Кіріктірілген сабақ

Сабақтың мақсаттары

Білімділік мақсаты

Ою үлгілерін компьютерге түсіріп, сызып, бояудың әдіс-тәсілдерін меңгерту. Алған білім арқылы VII Қысқы Азия ойындарындағы спортшыларымыз секілді өз мүмкіндіктерін жан-жақты (7 қырынан) көрсетіп, жинақтауға дағдыландыру.

Дамытушылық мақсаты

Оқушылардың теориялық білімін іс жүзінде шығармашылықпен қолдануына ықпал ету, сарамандық іс-әрекеттерін қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты

Өз халқының салт-дәстүрін құрметтеуге, ұлтының ерекшеліктерін түсінуге, елін-жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың форматы

Әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Түрі: Технология сабағында компьютерді пайдалану. Кіріктірілген сабақ.

Пәнаралық байланыс: ЭЕМ, сурет, музыка, тарих, әдебиет, математика, сызу, геометрия.

Құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер

Құрал-жабдықтар

  • Қайшы, желім, сызғыш
  • Бояулар, қарындаш, өшіргіш
  • Түрлі-түсті қағаз, картон, қағаз
  • Бор, мата, ине, жіп

Көрнекіліктер

  • Компьютер
  • Матадан тігілген ою үлгілері
  • Суреттер, буклеттер
  • Тест сұрақтары

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1.Оқушыларды сабаққа даярлау, түгендеу.
  2. 2.Техника қауіпсіздігі ережелерін еске түсіру.

II. Үй тапсырмасын тексеру (қызығушылықты ояту)

Өткен сабақты сұрақ-жауап арқылы қайталау, бекіту.

III. Жаңа сабақ

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Оюы көптің өрнегі көп, өрнегі көптің ермегі көп». Яғни ою үлгілерін компьютерге түсіріп, сызып, бояудың әдіс-тәсілдерін меңгереміз.

Назар: Экранға назар аударамыз.

IV. Мағынаны ажырату

VII Қысқы Азия ойындары Астана мен Алматы қалаларында 30 қаңтар–6 ақпан аралығында өтті. Ойындардың нышаны — Азия барысы.

Сол барыс секілді біздің спортшыларымыз өздерін 7 қырынан көрсете білді. Бүгінгі сабақта сендер де өз бойларыңдағы күш-жігерді, қайсарлық пен алғырлықты жан-жақты көрсетуге тырысыңдар.

Ою-өрнектің шығу төркіні

Ою-өрнек қазақ даласына оқу-жазу кең тарамай тұрып-ақ қалыптасқан деуге болады. Өткен ғасырларда ою-өрнек арқылы адамның ой-өрісін, немен шұғылданғанын, тіпті әлеуметтік жағдайын да аңғаруға болатын.

Ою-өрнекті белгілі бір адам немесе жеке шебер ойлап тапқан жоқ — оны халықтың өзі жасаған. Қолөнер шеберлері арнайы шеберханасыз-ақ, үйде не далада ыңғайлы жерді шеберханаға айналдырып еңбек еткен.

Ою-өрнек түрлері (4 топ)

  • Өсімдік тектес
  • Жануар тектес
  • Геометриялық фигуралар тектес
  • Ғарыш әлеміне байланысты

Түйін ой

Қазақтың ою-өрнегін салып, қиып үйренбей қолданбалы өнерді толық игеру қиын. Сондықтан оюды өзіміз ойып үйренеміз.

Халық даналығы: «Өз үйінде ою оймаған адам, кісі үйінде сызу сызады.»

Өнер мен ою туралы мақал-мәтелдер

  • Өнер сыры — өрнекте.
  • Ою ойғанның ойы ұшқыр.
  • Ою ойған сызу да сызады.
  • Үлгісі көптің өрнегі көп, өрнегі көптің ермегі көп.
  • Өнерсізден құт қашады.

Негізгі ұғымдар

Ою-өрнек
Латын тілінен енген ornament ұғымымен байланысты; мағынасы — сәндеу, әсемдеу.
Композиция
Өрнекті бұйым бетіне ретімен, үйлесімді орналастыру. Мысалы, көлемі шағын бұйымға ірі өрнек салынбайды.
Симметрия
Ою-өрнектің екі жағының тең болуы. Мысалы, кітаптың екі бетіндей.
Колорит
Бояулардың бір-бірімен үйлесіп, жарасым табуы. Мысалы, қара түсте қызыл, ақ, сары түстер айқын көрінеді.
Ритм
Ою-өрнекте бір элементтің қайталанып келуі.

