Етістікті табу

Мақсаты мен міндеттері

Мақсаты

Етістік сөз табы туралы толық теориялық білім беру.

Міндеттері

  1. Етістіктің негізгі лексикалық мағынасы мен қызметі туралы түсінікті кеңейту.
  2. Сөйлемді жүйелі құруға, өздігінен қорытынды жасауға дағдыландыру; ойлау дағдысын дамыту.
  3. Әдемі жазуға, мәнерлі сөйлеуге және тәрбиелік құндылықтарды ұстануға баулу.

Ұлттық тәрбие өзегі

Ұлттық тәрбие берудің бір жолы — тыйым сөздерді білу мен қолдануды нығайту, тәрбиелік мәнін түсіндіру.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Психологиялық дайындық: оқушыларды қазақ тілі сабағына жұмылдыру.
  • Өзін-өзі бағалау парақтарын дайындау.

2) Үй тапсырмасын тексеру

  • 378-жаттығуды тексеру.
  • Өтілген материалды пысықтау.

3) Өткенді еске түсіру: «Топтастыру» стратегиясы

Тірек ұғым

Зат есім

Тапсырма

Зат есімнің ережесін айту, мысал келтіру: домбыра, гүл, т.б.

4) Жаңа сабақ: етістікке көшу

Жұмбақ

Сөйлемнің соңында тұрамын.

«Не істеді? Не қылды?» — сұрағым.

Сөйлемде тұрлаулы мүше болып,

Қимылды білдіріп шығамын.

Жауабы: Етістік.

Тапсырма

Зат есімдерді қатыстырып сөйлем құрастыру. Сөйлемдер заттың іс-қимылын білдірсін.

Мысал

Мен домбыра тарттым.

Оқушыларға ережені өздеріне шығартып қорытынды жасату.

Ереже

Заттың іс-қимылын білдіретін сөздерді етістік дейміз. Етістікке қойылатын сұрақтар: не істеді? не қылды? қайтты?

5) Мағынаны тану кезеңі

Көркем жазу

Жж — дауыссыз, ұяң дыбыс.

Жұма — қасиетті күн. Бұл күні үлкендер Құраннан дұға оқиды.

Жұмбақ арқылы ой қозғау

Аузымен сурет салады,
Демімен ағаш жарады.

Тапсырма: етістіктердің астын сызу; дара етістікті күрделі етістікке айналдыру.

Оқулықпен жұмыс: «Болжау» стратегиясы

Мәтін

«Қысқы тамашы»

Мәтінді 3 бөлікке бөлу.

Проблемалық сұрақ

Келесі тапсырма не туралы болуы мүмкін?

Болжау сұрақтары

  • 1-бөлім: әрі қарай не болады?
  • 2-бөлім: әрі қарай не болды?
  • 3-бөлім: оқиғаны қалай аяқтар едің?

Сергіту сәті: «Поэзия минуты»

Қыс мезгілі мен ойындар туралы өлеңдер оқу арқылы оқушылардың қиялын дамыту.

Сөйлем мүшесіне талдау

Ауылдың шетінде сырғанақ жасалған.

Балалар сырғанақ теуіп жүр.

Үлестірме қима қағаздармен жұмыс

№1

жыр, би, ой, шеге, тұз → жыр-ла

Тақырып: негізгі және туынды сөздер.

№2

ақ, қара, жаңа, ірі, ұсақ → ақ-та

Сөз тудырушы жұрнақтарды байқау және талдау.

6) Шығармашылық тапсырма

Ауызша сөйлем құрау: етістіктерді орынды қолдану арқылы ойды нақты, жүйелі жеткізу.

7) Тыйым сөздермен жұмыс (тәрбиелік бөлім)

Көргенді жас, пәк бала,
Дастарқаннан аттама!
Жоқ әдетті шығарма,
Түнде көлден су алма!

Үнтаспадан тыйым сөздерді тыңдау, мағынасын ашып, тәрбиелік мәнін талқылау.

8) Бекіту және қорытындылау

Оқулық

386-жаттығу

Мәтіннен болымды және болымсыз етістіктерді табу.

Ереже

Болымсыз етістік -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары арқылы жасалады.

Қайталау: ережені нақтылау, мысалдармен бекіту.

Салыстыру

Венн диаграммасы арқылы болымды және болымсыз етістіктердің ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру.

9) Бағалау

Өзін-өзі бағалау қорытындысын тыңдау, кері байланыс беру.

10) Қорытынды және үй тапсырмасы

Қорытынды тапсырма

«Ой-қиял дәптеріне» әріп жасыру тапсырмасын орындау.

Үй жұмысы

388-жаттығу

Мәтіннен етістіктерді табу, сұрақтарын қойып талдау.