Натурал сандар

Тақырып: Оң және теріс сандар (6-сынып математика)

Бұл сабақ оң және теріс сандар туралы түсінікті жүйелеп, координаталық түзу арқылы сандарды белгілеу дағдысын дамытады. Оқушылар есеп шығару барысында жаңа идеялар ұсынып, ойлау тәсілдерін кеңейтеді.

Сабақтың оқу мақсаты

Оң және теріс сандармен жұмыс істеу арқылы ұғымдарды тереңдету, есеп шығаруда жаңа ой қалыптастыру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар

  • Тақырып бойынша ойын анық, нақты тұжырымдайды.
  • Диалогтік оқытуда жоғары және төмен деңгейлі сұрақтар қоя біледі.
  • Сыни ойлау дағдысы қалыптасады.

Оқушылардың басым бөлігі

  • Координаталық түзуді пайдаланып, нүктелердің координаталарын дұрыс енгізеді.

Кейбір оқушылар

  • Оң және теріс сандардың, сондай-ақ координаталық түзудің маңызын бағалайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар ұғымдарға мысал келтіріп, олардың мәнін сипаттай алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер

  • Оң және теріс сандар
  • Плюс (+), минус (−) таңбалары
  • Градус
  • Санақ басы

Координаталық түзумен байланысты ұғымдар

  • Координаталық түзу
  • Бірлік кесінді
  • Оң бағыт және теріс бағыт
  • Нүктелердің координаталары

Алдыңғы оқу

Құрамында дәреже бар өрнектерді түрлендіру.

Сабақ құрылымы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу
  • Түгендеу
  • Психологиялық дайындық

Қызығушылықты ояту (миға шабуыл)

Сұрақ: «Біз қандай сандарды білеміз?»

Оқушылардың ықтимал жауаптары:

  • Натурал сандар — нәрселерді санағанда қолданылады.
  • Өлшеу және есептеу кезінде натурал сандармен бірге жай бөлшектер мен ондық бөлшектер де қолданылады.

Мағынаны тану (Жигсо әдісі)

Сынып топтарға бөлініп, әр топ тақырыптың бір бөлігін талдайды. Кейін әр топ өз нәтижесін ортақ талқылауға ұсынады.

1-топ

Натурал сандар.

2-топ

Оң және теріс сандар. Координаталық түзудегі нүктелердің координаталары.

3-топ

Оң және теріс сандардың өрнектелуі. Координаталық түзудің орналасуы.

Оң және теріс сандар не үшін қолданылады?

  • Өлшеу және есептеу жұмыстарында шамалардың тура мағынасы мен қарама-қарсы мағынасының өзгерісін сан мәні арқылы ажырату үшін қолданылады.
  • Тура мағынадағы шаманың сан мәнінің алдына + таңбасы қойылады.
  • Қарама-қарсы мағынадағы шаманың сан мәнінің алдына таңбасы қойылады.
  • Демек, шамалардың оң және теріс сандармен жазылуы бағыт пен мән-мағынаны нақты көрсетеді.