Оқушыларды орманды дала зонасының негізгі ерекшеліктерін айтып түсінік беру
Сабақтың тақырыбы
Орманды дала зонасы
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға орманды дала зонасының негізгі ерекшеліктерін түсіндіру. Қазақстанның орманды дала аймағы бойынша жер бедері мен климаттың табиғат зоналарының қалыптасуына қалай әсер ететінін нақты мысалдар арқылы таныстыру.
Міндеттері
Дамытушылық
- Оқушылардың ынтасын арттыру үшін қосымша материалдарды тиімді пайдалануға дағдыландыру.
- Сын тұрғысынан ойлауға жетелеу және зерттеушілік көзқарасын қалыптастыру.
- Картамен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
- Экологиялық тәрбие беру және табиғатты қорғауға баулу.
- Тіл байлығын жетілдіруге және сауатты сөйлеуге бағыттау.
Сабақтың әдістері
Сұрақ–жауап
Баяндау
Ой қозғау
Зерттеу
Топпен жұмыс