Тәуелдік жалғауы бар сөзді табыңдар

Қайталау сабағы

Бұл сабақ оқушылардың өткен модуль бойынша білімдерін бекітуге, тексеруге және теориялық білімді практикалық тапсырмалармен ұштастыруға бағытталған. Сонымен қатар тапқырлық қасиеттерін қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өз заманының озық ойлы, кең өрісті, шығармашыл әрі мәдениетті азаматын тәрбиелеуге ықпал етеді.

Сабақтың түрі

Қайталау сабағы

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Әңгімелесу, сөйлесу
  • Ойды тиянақты жеткізу

Көрнекілік

  • Слайд
  • Тапсырмалар

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

А) Амандасу және дайындық

  • Амандасу
  • Оқушыларды түгендеу
  • Сабаққа дайындығын тексеру

Ә) Психологиялық дайындық

Сабақтың ұраны:

Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерледі ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым — дара тілім.

Жақсы тілекпен бастау: «Шаттық шеңбері»

Сәттілік біздер тілейік,
Мен саған, сен маған —
Күні бойы күліп жүрейік.
Күннің нұрын төгейік,
Сен маған, мен саған.

Тіл туралы ой

Н. Ә. Назарбаевтың сөзі: «Қазақ тілі — өте әдемі, көркем тіл, сондықтан бұл тілді білмеу мүмкін емес.»

Сұрақ: Тілдер мерекесін қашан тойлайды?

Жауап: 22 қыркүйек — Тілдер күні.

Елбасының жарлығына сәйкес, 22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күні болып жарияланған. Осы қайталау сабағында мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергенімізді көрсетеміз.

2) Үй тапсырмасын тексеру

«Миға шабуыл» сұрақтары

  • Зат есім деген не?
  • Атау септігі қандай сұрақтарға жауап береді?
  • Тәуелдік жалғау дегеніміз не?

Дәптермен жұмыс

Оқушылар дәптерлеріне күнін және сабақ тақырыбын жазады.

Жекеше жұмыс (карточка)

Әр оқушыға карточка беріледі. Тапсырма: бір зат есімді жекеше және көпше түрде тәуелдеу (жазбаша).

Ауызша жұмыс: тәуелдеу

Төмендегі сөздерді тәуелдеңдер (қай жақта тұрғанын анықтап, жалғауын атаңдар): мектебім, кітабы, анаңыз, аналары, отбасың, қарындашыңыз, қаламыңыз.

Мысал: мектебім — тәуелдік жалғаудың I жағы, жалғауы -ім, түбірі мектеп.

Музыкалық сергіту сәті

«Қызыл өрік» биі (қимылмен көрсету).

Сұрақ

Сұраулық шылауларды атаңдар.

2-тапсырма: сұраулық шылау

Сөйлемге тиісті сұраулық шылауды қойып, сұраққа жауап беріңдер.

Үлгі: Мынау Азат па? — Иә, бұл Азат.

Топтық ойын: «Пирамида»

Пирамида бойынша сөзден сөз құрастырып, сөйлемді біртіндеп кеңейтіңдер.

Мысал:

  1. Ойын.
  2. Ойын ойнадым.
  3. Мен шахмат ойнадым.
  4. Мен бүгін шахмат ойнадым.
  5. Мен бүгін шахмат ойынын ойнадым.

Топтарға тапсырма:

  • 1-топ: «тіл» сөзі
  • 2-топ: «қазақ» сөзі

Музыкалық сергіту сәті

Қимылмен көрсетіп билеу.

Жалқы есімдер

Жалқы есім — белгілі бір адамға, жерге, ұйымға, нысанға қойылған дара атау.

1-тапсырма

Асты сызылған сөздердің орнына жалқы есімдерді қойып жазыңдар.

Мысал: Оның атасы ағаш екті. → Арманның атасы ағаш екті.

3) Сөздік жұмысы

  • Сараңдылық жадность
  • Жалқаулық лень
  • Екіжүзділік двуличие
  • Менмендік высокомерие
  • Қорқыныш страх
  • Кемшілік недостатки
  • Қарапайым скромность

4) Мәтінмен жұмыс

Мәтінді оқып, сөздік арқылы аударыңдар.

  1. Жұрттың бәрімен, әсіресе қарт адамдармен, қай жерде және қай уақытта болсын амандасып жүр. Денсаулығым жақсы болсын десең, өзгелердің де саулығын сұрап амандас.
  2. Өзіңді қоршаған табиғатты сүй.
  3. Өз бойыңдағы сараңдылықты, жалқаулықты, екіжүзділікті, менмендікті, қорқынышты жең. Адамға сен, адамды сүй. Олар туралы әділетсіз сөз айтпа.
  4. Қарапайым бол!
  5. Әр нәрсеге бола ашуланба.
  6. Егер дұрыс істемесең, кемшілігіңді тез түзетуге тырыс.
  7. Қуанышты күндеріңді жиі еске түсір.

Сұрақ

Мәтіннен тәуелдік жалғауы бар сөзді табыңдар. Оны жекеше және көпше түрде тәуелдеңдер.

Қорытынды және бекіту

Сабақты бекіту үшін тест тапсырмаларын орындаймыз.

Тест сұрақтары

  1. Тәуелдік жалғауы дұрыс жалғанған сөзді тап:
    А) менің сыныбым
    Ә) біздің үйде
    Б) біздің кітап
  2. «Мектеп» сөзі қай тілден шыққан?
    А) орыс
    Ә) түрік
    Б) араб
  3. Тәуелдік жалғауы жалғанған сөзді тап:
    А) денсаулық
    Ә) денсаулығы
    Б) денсаулықта
  4. Дұрыс жазылған сөзді көрсет:
    А) мүгалім
    Ә) мұғалім
    Б) мұғалым
  5. «Сенің кітаб…» сөзіне дұрыс жалғауды жалға:
    А) –ым
    Ә) –ың
    Б) –ы
  6. Зат есімді тап:
    А) оқушы
    Ә) оқыды
    Б) қызық

Үй тапсырмасы

  • Жаңа сөздерді жаттау.
  • Зат есім туралы оқып келу.
  • «Зат есім» тақырыбына сөзжұмбақ немесе ребус құрастыру.

Бағалау

Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Ақылбай ауылы орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі: Шәріпова Жанар Жәнібекқызы.