Ата сөзіне дыбыстық талдау жасау

Атырау облысы, Махамбет ауданы, Е. Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Некесова Сәния Исламқызы

Сабақ тақырыбы: Т дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты

  • 1) Тт дыбысының әріптік таңбалануын және жазылуын таныстыру, дыбыстық мінездеме беру, білімді қалыптастыру.

  • 2) Оқушыларды зеректікке, байқампаздыққа, алғырлыққа баулу.

  • 3) Ойлау қабілетін дамыту.

Көрнекіліктер

  • Т әрпінің баспа және жазба түріне арналған үлгі
  • Сюжетті суреттер
  • Кеспе буындар
  • Сигналдық белгілер

Оқыту әдістері

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Сатылай кешенді талдау
  • Ой қозғау
  • Топтау
  • Көрнекілік

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

  1. 1

    Оқушыларды түгендеу, партаға дұрыс отыруды қадағалау, сабаққа назар аударту.

  2. 2

    Өткен сабақта қандай әріппен таныстық?

  3. 3

    «Сөз ойла» ойыны

    А дыбысына байланысты сөздер айту.

    А қандай дыбыс? — дауысты, жуан.

II. Мақсат қою

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады: бүгін Т дыбысы мен әрпі таныстырылады.

III. Жаңа білімді меңгерту

Сергіту сәті

Сары ала торпақ, Бүйірі томпақ. Басады жайлап, Басын ол шайқап.

Сұрақ: Өлеңдегі қай сөз түсініксіз болуы мүмкін?

Ой шақыру: Торпақ — жас төлдің атауы (мағынасы түсіндіріледі).

«Торпақ» сөзінің бірінші дыбысын анықтайық.

Естілетін дыбыс

Т

Бүгінгі әріп

Тт

  • Әріптің баспа және жазба түрлерімен танысу.
  • Т дыбысы — дауыссыз дыбыс. Себебі дыбысты айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында кедергіге ұшырап, қысылып шығады.
  • Қатаң дауыссыз дыбыс.
  • Сөздің басында, ортасында, аяғында кездеседі.

Ойын: «Кім көп сөз ойлайды?»

Т дыбысына қатысты сөздер

тақия торсық тостаған торғай тарақ тауық

Торғай туралы тақпақ

Торғай, торғай, торғайсың, Таяу келіп қонғайсың. Жем шашайын, тойып ал, Сонда аязға тоңбайсың.

Оқулықпен жұмыс

34-бет

Буындарды оқу

та ат ата атта

Сөздерді буынға бөлу

«Ата» сөзін буынға бөлу және дыбыстық талдау жасау.

«Ата» сөзіне дыбыстық талдау

  1. 1) «Ата» — екі буынды сөз (дауыстылары жуан).
  2. 2) Бірінші буын «А» — ашық буын; екінші буын «та» — ашық буын.
  3. 3) Тасымалдауда жалғыз дауысты дыбысты жолдың келесі жағына қалдыруға болмайды, себебі тасымал буын жігіне сәйкес келмейді.

Математикалық тәсілмен талдау

Ата

Ата = 3 = [2 а] + [1 т]

3 әріп, 3 дыбыс

Атта

Атта = 4 = [2 а] + [2 т]

4 әріп, 4 дыбыс

Т дыбысына дыбыстық мінездеме

  • Үн мен салдырдың қатысына қарай: Т дыбысы қатаң, себебі тек салдырдан тұрады.
  • Айтылу тәсіліне қарай: Т дыбысы шұғыл (ауа кілт үзіліп шығады).
  • Жасалу орнына қарай: тіл мен тістің қатысуымен жасалады.

Топтық жұмыс

1-топ

Торғайдың суретін салу.

2-топ

Т дыбысына қатысты сөздер ойлау.

3-топ

Т дыбысынан басталатын тақпақтар айту.

IV. Түсінгенін тексеру

Сұрақ: Т дыбысы қандай дыбыс?

Сұрақ: Сөздің қай жерінде келеді?

V. Дәптермен жұмыс

Бас әріп (Т)

Ауада жазып үйрену.

Кіші әріп (т)

Дәптерге жазу.

VI. Бекіту және қорытынды

Қорытынды

Бүгін Тт әрпі және Т дыбысы туралы білімімізді толықтырдық.

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмалар бойынша дыбыстық талдау жұмыстарын орындау.

Рефлексия: Сатылай кешенді талдаудың тиімділігі

Сатылай кешенді талдау технологиясын жүйелі қолданғаннан кейін оқушылардың шығармашылық және танымдық қабілеті дамитынын, өздігінен ой қорыта білуге дағдыланатынын, ойын әдеби тілмен өрнектей алуына мүмкіндік артатынын байқадым.

Осы сызбаға сүйене отырып, тілдік материалды жүйелеу арқылы оқушыларды айтылым, жазылым және сөйлеу дағдысын кезең-кезеңімен дұрыс орындауға, талдауға үйрете алдым деп ойлаймын.

Өз іс-тәжірибемде білімді, білікті, белсенді тұлға тәрбиелеуде қазақ халқының төл технологиясы саналатын сатылай кешенді талдаудың орны ерекше екенін атап өткім келеді.