Бөлме гүлдерімен және оны күтудің ережелерін білуі

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: экология және сурет салу

Білім беру салалары

Таным, шығармашылық

Сабақтың типі

Кіріктірілген

Тақырып

Бөлме өсімдіктері

Мақсаты

Балалардың табиғат бұрышындағы бөлме өсімдіктері туралы білімін толықтыру.

Қазтамақ пен фикусты таныстырып, оларды бір-бірінен ажыратуға, күту ерекшеліктерін түсінуге үйрету.

Картоппен бастырмалау тәсілі арқылы сурет салуға жаттықтыру, қиялын дамыту.

Өсімдіктерді күту әрекеттерін іс жүзінде көрсетіп, еңбекқорлыққа баулу және гүл сұлулығын бағалауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері

  • Түсіндіру
  • Ой қозғау
  • Сұрақ-жауап
  • Топтау
  • Ойын-жаттығулар
  • ТРИЗ элементтері

Көрнекіліктер мен құралдар

  • Бөлме өсімдіктері суреттері (слайд)
  • Дидактикалық материалдар
  • Су құйғыш, сүрткіш, ыдыс, топырақ, тастар, алжапқыш
  • Субояқтар
  • Дөңгелектеп кесілген картоп

Сөздік жұмыс

Қазтамақ

Билингвальды компонент

Өсімдіктер
— растения
Гүл
— цветок
Жапырақтар
— листья
Сабақ
— стебель

Мотивациялық кезең: «Шаттық шеңбері»

Біз кішкентай баламыз,
Өсіп-өніп толамыз.
Күнге қарай талпынып,
Көкке қолды созамыз.
Әлемдегі барлық адамдарға
Тек жақсылық сыйлаймыз.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік бөлім

Жұмбақ

Адамдардың бәрі қызығады,
Су құймасаң сәні бұзылады.
Ол не?

Жауабы: гүл.

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Көктемнің ерекшеліктерін атап көрейік.

Өсімдіктер дала және бөлме өсімдіктері болып бөлінеді. Гүлдер тірі табиғатқа жатады: олар тамыры арқылы қоректенеді, өседі, өнеді, көбейеді.

Дала өсімдіктері топырақты жарып шығады, жаңбырмен суарылады, күн көзінен нәр алады. Айналаны көркейтеді, хош иісімен көңіл күйді көтеріп, қуаныш сыйлайды.

Бөлме өсімдіктері туралы

Бөлме гүлдеріне фикус, қазтамақ, қоянқұлақ, алоэ сияқты өсімдіктер жатады. Олар бөлмені сәндеп қана қоймай, ауаны тазартады және жақсы көңіл күй сыйлайды.

Барлық өсімдіктер жарықты, суды, жылуды жақсы көреді. Сондықтан гүлдерді жарық түсетін жерге қоямыз.

Бөлме гүлдерінде де: тамыр, сабақ, жапырақ, гүл болады.

Практикалық әрекет: қазтамақты отырғызу

Енді балалар, бөлмеде тамырланған қазтамақ өсіндісін ыдысқа отырғызайық. Бүгін табиғат бұрышында жұмыс жасаймыз.

  1. 1-қадам: Ыдысты дайындаймыз. Ыдыстың түбі тесікті болады.
  2. 2-қадам: Түбіне алдымен тастар саламыз (артық су ағып шығуы үшін).
  3. 3-қадам: Ыдысқа құнарлы, арнайы гүл топырағын саламыз.
  4. 4-қадам: Топырақтың ортасынан кішкентай құдықша жасап, өсіндіні отырғызамыз.
  5. 5-қадам: Гүлді табиғат бұрышына қоямыз.

Күтім ережелері

  • Уақытылы су құю
  • Жапырақтарының шаңын сүрту
  • Топырағын қопсытып тұру
  • Жылына бір рет топырағы мен ыдысын ауыстыру

Гүл туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

Ойындар мен сергіту

Ойын: «Гүлдің құрылысын ретімен орналастыр»

Шарты: гүл бөліктерін ретімен орналастыру: тамыр, сабақ, жапырақ, гүл.

Сергіту сәті

Биік болып өсеміз,
Жапырақтай жайқалып,
Табиғатты сүйеміз.
Шетімізден шеберміз,
Денемізді тік ұстап,
Билеп-билеп аламыз.

Ойын: «Гүл әдемі болып өсу үшін не қажет?»

Шарты: гүлдің жайқалып өсуіне қажет заттарды топтау (су, жарық, жылу, топырақ).

Дәптермен жұмыс: картоппен бастырмалау

Енді, балалар, дөңгелектеп кесілген картоп кесінділерін пайдаланып, бастырмалау тәсілімен дәптерімізге гүлдің бейнесін саламыз.

Жұмыс барысында бояуларды ұқыпты қолданамыз, гүлдің пішінін, жапырақтарының орналасуын байқап саламыз.

Суретпен жұмыс: әңгімелеу

Балалардың гүлдерді күтіп-баптаудағы іс-әрекеттері мен еңбегі туралы әңгімелейміз: су құю, жапырағын сүрту, топырағын қопсыту.

Рефлексия және қорытынды (сұрақ-жауап)

  • Біз қандай бөлме өсімдіктерімен таныстық?
  • Нені бейнеледік, қандай тәсілмен салдық?
  • Гүлдер қалай қоректенеді?
  • Тамыр не үшін қажет?
  • Бөлме өсімдіктерінің пайдасы қандай?
  • Бүгін отырғызған гүліміздің атауы қандай?

Қорытынды

Осы көктемнің гүліндей жайқалып өсе беріңдер. Оқу іс-әрекетін көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын қыздарымыздың «Көбелек» биімен аяқтаймыз. Балаларды мадақтаймыз.

Күтілетін нәтиже

Білуі керек

Бөлме гүлдерін және оларды күтудің негізгі ережелерін.

Түсінеді

Өсімдіктің өсуі үшін топырақ, су, жарық, жылу қажет екенін.

Қолданады

Бөлме өсімдіктерін күту дағдыларын іс жүзінде орындауды, сұрақтарға толық жауап беруді және өз ойын жеткізуді.