Көкшетау өлеңін мәнерлеп оқу

Мұсалимова Гүлнар Рақымқызы

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Астана қаласындағы Халықаралық үздіксіз білім беру колледжі

Сабақтың тақырыбы

І. Жансүгіров — «Көкшетау» («Құлагер» поэмасынан үзінді)

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: І. Жансүгіровтың әдебиетші, көсемсөз шебері және ақын ретіндегі қырын таныту.
  • Дамытушылық: оқушыларды өз ойын ашық айтуға, еркін сөйлеуге, мәнерлеп оқуға және ізденімпаздыққа дағдыландыру.
  • Тәрбиелік: Қазақстанның табиғаты, әсіресе сулы өңірлерімен мақтануға, оны құрметтеп, бағалауға тәрбиелеу.

Қамтамасыз ету

Көрнекіліктер

І. Жансүгіров портреті, нақыл сөздер, суреттер, сабаққа қажетті плакат-сызбалар.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Әдіс-тәсіл

СТО стратегиялары

Қолданылатын стратегиялар

  • Ой қозғау
  • Топтау
  • Венн диаграммасы
  • 5 жолды өлең
  • Пікірталас
  • Сөздікпен жұмыс

Үй тапсырмасы

Сәкен Сейфуллиннің «Дала» өлеңін жатқа айту.

Топқа бөлу

  1. I Білгірлер
  2. II Алғырлар
  3. III Жүйріктер

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындау, назарын шоғырландыру.

II. Үй тапсырмасын сұрау

  • Сәкен Сейфуллиннің «Дала» өлеңін жатқа айту.
  • Оқушыларды 3 топқа бөлу: Білгірлер, Алғырлар, Жүйріктер.

III. Жаңа сабақ

Мұғалім сөзі: «Көкшетау» өлеңін оқып, мазмұнын меңгереміз. Бұл өлеңнің авторы — І. Жансүгіров. Ақын туралы қандай мәлімет білесіңдер?

Топтық жауап

Әр топ өз түсінігін айтады, ортақ ой жинақталады.

Ой қозғау

Оқушылар ақын туралы білетінін қағазға түсіреді. Уақыт берілген соң жазғанын оқиды; жинақтауды топ басшысы ұсынады.

Жинақтау үшін тірек ұғымдар

«Күй» Күйші әке тәрбиесінде өскен «Құлагер» поэмасы 1894–1938 Туған жерге арналған өлеңдер «Жазғытұрым» «Жазғы шілде»

IV. Мәтінмен жұмыс

«Көкшетау» өлеңін мәнерлеп оқу. Әр топтан бір оқушы кезекпен оқиды.

V. Мағынаны ажырату

Сөздікпен жұмыс (қазақша — орысша):

Сөз Аудармасы
Жомарт щедрый
Мұра наследие
Маржан коралл
Секілді подобный
Меруерт жемчуг
Ағын су проточная вода
Қия-құз скала
Малта тас галька
Жер жаннаты райский уголок

VI. Пікірталас

Үш топ бір-біріне сұрақ қою арқылы өлең мазмұнын және одан шығатын қорытындыны меңгереді:

  1. 1 Өлеңде не туралы жазылған?
  2. 2 Ақын суреттеп отырған таудың аты қандай?
  3. 3 Ақын тауды кімге теңейді?
  4. 4 Көкшетау туралы не білесіңдер?
  5. 5 Таудың биіктігі туралы өлеңнің қай жолдарынан аңғарылады?

VII. Өлеңнен көркемдегіш құралдарды табу

Теңеу мен эпитеттерді анықтау:

Көк орман Көркем тоғай Сұлудың көзіндей көл Малта тас Меруерт тас Жақпар сарай Бура тастар Сұлу кең дала Жомарт тау Момақан тау Шипа тау

VIII. Өлкемен байланыстыру

Оқушылар өздері білетін таулар туралы әңгімелейді, табиғатын салыстырады:

  • Көкшетау табиғаты
  • Баянауыл табиғаты

IX. Венн диаграммасы

Көкшетау мен Баянауылдың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын Венн диаграммасы арқылы талдау.

X. «5 жолды өлең» әдісі

Топтар тақырып бойынша 5 жолды өлең құрастырады:

1-топ

Көкшетау

2-топ

Баянауыл

3-топ

Тарбағатай

Қорытынды

Рефлексия сұрақтары

  1. 1 Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?
  2. 2 Нелер естеріңде ерекше қалды?
  3. 3 Көкшетаудың табиғаты қандай екен?
  4. 4 Табиғатымызды қорғау үшін біз не істеуіміз керек?
  5. 5 Табиғат, туған жер туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Үйге тапсырма

«Көкшетау» өлеңінен үзінді жаттау.

Бағалау

Бағалау парақшасы бойынша топ басшысы әр оқушының бағасын жариялайды.