Егеменді еліміздің дені сау баласы болыңдар

Білім беру саласы

Сала

Коммуникация

Оқу іс-әрекеті

Сөйлеуді дамыту

Мақсаты

Ертегінің мазмұнын түсіндіру; берілген тапсырмаларды көз алдына елестете отырып орындау арқылы есте сақтау қабілетін дамыту; сөздік қорды молайтып, байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Көрнекілік

  • Түрлі түсті суреттер
  • Сурет салуға арналған құралдар

Ұйымдастырушылық-оятушылық

Шаттық шеңбері

Балалар дөңгелене тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

«Жүрегімдегі жылуымды саған ыстық алақаным арқылы жіберемін.»

«Дос болайық!»

«Егеменді еліміздің дені сау баласы болыңдар.»

«Бүгінгі күн сендерге сәтті күн болсын.»

Ұйымдастырушылық-ізденушілік

«Ойлан, тап» дидактикалық ойыны

Шарты: тәрбиеші балаларға таныс шығармалардан үзінді оқиды, ал балалар оның қай шығарма екенін табады.

Үзінді: «Тышқан наубайханаға келді. Мұнда көп адам нан пісіріп жатыр екен.»

Жауабы: «Нан қайдан келеді?» ертегісі

Үзінді: «Тапқан екенсің дәмді тамақты. Күтірлетіп жейтін сәбізден артық ештеңе жоқ», — деді Қоян.

Жауабы: «Не дәмді?» ертегісі

Ертегімен жұмыс: «Жыл басына таласқан жануарлар»

Тәрбиеші ертегіні мәнерлеп оқиды, мазмұны бойынша сұрақтар қояды.

  • Ертегі қалай аталады?

  • Ертегінің басы қалай басталады?

  • Ертегі қалай аяқталады?

  • Жыл басы қай жануар болды?

  • Түйе неге жыл басы бола алмады?

Сергіту сәті

Саусақтарым, бір-бірімен амандасайық.
Саусақтардан гүл ашайық.
Саусақтарды ашып-жұмып,
А-ә, г-ғ, ү-ұ, н-ң, к-қ, о-ө дыбыстарын дұрыс айтайық.

«Кім зерек?» логикалық ойыны

Шарты: әр жануардың қорегін тауып, қоршап, бояйды; қалған суреттерді қақпақтармен жауып қояды.

«Қайсысы қалай дыбыстайды?» ойыны

Жануарлардың шығаратын дыбыстарын ажыратып, дұрыс атау арқылы тіл дамыту жұмысы жүргізіледі.

Рефлексиялық-түзетушілік

Е. Өтетілеуұлының «Жыл аттары» өлеңі

Жыл аттарын болсақ талдап,
Енді пікір алысайық.
Әрқайсысын жорамалдап,
Жеке-жеке танысайық.

Өлең оқылып, балаларға жаттатылып, жыл аттары ретімен талқыланады.

Жыл аттарын ретімен орналастыру

Тышқан Сиыр Барыс Қоян Ұлу Жылан Жылқы Қой Мешін Тауық Ит Доңыз

Күтілетін нәтиже

Білуі тиіс

«Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісінің мазмұны.

Түсінігі

Тышқан, Сиыр, Барыс, Қоян, Ұлу, Жылан, Жылқы, Қой, Мешін, Тауық, Ит, Доңыз.

Көрсете білуі

Жыл аттарын ретімен жеке-жеке орналастыра алды.

Ақпарат

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №1 жалпы орта білім беретін мектеп.

Мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі: Кульчикова Марал Насиповна.