Япырмай, осындай - ау адам - дағы, Бірі күшті, біреуі жаман - дағыКүштісі әлімжеттік қылғаннан соңДүние де жамандықтан аман - дағыКүшсіздер, сорлыларға атар таң жоқКөрінген бақ - дәулеттен ұшқан шаң жоқ
Мағжан Жұмабаев
Бір күні, ерте оянып, жаттым ойлап
Көп шыбын өрмелеген уық бойлап
Ұшқан боп жақындасып бір-біріне
Тайдырып, орнын қозғап, түртіп ойнап
Қарадым, қалың тұман ойға түстім
Уыққа қарауымды дереу кестім
Шыбындай бір-бірімен талас қылған
Адамзат баласына енді көштім.
Япырмай, осындай-ау адам-дағы,
Бірі күшті, біреуі жаман-дағы
Күштісі әлімжеттік қылғаннан соң
Дүние де жамандықтан аман-дағы
Күшсіздер, сорлыларға атар таң жоқ
Көрінген бақ-дәулеттен ұшқан шаң жоқ.
Жиғаны, бар тапқаны – басқанікі
Керек десе, тәнінде жалғыз жан жоқ! -
Деп ойлап қалың ойда жатыр едім
Көп ойлап, ой дәмінен татып едім
Естілді үй сыртынан апам даусы:
Ноқта апар нағып тұрмай жатыр едің?
Төсектен мең-зең болып әрең тұрдым
Ноқта алып, желі басына қарай жүрдім
Күшсіздер, сорлыларға атар таң жоқ!
Деп ойлап баяғы ойға қайта кірдім.
Қыздырып Күн, ойлауға ерік бермеді
Мал шулап, ойларымды еп көрмеді
Күшсіздер де тырыссын, қатар болсын! -
Тас та енді жоқ ойды деп қол сермеді.
Мағжан ақынның дүниетаным әлемі
Мағжан Жұмабаев поэзиясының көркемдігі
Мағжан Жұмабаевтің шығармаларындағы тақырыптық идеялық негізі
Адамзат баласына енді көштім
Мағжан Жұмабаев (1893-1938) және шығармаларындағы тақырыптық идеялық негізі
Мағжан Жұмабаев – лирик ақын
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ПОЭЗИЯСЫ
Отаншылдық дәстүрдің қалыптасуы мен дамуы
Шөже жеті жасынан көзден айрылған ақын
ХІХ ғасыр қазақтың аса көрнекті компазиторы Біржан сал Қожағұлұлы (1834 - 1897)
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
Тасымалдау шаруашылығын ұйымдастыру
Аурудың тұрақтылығы және даму себебі
ТҮМЕН ҰЛЫ МҮДЕ ҚАҒАН
Дербес компьютерлердің шығу тарихы
ҚР қоғамдық жаңа даму кезеңінде жоғары білім беру
ҚАРАШАҰЛЫ БӘЙДІБЕК