Не дәмді

Оқу мақсаттары

Бұл сабақта оқушылар тыңдалым, айтылым, жазылым тапсырмалары арқылы ертегі мазмұнын түсінеді, сурет бойынша сөйлем құрайды және мәтін жанрын ажыратуға дағдыланады.

Тыңдалым және түсіну

  • Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім туралы және не туралы екенін түсіну.
  • Мәтін мазмұны немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар қою (кім? не? қандай? қанша/неше?).

Айтылым, жанр және тілдік дағды

  • Сурет бойынша 2–3 сөйлеммен өз ойын білдіру.
  • Мәтін жанрын ажырату (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ және т.б.).
  • Әріп пен дыбысты ажырату, төл дыбыстарды дұрыс айту.

Жазылым

  • Суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу.
  • «і, І» дыбысы кездесетін сөздерді тану, дұрыс дыбыстау және жазу.

Сабақ мақсаттары (деңгей бойынша)

Барлық оқушылар орындай алады

  • Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді.
  • Оқылған/тыңдалған материалдың не туралы екенін түсінеді.
  • Ертегі кейіпкерлерін атай алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады

  • Ертегі кейіпкерлерінің рөлін ойнай алады.
  • «і, І» дыбысын таниды, дұрыс дыбыстайды және жазады.
  • «і» дыбысы кездесетін сөздерді атай алады.

Кейбір оқушылар орындай алады

  • Тірек сұрақтардың көмегімен сурет/сызба бойынша заттың атын, санын қолданып 2–3 сөйлем құрайды.
  • Ертегі мазмұнын өз сөздерімен әңгімелей алады.
  • «і» дыбысы бар сөздер қатарын толықтыра алады.

Талқылауға арналған сұрақтар

Сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

Қандай дәмді, тәтті тағамдар болады?

Мысық қайда тұрады?

Ертегі мен өлеңнің айырмашылығы неде?

Жануарлардың дыбыстауы

  • мысық — мяу
  • ешкі — мме
  • ит — ырррр

Сабақ барысы

Басы (шамамен 20 минут)

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу және сыныптың назарын шоғырландыруға арналған қысқа сергіту: жоғарыға қарау, оңға/солға қарау, көзді жұмып-ашу, бір-біріне күлімсіреу.
  • Психологиялық дайындық: оқушылар стикер арқылы сабаққа келген көңіл күйін белгілейді.
  • Белсенділікке ынталандыру: әр тапсырма үшін смайлик арқылы кері байланыс беру.

II. Еске түсіру (Шапалақ әдісі)

«Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі кейіпкерлер мен сөздерді еске түсіру: сиыр, ағаш, қыздар, дүкенші, жапырақ, тышқан, дән, сүйек, сәбіз, дәмді.

Осы сөздер арқылы «І, і» дыбысының айтылуы мен жазылуына назар аудару.

III. Жаңа тақырыпты ашу

Флипчарт арқылы «Не дәмді?» тақырыбын ашу: балалар «дәмді» деп ойлаған заттарды себетке жинайды.

Алмамен жұмыс (иісін сезу, дәмін сипаттау)

  • Алма қандай?
  • Дәмді ме, әлде ащы ма?
  • Жаңа сабақтың тақырыбы қандай?

Топқа бөлу: алманың түсіне қарай (қызыл, жасыл, сары). Одан кейін «Ойлан – Жұптас – Бөліс» әдісімен сурет бойынша сәйкестендіру тапсырмасы орындалады.

Ортасы (шамамен 25 минут)

IV. Ертегілер еліне саяхат (интербелсенді тақта)

«Не дәмді?» ертегісін тыңдап, суреттер арқылы мазмұнын түсіну.

«Не дәмді?» (ертегі)

Бір күні тауық, қоян, ит, ешкі және мысық «қай тағам ең дәмді?» деп таласып қалыпты.

  • Тауық: «Қыт-қыт-қыт! Ең дәмді — дән.»
  • Ит: «Ыррррр! Ең дәмді — сүйек.»
  • Мысық: «Мяууу! Ең дәмді — сүт.»
  • Ешкі: «Мм-е-е! Ең дәмді — орамжапырақ.»
  • Қоян: «Ең дәмді — сәбіз.»

Сөйтіп, әрқайсысы өзіне ұнайтын тағамын айтыпты.

V. «Миға шабуыл»

  • Ертегідегі кейіпкерлер сендерге таныс па?
  • Әр жануар үшін қандай тағам ең дәмді?

VI. Драма әдісі (сахналау)

Оқушылар ортаға шығып, ертегі кейіпкерлерінің рөлін сомдайды. Әр оқушыға жануардың және тағамның суреті беріледі (басына тағуға/тақтауға болады). Оқушылар кейіпкердің дыбыстауын салып, өз тағамын тауып, атауын айтады.

Көрнекіліктер

тауық, қоян, ит, ешкі, мысық, дән, сүт, орамжапырақ, сүйек, сәбіз

Сөздік жұмысы

дән, сүйек, орамжапырақ, сүт, сәбіз

VII. Жазылым

1-тапсырма: Жасырынған әріпті тап

Берілген сөздер қандай сұрақтарға жауап береді?

ТҮЛК...
П... Л
К... РП...
Б... Р

2-тапсырма: Суреттің атауын жаз

Берілген сөздер қандай сұрақтарға жауап береді?

Рефлексия: «Сиқырлы сандық» әдісі

Жаңа тақырыпты қайталау: оқушылар сандық ішінен шыққан сурет/сөз бойынша сұраққа жауап береді, 2–3 сөйлем құрайды немесе «і» дыбысы бар сөздерді атайды.

Мәлімет

Мектеп

Башмашын жалпы білім беру орта мектебі ММ

Мұғалім

Айгерім Қанатқызы Жаирбаева