Тірі табиғатты ата
Мақсаты
Оқушыларға топырақ туралы түсінік қалыптастыру: оның қасиеттерін, маңызын, құрамын және құнарлылығын таныту. Топырақты қорғаудың қажеттігін түсіндіру және оқушылардың дүниетанымын кеңейту.
Қамтылатын ұғымдар
- Топырақтың қасиеттері
- Құрамы және құнарлылығы
- Топырақты қорғау
Көрнекіліктер
Жұмбақ, сұрақ-жауап, сөзжұмбақ, сурет, сызба, ойын түрлері және карта материалдары.
I. Ұйымдастыру кезеңі
Топқа бөлу
Оқушылар топтарға бөлініп, әр топтан топ басшысы сайланады.
Күн — ана
Жарық пен жылудың бастауы
Ауа — ана
Тыныс пен өмір нәрі
Су — ана
Тіршіліктің өзегі
Жер — ана
Өсім мен ырыстың мекені
«Шаттық шеңбері»
Оқушылар қол ұстасып, табиғаттың төрт тірегін өлең жолдарымен айтады.
Күн — ана
Шуақ сәуле әлемге, күн нұрымен тарайды.
Ауа — ана
Ауа — өмір нәріміз, тыныстайтын бәріміз.
Су — ана
Су — тірліктің өзегі, ақса болар өзені.
Жер — ана
Аспанда — жұлдыздар, жерде — біздің ұл-қыздар.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасы: «Су — еріткіш. Суда еритін және ерімейтін заттар». Сұрақтарға жауап алу үшін «Сөйлейтін қалам» ойыны ойналады: қалам кімнің қолында болса, сол жауап береді.
Сұрақ-жауап
- 1. Тарау қалай аталады? Табиғат.
- 2. Табиғат нешеге бөлінеді? Тірі және өлі.
- 3. Тірі табиғатты ата. Адам, өсімдік, жануар.
- 4. Өлі табиғатты ата. Тау, тас, өзен, су.
- 5. Тірі табиғатқа не қажет? Ауа, су, жарық, жылу, тамақ.
- 6. Судың қандай қасиеттері бар? Түссіз, иіссіз, мөлдір, пішіні жоқ, сұйық, жұққыш.
- 7. Судың табиғаттағы үш күйін ата. Сұйық, бу, қатты.
- 8. Суда еритін заттар қандай? Қант, тұз.
- 9. Суда ерімейтін заттар қандай? Құм, саз, балшық (еріменейді, бірақ араласады).
- 10. Су көздерін ата. Өзен, көл, теңіз, бұлақ.
Суға қатысты нақыл сөздер
- «Бұлақ көрсең, көзін аш.»
- «Сулы жер — нулы жер.»
- «Су — тіршілік көзі.»
- «Судың да сұрауы бар.»
Тыйым сөздер
- Түнде суға барма.
- Су ішкен құдығыңа түкірме.
- Суды үнемдеп пайдалан.
- Судың бетін ашық қалдырма.
Сергіту сәті: «Дұрыс — бұрыс»
Ереже: дұрыс болса — отыру, бұрыс болса — қол соғу.
- Су — сұйық. Дұрыс (отырамыз).
- Су қатпайды. Бұрыс (қол соғамыз).
- Сумен жуынамыз. Дұрыс (отырамыз).
- Суды жейміз. Бұрыс (қол соғамыз).
- Суды ішеміз. Дұрыс (отырамыз).
- Ауаны жұтамыз. Дұрыс (отырамыз).
- Ауаны жейміз. Бұрыс (қол соғамыз).
- Ауаны көреміз. Бұрыс (қол соғамыз).
III. Жаңа сабақ: Топырақ және оның маңызы
Жаңа тақырып сөзжұмбақ арқылы ашылады. Одан кейін «Тазартылған тақта» ойыны ойналып, негізгі ұғымдар бекітіледі.
Сөзжұмбаққа бағыттайтын сұрақтар
- 1) Кез келген заттың бейнеленген көрінісі қалай аталады?
- 2) Көкжиек тұсы.
- 3) Адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасы және жүріс-тұрысының ережесі.
- 4) Су табиғатта көбінесе қандай күйде кездеседі?
- 5) Бес қажеттіліктің бірі.
- 6) Белгілі бір заттың көлемін кішірейтетін сан.
- 7) «Тау-тау ақ қар, ерімейді ыстықта.»
Оқу материалы
Сабақта «Топырақ. Топырақтың маңызы» тақырыбы бойынша слайд/көрсетілім материалы қолданылады.