Ақын Әсет Найманбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту

Сабақтың тақырыбы

Әсет Найманбайұлының өмірі мен шығармашылығы.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Ақын Әсет Найманбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білімді кеңейту. Әдебиетке әкелген жаңалықтарын, қоғамдық-әлеуметтік мәселелерге көзқарасын, тұрмысты бейнелеудегі ақын-әншінің әдебиет тарихындағы орнын таныту. Өлеңдерінің ерекшелігін айқындау.

Дамытушылық

Оқушылардың поэзияға сүйіспеншілігін арттыру. Теориялық талдау жасай білуіне, ізденушілік қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

Тәрбиелік

Оқушыларды адамгершілікке, өнерді бағалай білуге және халықтық дәстүрді құрметтеуге баулу.

Сабақ туралы жалпы мәлімет

Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Көрнекі құралдар
Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы слайд, интерактивті тақта, кітаптары.
Сабақтың әдістері
Оқу, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, шығармашылық-танымдық жұмыс.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сынып оқушыларының сабаққа дайындығы тексеріледі. Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен міндеттері хабарланады.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Зерттеуші ғалымдардың айтуынша, Әсет Найманбайұлы 1867 жылы Қарқаралы уезінің Темірші болысына қарасты сегізінші ауылда дүниеге келген. Бұл — қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданының Қызыларай ауылы.

Әсеттің әкесі — Найманбай, анасы — Кермеқас. Олар тұрмысы төмен жандар болған. Әсет жастайынан ата-анасымен бірге Семейге қоныс аударады.

Ақынның ескіше, яғни мұсылманша білім алғаны анық байқалады. Ырысжанмен айтыс кезінде ол өзінің білімділігі арқылы қыздың жұмбақтарымен қатар діни жұмбақтарын да дәл шешкен.

Маңызды тұжырым

Әсеттің қисса-дастандарға жүгінуі және жұмбақ шешудегі дәлдігі — оның шығыс әдебиеті мен мұсылманша оқуды терең меңгергенін көрсетеді.

Оның «Ағаш ат», «Шеризат», «Барат қыз», «Француз», «Шаһи Ғаббас», «Жәмсап» сияқты қисса-дастандардың сюжетін шығыс әдебиеті үлгілерінен алуы да осының айғағы.

Ел арасына кең тараған «Інжу-маржан» әнінің қайырмасында:

Сейфіл Мәлік – Жамалдай бейнетіңе көнсем-ай, Қозы Көрпеш – Баяндай бір молада өлсем-ай…

Бұл жолдар ақынның ауыз әдебиетімен де, шығыс әдебиеті үлгілерімен де жақсы таныс болғанын аңғартады.

Сәбит Мұқанов: «Біржанның әндері сияқты Әсеттің әндері де аса биік, ырғақты, қайырымы қиын болған. Сондықтан оның әндерін үйрену де қиын еді», — деп пікір білдірген.

Әсеттің «ақырғы сөзінен» үзінді

Бозбала, осы әнімді үйренерсің,

Ырғаққа келтіре алмай күйзелерсің…

…Асау ән жетегіңе жүрмеген соң,