Қойдың төлі

2-сыныпқа арналған сабақ жоспары

Тақырып: Үй жануарларының төлдері

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: үй жануарларының төлдерімен таныстыру, білімдерін тереңдету.
  • Дамытушылық: сөздерді және сөйлемдерді дұрыс оқып, мағынасын ұғына білуге дағдыландыру.
  • Тәрбиелік: үй жануарлары тақырыбында тәрбиелік мәні бар әңгіме жүргізу.

Ұйымдастыру және ресурстар

Көрнекілігі
Көрнекі құралдар топтамасы
Құрал-жабдығы
Мультимедиялық кабинет
Әдіс-тәсілдері
Сөз әдісі, логикалық, көрнекілік әдісі

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Сыныптағы оқушыларды түгендеп, бүгінгі сабаққа сәттілік тілейміз.

2) Мотивация кезеңі

Қысқа сергіту-бағдарлау

Басымызды сипаймыз — жақсы ойлау үшін.

Құлағымызды сипаймыз — жақсы есту үшін.

Көзімізді сипаймыз — жақсы көру үшін.

Алақанымызды сипаймыз — жақсы баға алу үшін.

Балалар, бүгінгі сабаққа сәттілік тілей отырып, сабағымызды бастаймыз.

Бүгінгі сабағымыздың қонағы бар: Тазша бала. Ол бізді ауылға апарып, үй жануарларының төлдерімен таныстырады. Біз автобуспен барамыз.

Автобусқа билет алу үшін 1-тапсырманы орындайық.

3) 1-тапсырма: өлеңді мәнерлеп оқу (фонетикалық жаттығу)

Түйе — малдың үлкені, Жылқы — малдың үркегі, Сиыр — малдың сүттісі, Қой — түліктің құттысы.

Миға шабуыл

  • Үй жануарларын білесіз бе? Атап көріңіз.
  • Өлеңде үй жануарларының қандай түрлері кездесті?

Билет алынды — енді автобусқа отырайық.

4) Сөйлесу кезеңі: танысу (сұхбат)

Жол ұзақ, сондықтан автобуста қонақпен танысып алайық.

5) Бірінші ауыл: Шопан атаның ауылы

Шопан ата бізді төрт түлікпен таныстырады. Тапсырмалар:

  • Суретке қарап үй жануарларын атау.
  • Сөздермен байланысты сөз тіркестерін құрастыру.
  • Малдың қандай пайдасы бар екенін айту.

Мысал

Сиыр — үлкен, қоңыр. Сиыр сүт береді. Сүттен айран, май, ірімшік жасайды. Мен сүт ішемін.

6) Екінші ауыл: Ойсылқара атаның ауылы (жаңа сөздер)

Ойсылқара ата бізді жаңа сөздермен таныстырады: сөздерді дұрыс айту, дәптерге жазу, сөз тіркестерін құрастыру.

Қазақша

Орысша

Төрт түлік мал

четыре вида домашнего скота

Бұзау

теленок

Құлын

жеребенок

Бота

верблюжонок

Қозы

ягненок

Лақ

козленок

Төл

детеныш домашнего животного

Мысал

Бұзау — кішкентай, қоңыр. Бұзау — сиырдың төлі. Ол сүт пен шөп жейді.

Сергіту сәті

Қане, қанат жазайық, Қарлығаш боп ұшайық. Ұшып-ұшып алайық, Орнымызға қонайық.

7) Үшінші ауыл: Зеңгі бабаның ауылы

Зеңгі баба бізге тапсырма дайындады.

Сәйкестендір

1) Сиыр Бұзау
2) Жылқы Құлын
3) Түйе Бота
4) Қой Қозы
5) Ешкі Лақ

Дұрыс жауап

1–4, 2–5, 3–1, 4–2, 5–3

Сұрақ-жауап үлгісі

— Бұл сиыр ма?

— Сиырдың төлі құлын ба?

— Бұл жылқы ма?

— Жоқ, бұл — түйе.

— Бұл қой ма?

— Иә, бұл — қой.

— Қойдың төлі не?

— Қойдың төлі — қозы.

8) Төртінші ауыл: Шекшек атаның ауылы

Оқулық: 111-бет, 5-тапсырма.

  • Сөз тіркестерін құрастыру.
  • Сандарды сөзбен жазу (жазылым).

9) Рефлексия кезеңі

5-тапсырма: төртінші артықты тап және түсіндір (сөйлесім).

10) Бағалау

Оқушыларды мадақтау және бағалау.

11) Үй тапсырмасы

  1. 1 115-бет, 1-тапсырма: адасқан төлдерді тауып, атап айту.
  2. 2 «Біздің жануарларымыз» тақырыбына диалог құрастыру.