Компьютермен жұмыс: қауіпсіздік және Paint

Техника қауіпсіздігі ережелері

  • Кабельдердің қосылған орындарына қол тигізбеу.
  • Жұмыс кезінде мониторға және пернетақтаның сыртқы бөлігіне қол тигізбеу.
  • Оқытушының рұқсатынсыз аппаратураны тоқ көзіне қоспау және ажыратпау.
  • Кітап, дәптер және басқа заттарды монитор мен пернетақтаның үстіне қоймау.
  • Су киіммен немесе су қолмен компьютерде жұмыс істеуге қатаң тыйым салынады.

Paint графикалық редакторы

Компьютерде жұмыс істеу үшін Paint графикалық редакторын қолданамыз. Іске қосу жолы:

БАСТАУ → БАҒДАРЛАМАЛАР → СТАНДАРТТЫ → PAINT

Paint (ағылш.) — «сызу, бояу» деген мағынаны білдіреді.

Сарамандық жұмыс

Екі оюдың үлгісін компьютерде сызып, бояймыз:

1) «Ботакөз» оюы

Пішінін дәл түсіріп, симметрияны сақтап бояу үйлесімін таңдаңыз.

2) «Сынық мүйіз» оюы

Элементтердің ритмін сақтап, композицияны дұрыс орналастырыңыз.

Ой сергіту: жұмбақтар

Жұмбақ 1

Таптым, таптым тап жорға,
Табаны жалпақ боз жорға.

Жауабы: түйе, түйетабан, ботакөз, өркеш

Сұрақ

Қазақ оюының ең кең тараған үлгісі қайсы?

Жауабы: «Сынық мүйіз»

Жұмбақ 2

Арқалаған тауы бар,
Іші толған қоры бар.

Жауабы: түйе

Сұрақ

Қыз есімімен аталатын өрнек қалай аталады?

Жауабы: «Ботакөз»

Тест тапсырмалары

Тест сұрақтарын компьютердің көмегімен орындаймыз. Нәтижесін компьютер автоматты түрде бағалайды.

1. Ең көне ою

  • A) қошқармүйіз
  • Б) тұмарша
  • В) қызғалдақ
  • Г) жұлдызша

2. Магиялық ою

  • A) тұмарша
  • Б) гүл
  • В) шимай
  • Г) қазмойын

3. Түйе төліне қатысты ою

  • A) шеңбер
  • Б) жапырақ
  • В) ботакөз
  • Г) өрмекші

4. Жануар тектес ою

  • A) сынық мүйіз
  • Б) шиыршық
  • В) шұғыл
  • Г) қармақ

5. Өсімдік тектес ою

  • A) жауқазын
  • Б) қос мүйіз
  • В) өркеш
  • Г) тұмарша

6. Оюдың неше түрі бар?

  • A) 250
  • Б) 200
  • В) 150
  • Г) 170

7. Геометриялық ою

  • A) сүйір
  • Б) айшық
  • В) бітпес
  • Г) өрмекші

8. Ғарыш тектес ою

  • A) шеңбер
  • Б) үш жапырақ
  • В) қаз мойын
  • Г) шынжыра

9. Ұннан әзірленетін ұлттық тағам атауымен аталатын ою

  • A) бауырсақ
  • Б) таба нан
  • В) шелпек
  • Г) қарма нан

10. Түскиізге салынатын өсімдік тектес ою

  • A) жауқазын
  • Б) қызғалдақ
  • В) мак
  • Г) раушангүл

11. Камзолға салынатын ою түрі

  • A) шимай
  • Б) ағаш
  • В) сыңар мүйіз
  • Г) ботакөз

Ой толғаныс және қорытынды

V. Ой толғаныс (INSERT әдісі)

Сабақты қорытындылау үшін төмендегі кестені толтырамыз:

Білемін Білдім Білгім келеді

VI–VII. Бағалау және үй тапсырмасы

Қорытындылау және бағалау

Оқушылардың жұмысы нәтижесі бойынша қорытынды баға қойылады.

Үйге тапсырма

  • Ою-өрнекті қағаздан қиып үйрену.
  • Ою-өрнек туралы «5 жолды өлең» жазу.