Тапқыр тобы
Сыныптан тыс сабақ: «Тапқыр достар» (сыныптар арасында)
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №6 орта мектептің математика пәні мұғалімі — Бальмагамбетова Аймикен.
Бұл сыныптан тыс сайыс оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге, тапқырлық пен ізденімпаздық қасиеттерін дамытуға бағытталған. Сонымен қатар дәлдік пен ұқыптылыққа тәрбиелеп, пәнге деген қызығушылықты арттыру көзделеді.
Ойын барысы
Топтар
- Алғыр тобы
- Тапқыр тобы
Кезеңдер
- «Бәйге»
- «Бұл не? Бұл кім?»
- Логикалық есептер
- Суреттер сайысы
- «Ойлан, тап!»
Бағалау
«Бәйге» кезеңінде әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Жауап жылдам әрі нақты болуы керек.
I бөлім: «Бәйге»
«Алғыр» тобы — сұрақтар
- Бұрышты тең екі бөлікке бөлетін сәуле — биссектриса.
- Синустың косинусқа қатысы — тангенс.
- Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзу — жанама.
- Жазықтықтағы параллель түзулер ешқашан қиылыспайды.
- Негізгі тригонометриялық тепе-теңдік — sin²x + cos²x = 1.
- 9-дың квадратынан 9-ды азайт: 81 − 9 = 72.
- Квадрат теңдеудің жалпы түрі — ax² + bx + c = 0.
- Вектор дегеніміз — бағытталған кесінді.
- Тригонометриялық функциялардың қайсысы жұп? cos(x).
- Кез келген үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы — 180°.
- Түзуге қатысты симметрия — осьтік симметрия.
- Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесі: an = a1 + d(n − 1).
- Қандай векторлар тең болады? бағыттас және ұзындықтары тең.
- Тәуліктің төрттен бір бөлігі — 6 сағат.
- 225 — қай санның квадраты? 15.
«Тапқыр» тобы — сұрақтар
- Дәптерге із қалдыратын зат — қалам.
- Косинустың синусқа қатысы — котангенс.
- Үш кесіндіден құралған фигура — үшбұрыш.
- Екі қатынастың теңдігі — пропорция.
- Үш өлшем: ұзындығы, ені, биіктігі.
- 3/4 санына кері сан — 4/3.
- 121 — қай санның квадраты? 11.
- Қарама-қарсы векторлар — ұзындықтары тең, бағыттары қарама-қарсы.
- Виет теоремасы қай теңдеуде қолданылады? келтірілген квадрат теңдеуде.
- Кез келген төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы — 360°.
- Нүктеге қатысты симметрия — центрлік симметрия.
- Геометриялық прогрессияның n-ші мүшесі: bn = b1·qn−1.
- Ең кіші натурал сан — 1.
- 7 — жай сан ба, құрама сан ба? жай сан.
- 6-ның квадратынан 6-ны азайт: 6² − 6 = 36 − 6 = 30.
II бөлім: «Бұл не? Бұл кім?»
Төмендегі сипаттамаларды оқып, нені (немесе кімді) меңзеп тұрғанын табыңыз.
Жұмбақ 1
Бұл — бастапқыда түсініксіз болуы мүмкін, бірақ ізденсең, жауабын табуға болады. Кейбір есептер тек сандардың көмегімен шығарылады. Жапырағы мен сабағы бар-жоғын білмеймін, бірақ түбірі бар. Кейде түбірі болмай да қалады. 2-сыныпта — жай, 5-сыныпта — күрделі, 10-сыныпта — тригонометриялық деп аталады.
Жауабы: Теңдеу
Жұмбақ 2
Бұл зат барлық оқушыға бірдей қажет бола бермейді. Кіші сынып оқушылары қызығып, аналарына айтып алғызады. Ал жоғары сынып оқушыларына өте қажет: уақыт үнемдеу үшін, кейде білмейтін нәрсені жылдам табу үшін қолданады.
Жауабы: Калькулятор
Жұмбақ 3
Бұл зат әр үйде кездеседі: біреулер қабырғаға іледі, біреулер үстел үстіне шыны астына қояды. Тіпті кітап-дәптеріңнің арасында да жатуы мүмкін. Ондағы мәлімет бір жолға, бір бағанға тізбек түрінде жазылады. Ол әсіресе жылдың басында немесе соңында қажет.
Жауабы: Күнтізбе
Жұмбақ 4
Бұл — басы да, ұшы да жоқ әдемі әрі қызық фигура. Ол барлық жерде қолданылады: тұрмыста, техникада, жолда. Қанша жүрсең де, бәрібір шыққан жеріңе қайта ораласың. Катерлер мен үлкен кемелерде де кездеседі, онда оны «құтқарушы» деп атайды.
Жауабы: Дөңгелек
III бөлім: Логикалық есептер (10 ұпай)
Есеп 1
Екі бөлмеде барлығы 76 адам болды. Бір бөлмеден 30 адам, екінші бөлмеден 40 адам шыққаннан кейін, бөлмелердегі адамдар саны тең болды. Бастапқыда әр бөлмеде неше адам болған?
Жауабы: 33 және 43.
Есеп 2
Тырналар топпен ұшқанда үшбұрыш жасап ұшады: бірінші қатарда 1 тырна, екінші қатарда 2, үшінші қатарда 3 және т.с.с. Егер соңғы қатарда 15 тырна болса, топта барлығы неше тырна бар?
Жауабы: 120.
Есеп 3
Жанұяда 4 ұл бар, және әр ұлдың бір анасы бар. Жанұяда неше бала бар?
Жауабы: 5.
Есеп 4
2 оқушы «Тығыз құмалақ» ойынын 4 сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағат ойнады?
Жауабы: 4.
Есеп 5
5 жұмыртқа 4 минутта піссе, 10 жұмыртқа неше минутта піседі?
Жауабы: 4.
Есеп 6
Қосарланып жегілген ат-арбамен Сымбат 8 шақырым жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жүрді?
Жауабы: 8.
Есеп 7
Клиенттің көгілдір түсті 3 тоты құсы 3 кг жемді 3 күнде жейді. Жасыл түсті 5 тоты құсы 5 кг жемді 5 күнде, ал сарғыш түсті 7 тоты құсы 7 кг жемді 7 күнде жеп тауысады. Тотылардың ең қомағайы қайсысы?
Жауабы: көгілдір түстісі.
Есеп 8
Жасы 100-ге келген қария өмір бойы туған күнін небәрі 25 рет ғана атап өтіпті. Неліктен?
Жауабы: 29 ақпанда туған.
Есеп 9
Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрышы қалады?
Жауабы: 5.
Есеп 10
Тәрелкеде 4 алма қалатындай етіп, 4 алманы төрт адамға бөліңіз.
Жауабы: төртіншісіне алмасы бар тәрелкені беру керек.