Мамандық түрлерімен таныстыру

2-ші кіші топ Технологиялық карта Әлеуметтік орта • Қоршаған орта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Кім болам? Мамандық»

Тақырыбы

Кім болам? Мамандық

Мақсаты

  • Білімдік: ойлау қабілетін дамыта отырып, болашақ мамандық туралы түсінігін тереңдету; мамандық түрлерімен таныстыру.
  • Дамытушылық: сурет бойынша әңгіме құрастыру, жұмбақ шешу арқылы ойлау және сөйлеу қабілетін дамыту.
  • Тәрбиелік: қызығушылығын арттыру; үлкендердің еңбегін бағалап, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы

Мамандық Тігінші Жүргізуші Дәрігер Шаштараз

Қостілдік компонент

Тігінші
портниха
Дәрігер
врач
Шаштараз
парикмахер
Профессия
мамандық

Керекті құралдар

  • Мамандық иелері туралы суреттер
  • Жұмыс құралдарының үлгілері
  • Шарлар
  • Гүлдер

Мотивациялық-оятушылық

Тәрбиешінің әрекеті

Балалар, сендер балабақшаға қай уақытта келесіңдер?

Дұрыс айтасыңдар: таңертең келесіңдер. Міне, тағы да таң атып, күн шықты. Ендеше амандасып алайық.

Шаттық шеңбер (№25)

Балалардың әрекеті

Балалар жауап береді: Таңертең келеміз.

Қайырлы таң, көздерім!

Қайырлы таң, құлақтарым!

Қайырлы таң, қолдарым!

Қайырлы таң, аяқтарым!

Сендер ояндыңдар ма? — Иә, біз ояндық!

Көздерім көріп тұр.

Құлақтарым естіп тұр.

Қолдарым қол соқты.

Аяқтарым топылдатты.

Біз ояндық!

Тәрбиеші: «Жарайсыңдар, балалар!»

Ұйымдастырушылық-ізденушілік

1) Суретпен жұмыс

Бүгінгі оқу іс-әрекетінде «Мен өскенде кім болам?» тақырыбын талқылаймыз және мамандық түрлерімен танысамыз: дәрігер, мұғалім, шаштараз, аспаз, тігінші.

Сұрақтар

  • Дәрігер не істейді?
  • Аспаз не істейді?
  • Тігінші не істейді?
  • Шаштараз не істейді?

Жауаптар

  • Дәрігер адамдарды емдейді.
  • Аспаз тамақ пісіреді.
  • Тігінші киім тігеді.
  • Шаштараз шаш қияды.

Қорытынды: барлық мамандықтар қажет. Әр мамандық қоғамға өз үлесін қосады.

2) Сұрақ-жауап

  • Арман, сенің әкең қайда жұмыс істейді?

    Жауабы: жүргізуші (суреттен жүргізушіні көрсетеді).

  • Шынар, анаң қайда жұмыс істейді?

    Жауабы: тігінші.

    Тігінші не тігеді? — Көйлек.

Әртүрлі мамандықты танып-білу үшін алдымен әдепті, тәрбиелі, білімді азамат болып өсуіміз керек. Ол үшін еңбек қажет.

3) Еңбек туралы мақал-мәтелдер

«Еңбек етсең ерінбей,
тояды қарның тіленбей.»

«Еңбек етпеген
ішіп-жемейді.»

Түсіндіру: еңбекқор болған адам өз еңбегінің жемісін көреді.

4) Сурет бойынша әңгіме құрастыру

Балалар суретке қарап «Кім болам?» тақырыбы бойынша қысқа әңгіме құрастырады: мамандықтың атауын айтады, не істейтінін сипаттайды, қандай құрал қолданатынын атайды.

5) Сергіту сәті

Қимыл-қозғалыс арқылы көңіл-күй көтеріп, назарды қайта шоғырландырамыз (қол соғу, аяқ топылдату, тыныс алу жаттығулары).

6) «Кім жоқ?» ойыны

  1. 1Балаларға мамандықтар суреттері көрсетіледі.
  2. 2Балалар көздерін жұмады, тәрбиеші бір суретті жасырады.
  3. 3Балалар қай мамандықтың жоқ екенін табады.

Кейін әр бала өз әке-шешесінің қайда жұмыс істейтінін айтып береді. Соңында: «Барлық мамандық қажет пе?» деген сұрақ талқыланады.

Рефлексиялық-түзетушілік

Оқу іс-әрекетіне белсенді қатысқан балалар мадақталады.

Сабақ «Болайықшы осындай» әнімен аяқталады.

Күтілетін нәтиже

Нені білуі керек

Мамандық түрлерін білуі және әр мамандыққа қажетті құралдарды атай алуы.

Нені игереді

Суретке қарап әңгіме құрастыру дағдысын меңгереді.

Нені біледі

Үлкендердің және мамандық иелерінің еңбегін бағалай алады.