Аттестат алу кешіне қош келдіңіздер
Мектеп бітірушілер кеші
Жүргізушінің сәлемдесуі
Армысыздар, құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата-аналар және мектеп бітіруші түлектер! Бүгінгі «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» атты аттестат алу кешіне қош келдіңіздер!
(Музыка ойналады.)
Түлектерге арналған арнау
Бүгін қандай шаттық толы көшеде,
Көңіл шіркін тасып-толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты-ау,
Бой жетіпті бантикті қыз кешегі.
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын, ата-ана, тойларыңыз құтты болсын!
Мектеп — еліміздің қаны мен жаны. Мектептен басталады бәрі-бәрі.
Рәсімдік бөлім
Бүгінгі салтанатты кешімізде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалсын.
(ҚР Мемлекеттік Гимні ойналады.)
Қонақтармен таныстыру және құттықтау сөз
Бүгінгі «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» атты мерекелік кешке келіп отырған қонақтармен таныстырып өтейік.
Мектебімнің ыстығына күйгені,
Табыстарға мәз-мейрам боп жүргені.
Сіздер үшін күйінгені, күлгені,
Сөздер айтар жастарымды бастайтындай ілгері.
Осы сөздерді арқау ете отырып, алғашқы құттықтау сөз кезегін мектебіміздің басшысына береміз.
Көркем бағдарлама
Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты.
Мың бұралып бишілер би билейді,
Халайық, қол соғыңыз мархабатты!
Алдарыңызда — «Тойбастар» биі. Қабыл алыңыздар!
Құрметті қонаққа сөз беру
Ардақты асыл мекен — мектебіме аяулы асыл жандар көп келеді. Құрметпен қонақтарға сөз берейік: жақсы сөз жанға ыстық нәр береді.
Құттықтау сөз кезегі құрметті қонағымызға — ________________________ (аудандық әкімшілік өкіліне) беріледі.