыларды бумалар мен жарлықтарды жасау және жою тәсілдерімен таныстыру.
- Дамытушылық: алған білімді қолдану дағдыларын дамыту.
- Тәрбиелік: ізгілікке тәрбиелеу.
Сабақ туралы мәлімет
- Сабақтың түрі
- Жаңа сабақты түсіндіру
- Пәнаралық байланыс
- Программалау негіздері
- Көрнекі құралдар
- Оқулықтар, буклеттер
Өткен сабақты қайталау
1. Басқару батырмаларының түрлерін атаңыз.
2. Сұхбаттасу терезелерінің стандартты элементтерін атаңыз.
Жаңа сабақты түсіндіру
Бұл бөлімде бума (қалталар) мен жарлықтарды (ярлық) жасау, жою және қажет болған жағдайда қалпына келтіру тәсілдері қарастырылады.
1) Жеке бума (Folder) ашу
- Жұмыс үстелінде (Desktop) курсорды экрандағы бос аймаққа апарып, тышқанның оң жақ батырмасын басыңыз.
- Ашылған контекстік мәзірден Жасау (New) → Бума (Folder) командасын таңдаңыз.
- Пайда болған бума белгішесінің астына атауын бірден енгізіп, Enter пернесін басыңыз.
- Ал терезе ішінде бума ашу қажет болса, сол терезеде Файл → Жасау → Бума командасын орындаңыз.
2) Жарлық (Shortcut) дегеніміз не?
Жарлық (ярлық) — бумалардың ішінен ұзақ іздемей-ақ, кез келген дискідегі объектіге (бағдарламаға, файлға, құжат шаблонына) жылдам қол жеткізуге мүмкіндік беретін сілтеме. Жарлықтар көбіне жиі қолданылатын бағдарламалар мен құжат шаблондары үшін жасалады және оларды жұмыс үстеліне немесе кез келген бума ішіне орналастыруға болады.
3) Жарлық жасау жолдары
- 1 Жарлық сақталатын орынды таңдаңыз (мысалы, жұмыс үстелі немесе белгілі бір бума).
- 2 Тышқанның оң жақ батырмасын басып, контекстік мәзірден Жасау → Жарлық командасын таңдаңыз.
- 3 «Жарлық жасау» терезесі шыққаннан кейін командалық жолға қажетті объектінің жолын (path) енгізіңіз.
- 4 Жолы белгісіз болса, Шолу (Browse) арқылы дискілерді қарап, қажетті файлды таңдаңыз.
- 5 Дайын (Finish) батырмасын басыңыз — жарлық жасалады.
4) Жарлықтар мен бумаларды жою
Windows жүйесінде кез келген объектіні (бума, файл, жарлық) жою бірдей принциппен орындалады. Маңызды ақпаратты кездейсоқ өшіріп алмау үшін жоюдың бірнеше тәсілі қарастырылған:
- Қоржын (Recycle Bin) арқылы жою — объект уақытша қоржынға жіберіледі.
- Толық жою — объект қоржынды айналып өтіп бірден жойылады.
- Жою кезінде ескерту беру — жүйе әрекетті растауды сұрайды.
5) Қалпына келтіру (Қоржыннан қайтару)
Қоржынға түскен объектілерді бастапқы орнына қайтару үшін төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
- 1 «Қоржын» белгішесін курсормен көрсетіп, тышқанды екі рет шертіңіз.
- 2 Қалпына келтірілетін объект(ілер)ді белгілеңіз.
- 3 Файл → Қалпына келтіру (Restore) командасын орындаңыз.
Жаңа сабақты пысықтау
1) Жарлық дегеніміз не?
2) Жеке бума ашу қалай орындалады?
Үй тапсырмасы
Оқулық: 101–103-беттер.