Жеке оқушыларға тапсырма

Сабақтың тақырыбы

Масштаб және оның түрлері

Сабақтың типі

Аралас сабақ

Сабақтың түрі

Білімді жинақтау және бекіту сабағы

Оқыту әдістері

  • Оқытудың үшөлшемді жүйесі
  • Блум таксономиясы
  • Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, баяндау

Көрнекіліктер

  • Интербелсенді тақта
  • Слайдтар
  • Постерлер
  • Стикерлер
  • Карталар

Мақсаты

Білімділік

  • Оқушыларға масштаб, оның түрлері, қашықтықты өлшеу және оны қағаз бетіне түсіру тәсілдері туралы білім беру.
  • Картадағы географиялық объектінің масштабына сүйеніп қашықтықты анықтауды және өлшемді дәл қағазға түсіруді үйрету.

Дамытушылық

  • Азимут туралы білімді тереңдету.
  • Оқушылардың бағдарлау дағдыларын және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

  • Жергілікті жерді бағдарлау барысында география пәніне қызығушылық қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже

  • Оқушылар тақырыпты меңгереді және өз ойын еркін жеткізеді.
  • Сөздік қоры молаяды.

Сабақтың барысы

I кезең. Ұйымдастыру

Оқушылар қолдарындағы қағаз қиындыларын біріктіріп, суретті құрастыру арқылы топтарға бөлінеді. Нәтижесінде төртбұрыш және үшбұрыш пішіндері шығуы керек.

II кезең. 1-қадам — Білу (жеке жұмыс)

Оқушылар тақырып бойынша «Кім? Не? Қандай? Қалай? Қашан? Не істеді?» сияқты сұрақтарға жауап береді. Интербелсенді тақтадан карта көрсетіліп, төмендегі сұрақтар қойылады:

  1. Картадан нені көріп тұрмыз?
  2. Қағаз бетінде Қазақстан аумағының толық көрінісін байқап тұрмыз.
  3. Бұл қалай мүмкін болды?
  4. Қандай дәрежеде кішірейтілген?
  5. Масштаб дегеніміз не?
  6. Жердегі қашықтықты қалай өлшейді?

II кезең. 2-қадам — Түсіну (топтық жұмыс)

Жауаптарды тереңдету үшін «Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін?» деген сұрақтар қойылады.

I топ: Масштаб

«Масштаб» сөзі неміс тілінен аударғанда «өлшеуіш таяқ» деген мағына береді. Оқушылар тірек-сызбалар арқылы ұғымды өз бетінше түсіндіреді.

II топ: Масштабтың түрлері

Топ постер дайындап, төмендегі түрлерді қорғайды:

  • Сандық масштаб
  • Атаулық масштаб
  • Сызықтық масштаб

II кезең. 3-қадам — Талдау

Бағытталған сұрақтар

  • Салыстыр.
  • Айырмашылығы неде?
  • Ұқсастығы неде?
  • Тақырыптың басты идеясын жаз (Венн диаграммасы арқылы көрсетуге болады).

Венн диаграммасы идеясы

Масштабтың география мен математика пәндерінде қолданылуын салыстыру: Математика — Ұқсастығы — География.

II кезең. 4-қадам — Жинақтау (топтық жұмыс)

Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле. Тірек-сызбаны немесе сөзжұмбақты толтыр.

I топ: «Бес жолды өлең» (синквейн)

«Масштаб» тақырыбына синквейн құрастыру.

II топ: «Масштаб» сөзжұмбағы

  1. «Жол» деген мағынаны беретін араб сөзі.
  2. Жер бетінің шағын бөлігінің жазықтықта қағаз бетіне белгілі бір масштабпен кішірейтіліп, шартты белгілермен түсірілген бейнесі.
  3. 1:10000 — бұл қандай масштаб?
  4. «Сызық» сөзінің неміс тіліндегі аудармасы.
  5. Планда және картада «1 см — 10 м» деп сөзбен көрсетілген масштаб түрі.
  6. «Berg» сөзі қандай мағынаны білдіреді?
  7. Көкжиек тұстарын, бақылаушы тұрған жерді және қозғалыс бағытын сипаттайтын ұғым.

II кезең. 5-қадам — Қолдану (жұптық және жеке жұмыс)

I топ: Оқулықпен жұмыс

Оқулықтағы §15, 1-тапсырма: кестені толтыру.

1:1000, 1:25000, 1:500000, 1:1000000 масштабтарын сандық, атаулық және сызықтық түрінде көрсетіңдер.

Сандық масштаб Атаулық масштаб Сызықтық масштаб
Толтырылады Толтырылады Толтырылады

Жеке оқушыларға

Оқулықтағы 198-тапсырма: масштабы 1:600000 картада теміржол ұзындығы 18 см. Поезд осы бөлікті орташа 75 км/сағ жылдамдықпен неше сағатта жүреді?

  • A) 14,4 сағ
  • B) 13,5 сағ
  • C) 12,8 сағ
  • D) 16 сағ

II топ: Оқулықпен жұмыс

Оқулықтағы 181-тапсырма: мектептегі математика кабинетінің 1:200 масштабы бойынша планын сызыңдар.

Жеке тапсырма

1:25000 масштабын атаулық және сызықтық масштабқа айналдырыңдар.

II кезең. 6-қадам — Бағалау (топтық жұмыс)

«Сен қалай ойлайсың?», «Не істер едің?» сияқты тапсырмалар оқушының алған білімін теорияда және практикада өмірлік жағдаяттарды шешуге қолдануына бағытталады. Сұрақтарға жауап беріп, түсіндір:

  1. Жер бетіндегі қашықтықтың картаға түскенде кішірейтілу дәрежесі — масштаб.
  2. Бөлшек санмен жазылған масштаб — қандай масштаб?
  3. Сөзбен жазылған масштаб — қандай масштаб?
  4. Масштабтың маңызы бар ма? Неліктен?
  5. Масштабтың қандай түрлері бар?

Үй тапсырмасы

  • §15 тақырыбын оқу.
  • 2–3-сұрақтарға ауызша жауап беру.
  • Шығармашылық деңгейдегі тапсырмаларды орындау.