Сөздер құрау жарысы

«Табиғат — тіршілік бесігі» танымдық географиялық кеші

Мақсаты
Оқушылардың жаратылыстану, география, экология пәндері бойынша алған білімдерін жинақтау; тез ойлап, еске түсіру дағдыларын дамыту; табиғат құбылыстарын тануға қызығушылығын арттыру.
Қатысушылар
5–6-сынып оқушылары
Көрнекіліктер
ҚР физикалық картасы, сайыстың атауы жазылған плакат, табиғат суреттері, шарлар.

Кіріспе сөз (жүргізуші)

Қазіргі атом дәуірінде Жер шарының әр түкпірі зерттеліп, жануарлар мен өсімдіктер әлемі адамзат игілігіне айналып отыр. Жер бетінде өсімдіктердің шамамен 500 мың түрі, жануарлардың миллиондаған түрі бар.

Ғылымда біз әлі білмейтін жаңалықтар көп. Бүгін сіздер жаратылыстанудан алған білімдеріңізді және ізденімпаздықтарыңызды байқап көру үшін ойынға қатысып, өздеріңізді сынайсыздар.

«Табиғат — тіршілік бесігі» танымдық географиялық сайысына қош келдіңіздер!

Ойынды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

Сайыс жоспары

  1. 1Жұмбақтар шешу сайысы
  2. 2Білектесу ойыны
  3. 3Тақпақ айту жарысы
  4. 4Мақал-мәтелдердің жалғасын табу
  5. 5Музыкалық үзіліс
  6. 6«Мен — саған, сен — маған» ойыны
  7. 7Сөздер құрау жарысы
  8. 8«Бәйге» ойыны

1-тур: Жұмбақтар шешу

Төмендегі жұмбақтардың жауабын табыңыздар:

  1. Айт десе жүгірмес, суға тисе сілкінбес.
  2. Аспай піскен, қайнамай түскен.
  3. Жабық астында жарты күлше.
  4. Шеңбер жасап өседі, желмен бірге көшеді.
  5. Тақиям толы сөк, таңертең тұрсам жоқ.
  6. Таң ата үйге толады, кеш бата жоқ болады.
  7. Сүйегі қатты, миы тәтті.
  8. Жерге қазық қақтым, басына айдар тақтым.
  9. Тікен-тік, тік пісте: қысы-жазы бір түсте.
  10. Дәмі де, түсі де жоқ; пайдаланбайтын кісі де жоқ.

2-тур: Білектесу ойыны

Әр командадан екі қыз және екі ұл шығады. Жеңілген оқушы төмендегі сұрақтарға жауап береді:

  1. Егінді, шалғынды бейсуат баспайды. Обал болады.
  2. Ауылға атпен шауып келме.
  3. Құстың ұясын, құмырсқаның илеуін бұзба.
  4. Жерді сабалама, жерді теппе.
  5. Көкті жұлма.
  6. Су ішкен құдығыңа түкірме.
  7. Айға қарап қол шошайтпа.
  8. Аққуды атуға болмайды.

3-тур: Тақпақ айту жарысы

Әр сынып оқушылары табиғат туралы жаттаған тақпақтарын айтады. Қай сынып көп тақпақ айтса, сол сынып жеңіске жетеді.

Бағалау ұсынысы: мазмұны, мәнерлеп оқу, уақытты сақтау, сахна мәдениеті.

4-тур: Мақал-мәтелдердің жалғасын табу

Берілген мақал-мәтелдердің жалғасын тауып айтыңыздар:

  1. Сәуір болмай — тәуір болмас.
  2. Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесін.
  3. Үлкенге құрмет, кішіге ізет.
  4. Жат елінде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол.
  5. Көрмеген жердің ой-шұңқыры көп.
  6. Ат баспаймын деген жерін үш басады, ер көрмеймін деген жерін үш көреді.
  7. Ат кісінескенше, адам түсініскенше.
  8. Аяз әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл.
  9. Әншейінде ауыз жаппас — той дегенде ауыз ашпас.
  10. Есек мақтанып тұлпар болмас, қарға мақтанып сұңқар болмас.

5-тур: Музыкалық үзіліс

Әр сынып табиғат тақырыбына байланысты алдын ала дайындап әкелген музыкалық қойылымын көрсетеді.

  • Ән, көрініс, шағын композиция, аспаптық орындау болуы мүмкін.
  • Уақыт: 2–5 минут (мектеп тәртібіне сай реттеуге болады).

6-тур: «Мен — саған, сен — маған»

5-сынып оқушылары 6-сыныпқа өздері дайындаған 5 сұрақ қояды. 6-сынып оқушылары 5-сыныпқа әзірлеген 5 сұрағын қояды.

Ұсыныс: сұрақтар табиғат, география, экология тақырыптарынан және жас ерекшелігіне сай болуы тиіс.

7-тур: Сөздер құрау

Әр сыныпқа бір сөз беріледі. Сол сөзден мүмкіндігінше көп сөз құрау керек.

5-сынып

Алатау

6-сынып

Қаратау

8-тур: «Бәйге»

Сұрақтарға жылдам әрі нақты жауап беріңіздер.

Ескерту:

Қажет болса, уақыт өлшеуіш қолданыңыз және әр дұрыс жауапқа ұпай беріңіз.

5-сынып сұрақтары

  1. Қазақстанның бұрынғы астанасы?
  2. Жердің кішірейтілген бейнесі?
  3. 9 нөлі бар сан қалай аталады?
  4. Өткенді заттай деректер арқылы зерттейтін ғылым?
  5. Күн жүйесінде қанша ғаламшар бар?
  6. Ең алғашқы географиялық картаны жасаған кім?
  7. Жердің су қабығы қалай аталады?
  8. Ең кіші материк?
  9. Заттардың ең кішкентай бөлігі?
  10. Күнге ең жақын орналасқан ғаламшар?

6-сынып сұрақтары

  1. Қазақстан қай материкте орналасқан?
  2. Астана қай өзеннің бойында орналасқан?
  3. Желдің бағытын анықтайтын құрал?
  4. Жауын-шашын ең көп жауатын жер?
  5. Қазақтың тұңғыш географ-ғалымы?
  6. Экватордың ұзындығы?
  7. Жердің ішкі құрылысы?
  8. Географияның атасы кім?
  9. Ең биік тау?
  10. Ең үлкен материк?

Қорытынды сөз (жүргізуші)

Құрметті қатысушылар мен оқушылар! Бүгінгі танымдық сайысымыз өз мәресіне жетті.

Енді сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз. Сайыс соңында жеңіске жеткен сынып және білімділігімен ерекшеленген оқушылар марапатталады.