Мұғалім мамандығы

Сабақтың тақырыбы: «Мамандықтар еліне саяхат»

Мақсаты

  • Балалардың әртүрлі мамандықтар туралы білімін толықтыру.
  • Сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру арқылы зейінін дамыту.
  • Ересектердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу және мамандық таңдауға қызығушылық ояту.

Көрнекілігі

Әртүрлі мамандық иелері туралы суреттер, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Бір — екі — үш…

Сынып іші тып-тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз.

Жақсы! Жарайсыңдар, балалар!

II. Жаңа сабақ: «Мамандықтар еліне саяхат»

Балалар, барлығымыз тақтаға назар аударайық! Тақтадан нені көріп тұрмыз? Суреттер жасырылып тұр екен. Ендеше, жасырылған суреттерді тауып көрейік.

Жасырылған суреттер

Дәрігер, мұғалім, құрылысшы, шаштараз, тігінші.

Мұғалім

Оқытады, бағыт береді.

Дәрігер

Емдейді, денсаулықты қорғайды.

Құрылысшы

Үй салады, құрылыс жүргізеді.

Шаштараз

Шаш қияды, сәндейді.

Тігінші

Киім тігеді, жөндейді.

Балалар, осының бәрін бір сөзбен қалай атаймыз? Мамандық иелері.

Саяхатқа дайындық

Ендеше, «Мамандықтар еліне» саяхатқа шығайық. Алдымен көлік түрін таңдаймыз. Таңдауымыз — автобус.

Аялдама 1

Мұғалім

Мұғалім бізге тапсырма дайындады.

1-тапсырма

Сұрақтарға толық әрі нақты жауап беру.

Аялдама 2

Дәрігер

Дәрігер болу үшін қандай құрал-жабдықтар керек?

  • Укол, дәрі-дәрмек, дәрумендер
  • Жүрек қағысын тексеретін құрал
  • Қызуды өлшейтін құрал және т.б.

2-тапсырма

Жылдамдықты сынау: әр мамандық иесіне тиесілі заттарды дұрыс жеткізуге көмектесу.

Аялдама 3

Құрылысшы

Құрылысшыға қандай құралдар қажет?

Кірпіш, құм, су, сылағыш және т.б.

Хаттағы тапсырма: буын ұйқасын жалғастыру

  1. 1. -ға, -ға, -ға — Сайман түрі балға.
  2. 2. -пақ, -пақ, -пақ — Қыста дала аппақ.
  3. 3. Са-са-са — Ызыңдайды маса.
  4. 4. -ла, -ла, -ла — Аға ағашты арала.
  5. 5. Ян-ян-ян — Ұзын құлақ сұр қоян.
  6. 6. Ой-ой-ой — Қорада тұр қой.

Қосымша тапсырма

Үй қалауға көмектесу: кірпіштерді сандар бойынша тиісті орнына қою.

Сергіту сәті

Ендеше, сергіп алайық та, саяхатымызды жалғастырайық.

Аялдама 4: Тігінші

Тігінші болу үшін қандай құралдар қажет?

  • Қайшы
  • Жіп
  • Ине
  • Мата және т.б.

Тапсырма

Тігіншінің тапсырмасын мұқият әрі ұқыпты орындау.

Қорытынды

Бүгін сендер мамандық иелерінің тапсырмаларын жылдам әрі қатесіз орындадыңдар. Сабаққа белсенді қатысқандарың үшін тәттілер беріледі.

Жарайсыңдар!

Көңілді күндерде кездескенше!