Microsoft Office Word программасын іске қосу

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы

№14 жалпы орта мектебі • Информатика пәнінің мұғалімі: Сарсенбаева Гүлмира Мұратовна

Сабақтың тақырыбы

Microsoft Office Word-қа кіріспе: Microsoft Office Word бағдарламасымен танысу.

Сабақтың типі

Жаңа сабақ

Сабақтың түрі

Интерактивті сабақ

Көрнекілігі

Буклеттер, карточкалар

Құрал-жабдықтар

  • Компьютер
  • Интерактивті тақта
  • Электронды оқулық
  • Компьютерлік слайдтар
  • Оқулық
  • Кеспе қағаздар

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың Microsoft Word-ты іске қосу, Word терезесімен танысу, мәтіндік құжат құру, сақтау, жаңа құжат ашу және құжатты пішімдеу туралы білімдерін қалыптастыру.

Тәрбиелілік

Жан-жақты болуға және өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық

Оқушылардың есте сақтау мен зейін қою қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен амандасу, сыныптың тазалығын тексеру, оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.
  2. Психологиялық дайындық: назарды шоғырландыру үшін логикалық сұрақ қою.

    Сұрақ

    Төрт пен бестің арасына қандай таңба қойса, 4-тен артық және 5-тен кем сан шығады?

    Жауап

    Бөлшек таңбасы: 4,5

II. Үй тапсырмасын тексеру

Электрондық оқулық арқылы тапсырмаларды орындау.

1-тапсырма

Басқару тақтасын іске қосу жолын көрсетіңіз.

Пуск → Настройка → Панель управления

2-тапсырма

Іске қосу мәзірі арқылы жұмыс үстелін баптауды шақырыңыз.

Пуск → Настройка → Панель управления → Экран

3-тапсырма

Жанама мәзір көмегімен жұмыс үстелін баптауды шақырыңыз.

Жұмыс үстелінде тінтуірдің оң жақ батырмасын басыңыз → жанама мәзірден Свойства таңдаңыз → ашылған терезеден Рабочий стол батырмасын басыңыз.

4-тапсырма

Жұмыс үстеліндегі қойылымды (фонды) ауыстырыңыз.

Қажетті қойылымды таңдаңыз → ПрименитьOK.

5-тапсырма

Іске қосу мәзірі көмегімен Іздеуді шақырыңыз.

Пуск → Найти → Файлы и папки

6-тапсырма

«Менің компьютерімді» вирусқа тексеріп, табылған вирустарды жойыңыз.

Менің компьютерім белгішесін таңдаңыз → тінтуірдің оң жақ батырмасын басыңыз → Проверить на вирусы → ашылған терезеден Удалить.

III. Жаңа сабақты түсіндіру

Microsoft Office Word — мәтінді енгізуге, өңдеуге, пішімдеуге және баспаға шығаруға арналған мәтіндік процессор. Сонымен қатар құжатқа суреттерді, кестелерді, диаграммаларды кірістіруге, орфографиялық және грамматикалық қателерді түзетуге мүмкіндік береді.

Word бағдарламасын іске қосу

  1. Пуск → Программы → Microsoft Office → Microsoft Office Word
  2. Пуск мәзіріндегі Microsoft Office Word белгішесін шерту.
  3. Жұмыс үстеліндегі Microsoft Office Word жарлығын шерту.

Құжатты жабу тәсілдері

  1. Файл → Выход командасы арқылы.
  2. Word терезесіндегі X батырмасын басу арқылы.
  3. Alt + F4 пернелер тіркесімі арқылы.

Құжатты сақтау

Құжатты алғаш рет сақтау үшін Файл → Сохранить как командасын орындаңыз. Ашылған терезеде файлдың атын көрсетіп, қажет болса тиісті буманы немесе дискіні таңдаңыз.

IV. Практикалық тапсырмалар (электрондық оқулықпен)

1-тапсырма

Microsoft Office Word бағдарламасын іске қосыңыз.

Пуск → Все программы → Microsoft Office Word

2-тапсырма

Ерекшеленген аймақтағы мәтінді алыңыз және оны сақтаңыз.

Файл → Сохранить → ашылған терезеден Сохранить батырмасын басыңыз.

3-тапсырма

Microsoft Office Word терезесі элементтерінің атауларын жақтауға енгізіңіз.

  • Тақырып жолағы
  • Мәзір жолағы
  • Стандартты құралдар тақтасы
  • Пішімдеу тақтасы
  • Сызғыш
  • Тапсырмалар аймағы
  • Айналдыру жолағы
  • Күй жолағы

4-тапсырма

Microsoft Office Word құжатын ашыңыз.

Файл → Открыть → ашылған терезеден Открыть батырмасын басыңыз.

5-тапсырма

Стандартты құралдар тақтасындағы тиісті батырмаларды анықтаңыз (әр амалға сәйкес):

  1. Мәтін үзіндісін көшіру
  2. Емле ережесін тексеру параметрін баптау
  3. Ағымдағы құжатты сақтау
  4. Аралық сақтағыштан мәтін үзіндісін кірістіру
  5. Жаңа құжат жасау
  6. Мәтін үзіндісін қиып алу
  7. Сақталған құжатты ашу
  8. Соңғы әрекетті болдырмау
  9. Мәтінді газет бағандарына бөлу

6-тапсырма

Пішімдеу тақтасы арқылы ерекшеленген мәтінді жартылай қарайтылған етіп жасаңыз.

Пішімдеу тақтасындағы Жартылай қарайтылған батырмасын басыңыз.

7-тапсырма

Пішімдеу тақтасы арқылы терілген мәтінді ортасына қарай туралаңыз.

Пішімдеу тақтасындағы Ортасы бойынша батырмасын басыңыз.

Ескерту

Толық нұсқасын жүктеу.