Қосындыны саннан азайту тәсілдерімен таныстыру

Математика 2-сынып Жаңа білімді меңгерту Жаңа сабақ

Атырау қаласы, Д. Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп-гимназиясы

Бастауыш сынып мұғалімі: Мұхамбетова Ботагөз Жексенғалиқызы

Сабақтың тақырыбы

Қосындыны саннан азайту. Есепті әртүрлі тәсілдермен шығару.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Қосындыны саннан азайту тәсілдерімен таныстыру; мәтінді есептер арқылы осы тәсілді әртүрлі жолмен қолдануды және қайталауды ұйымдастыру.

Дамытушылық

Логикалық ойлауды, есте сақтауды, ойша есептеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Өз бетімен қорытынды шығаруға және алған білімін тәжірибеде қолдануға тәрбиелеу.

Сабақтың әдістері мен көрнекілігі

Әдістер

  • Сұрақ-жауап
  • Түсіндіру
  • Шығармашылық тапсырмалар

Көрнекіліктер

  • Сызбалар
  • Дидактикалық материалдар
  • Көрнекі үлгілер (текшелер, карточкалар)

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру бөлімі

  1. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
  2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2) Тірек білімдерін жетілдіру

Тапсырма 1. Жоғарғы қатардағы қосуды орында

33 + 7
7 + 33
45 + 13
13 + 45
77 + 12
12 + 77
66 + 3
3 + 66
70 + 23
23 + 70

Талқылау: Төменгі қатардағы өрнектердің мәнін қайта есептеу қажет пе? Оқушылардың күтілетін жауабы: қосылғыштар бірдей, тек орындары ауысқан; жоғарғы қатардағы жауаптарды пайдалануға болады.

Қорытынды: Қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолдансақ, қайта есептеудің қажеті жоқ.

Тапсырма 2. Қосуды тиімді тәсілмен есепте

9 + 8 + 1
32 + 5 + 3
7 + 7 + 3
8 + 83 + 2

Сұрақ: Есептеу үшін қандай ережені қолдандық?

Жауап: Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен қосындының мәні өзгермейді.

Тапсырма 3. Өрнектерді әртүрлі оқы

45 − (2 + 3)
52 + (1 + 2)
(4 + 10) − 6
(18 − 6) − 5

3) Жаңа материалмен таныстыру

Қорапта 14 текше бар. Ойын кезінде Арман 5 текше, ал Асыл 4 текше алды. Қорапта неше текше қалды?

14 − (4 + 5) = 5
14 − 4 − 5 = 5
14 − 5 − 4 = 5

Қорытынды

  • Алдымен қосындыны есептеп, содан кейін нәтижені саннан азайтуға болады.
  • Бірінші қосылғышты, кейін екінші қосылғышты азайтуға болады (немесе керісінше).
  • Тәсілдердің ішінен ең тиімдісін таңдауға болады. Мысалы, 14 − 4 − 5 есептеуге ыңғайлы.

4) Өтілгенді пысықтау

1-тапсырма (123-бет)

15 − (5 + 2) = 15 − 7 = 8
15 − (5 + 2) = (15 − 5) − 2 = 8
15 − (5 + 2) = (15 − 2) − 5 = 8

Есептеудің әртүрлі тәсілдерін түсіндір.

2-тапсырма (123-бет)

Сыныпта: 26 оқушы

Қайтып кетті: 6 ер бала және 10 қыз бала

Қалғаны: ?

26 − (6 + 10) = 10
26 − 6 − 10 = 10
26 − 10 − 6 = 10

Жауабы: Ұзартылған күн тобына 10 оқушы қалды.

3-тапсырма (123-бет)

Болғаны: 87

Кеткені: 15 және 12

Қалғаны: ?

87 − (15 + 12) = 60
87 − 15 − 12 = 60
87 − 12 − 15 = 60

Жауабы: Қалғаны 60 адам.

5) Өтілген материал бойынша жұмыс

4-тапсырма

Өрнектерді салыстыру арқылы оқушылар мынаны анықтайды: теңсіздіктегі қай өрнектің мәнін міндетті түрде есептеу керек, ал қай жағдайда есептемей-ақ бірден дұрыс таңбаны қоюға болады.

5-тапсырма (124-бет). Өлшем бірліктерін түрлендір

70 мин = 1 сағ 10 мин
5 дм 6 см = 56 см
2 тәул. 5 сағ = 53 сағ
2 тәул. = 48 сағ
1 сағ 30 мин = 90 мин
67 см = 6 дм 7 см

Ізденіске жетелейтін тапсырма

Нұсқау: + және таңбаларын тиісті жерлерге қой.

(37 * 2) * 4 = 35
(37 * 2) * 5 + 30

6) Қорытындылау

  • Сабақты қорытындылау, оқушылардың жұмысына кері байланыс беру.
  • Оқушыларды бағалау.

Үй тапсырмасы

7-тапсырма (124-бет)